Ел болашағы - Жастар


Тарих шабысында «Кеше», «Бүгін», және «Ертең" деп аталатын үш ұлы ұғым бар. Бұл үш ұғым бір-бірінен ажырағыссыз, кей мезеттерде бөлек -бөлек, тағы бір мезетте біртұтас ғұмыр кешіп, тағылым мен танымның, парасат пен пайымның тұнығынан адамзат баласының шөлін қандырып отырады. Еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күннің биігіне көз салған жылдардан осы ұлы қағидат, осы үш ұғым бірден көзге шалынады. Өткенге көз жүгіртетін болсақ, осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақстанды көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы-төкпелі экономика, саяси белсіздік, сансыратқан тапшылық, жұмыссыздық, тағы басқалары есімізге түседі. Ал,бүгінгі Қазақстан- қалыптасқан мемлекет, үлкен геосаяси маңызы бар ел. Бірақ, ең бастысы-ол орасан зор әлеуеті, өркендейтін болашағы бар ел. Қазақстанның 10-20 жылдан кейін қандай болатыны сол елде білім алып жатқан студенттерге, жастарға тікелей байланысты болғандықтан мемлекет басшысы Елбасы Н.Ә.Назарбаев жастардың болашағына ерекше басым көңіл бөліп, жыл сайынғы дәстүрлі жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені бәрімізге мәлім. Қазіргі таңда жастар секторы-мемлекет саясатының негізгі бағытының бірі. Себебі, қай елде болмасын қоғамның жарқын болашағын қалыптастыратын капитал, бүгінгі стратегиялық мақсаттарды ертеңгі жүзеге асырушы, мемлекеттің тұрақты дамуының негізі мен қозғаушы күші, бұл-дәстүрмен қатар заманның озық құндылықтарын меңгерген, бәсекеге қабілетті жастар буыны. Бірақ, жастар-қоғамның басым бөлігін құраушы топ қана емес, сонымен қатар қоғамның бір бөлігі ретінде менмлекетте маңызды рөл атқаратын, халқымыздың төрттен бір бөлігін құрайтын, қоғамның саяси өміріне айтарлық ықпал ете алатын әлеуметтік-демографиялық топ.
Сондай-ақ, биылғы жыл Қазақстандықтар үшін ерекше жыл болды. Себебі, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өткен жылғы 5-қазандағы жолдауында 2019 жыл-«Жастар Жылы» деп жариялаған болатын. Өз жолдауында Елбасы: «Жер шарының бір мүшесі ретінде Қазақстан әлемдік жахандану процесінен тұмшаланып тыс қалмауы үшін еліміздің жастары әлемдік аренада бәсекеге қабілетті болуы тиіс»-деп жастарға үлкен міндеттер жүктеген болатын. Менің ойымша, елін сүйем дейтін әрнбір жастың Отаның шексіз сүюінің астары бос қуыс болмауы керек. Әрбір жас азаматты еліміздің саяси хал-ақуалы мен елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен заңға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар, еліміздің ішкі-сыртқы жағдайлары алаңдатуы тиіс, сондай-ақ елімізде болып жатқан оқиғалардың түрлі сферасының өрге басуына әр жастың қосатын өзіндік үлесі бар деп санаймын. Және осы тұста жастардың дұрыс әлеуметтенуінің маңызы зор. Бұл тұрғыда,жастардың үлкендер әлеміне толықтай бейімделуі арқылы өз мәнің жоятын жастардың субмәдениеті олардың дамуының белгілі бір кезеңі, яғни жеке адам дамуының өтпелі сатысы болып табылатындықтан,бүгінгі таңда мектеп, университет және отбасы секілді жастарға негізгі тәрбие көзін беретін ұлы ошақтар жастарға жәй бақылаушы позициясын ұстанбаулары керек, керісінше жеке адамның бүкіл қоғам мүддесін игеру үшін бәсекеге тең дәрежеде ұмтылу позициясын қамтамасыз етулері керек.
Соңғы деректерге сүйенетін болсақ, бүгінде жастар дүние жүзі халқының 18пайызын, ал Қазақстандағы жалпы халық санының төрттен бірін, яғни 18 миллион халқымыздың 4,2 миллионын,23 пайыздан жоғары көрсеткішін көрсетіп тұрған 14пен 29-жас аралығындағы жастар екенің ескерсек, бұл көрсеткішті сапалы деңгейге көтеретін, жақсы нәтиже әкелетін жүйелі тәсіл керектігін ұғынамыз.
Бұл тұста Елбасымыз жастардың дамуына, өмір сүру сапасының артуына қажетті 5-басым бағытты қарастырды.
1-бағыт, ол-тұрғын үй мәселесі. Жастар барлық уақытта және барлық жерде бірдей қоғамның қамтамасыз етілген бөлігі бола бермейді. Себебі,олар өмір сүруді енді ғана бастаған, негізінен ата-аналарының табыстары есебінен күн көріп жүрген қоғамдағы жеке тап. Көп жағдайда ата-ананың өз балаларының талаптарын қанағаттандыруға қауқарлары жетпей жатады. Ал жастардың несие алуға бір жағынан тұрақты жұмысы, қомақты табысы болмағандықтан, оларға банктер несие бере қоймайды, амалын тауып несие алған күннің өзінде аса жоғары ставкамен берілетін кредиттерді төлеуге жастардың қалталары көтере бермейді. Сондықтанда қазіргі таңда, бұл бағытта Елбасының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Және аймақтар бойынша да өз шешімдерін табуда. Оған мысал ретінде Батыс Қазақстан облысынан бастау алып, қазірде Атырауда да пилоттық режимде жүзеге асырылып жатқан «Жас Отау» жобасын айтуымызға болады. Және «Дипломмен ауылға» бағдарламасын да осы тізімге қосуға болады. Себебі,ҚР ұлттық экономика Министрлігінің деректемесіне сүйенер болсақ,аталған бағдарламалар бойынша 2016 жылы республика бюджетінен 2725 жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге және 8,6 миллион теңге тұрғын үй құрылысына бөлінген болатын.
2-бағыт, Қайда және қалай оқимын? деген үлкен сұрақ. Себебі,қазіргі таңда жоғары білімсіз, кәсіби даярлықсыз табысы жақсы жұмыс табу мүмкін емес. Сондықтан жастардың дені, дәлірек айтқанда өз ертеңі туралы ойланғандары білім алуды мектептен кейін де жалғастыруға тырысады. Сапалы жоғары білім алу мүмкіншіліктерін арттыру үшін мемлекет жыл сайынғы жоғары оқу орындарына түсу үшін бөлінетін гранттар санын арттыруда,мысалы биылғы 2018-2019 оқу жылының түлектері үшін, жыл сайын бөлінетін 54 мың гранттан бөлек қосымша 20 мың білім беру грантын бөлетіндігін мәлімдеді. Бұл жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндіктер мен мемлекеттің жастарға көрсетіп отырған қамқорлығы деп білемін.
3-бағыт, Қалай өмір сүремін?, яғни жастардың арасында ең күрделі шешімін таппай жатқан мәселелердің бірі. Әркім өз күнің өзі көруі керек, - деген қағида алып тұрған нарық заманында бұл проблемалардың шешуі мейлінше қиын түйіндерге айналып отыр. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы мәселе екені бәрімізге белгілі. Осы проблеманы жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту», тағы да басқа бағдарламалар қолға алынып,еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр. Жыл сайын жастар арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші қысқаруда. 2016 жылғы 2тоқсаныңда жастар арасындағы жұмыссыздық 4,2пайызды көрсеткен, ал бұл 2015жылмен салыстырып қарағанда едәуір төмендегенің байқауға болады. Өткен жылы 2,1 миллион жас жұмыспен қамтамасыз етілді, бұл дегеніміз жастардың екіден бір бөлігі, яғни,тең жартысы қызметтік кәсіпте екенің білдіреді. Жоғарыда аталған бағдарламалар жастарды жұмыспен қамтып қана қоймай, сонымен қатар мамандығын ауыстырып, біліктілігін арттыруға, жаңа мамандықтар игеруіне мол мүмкіндіктер беріп келеді. Ал, өз мамандығы бойынша жұмыс жасаймын дейтін жастарға мемлекет биылдан бастап барлық жағдайды тегін ұсынады.
4-бағыт, «Дені саудың,жаны сау». Қазіргі уақытта салауатты өмір салты да назарған тыс қалған емес. Елбасы ел жастарының кемінде 30-пайызын жаппай спортқа тарту керектігін баса айтты. Бұл тұрғыда елімізде түрлі спорт кешендері, ойын алаңдары, спорт обьектілері көптеп бой көтеруде. Жыл сайын спорт додалары мен жаппай марафонға қатысушы жастар саны көбеюде. Соңғы деректерге сүйенсек, 2016 жылы жастар арасындағы өлім-жітім 2015 жылға қарағанда 8,6 пайызға төмендеген және наркологиялық орталықтарда тіркеуде тұрған жастар бейіні 12,9 пайызға қысқарған. Бұл Елбасымыздың денсаулық сақтау саласына аса ірі көңіл бөлгендігінің нәтижесі деп білемін.
5-бағыт, Қайда демаламын? Жастардың көңіл көтеретін, уақыт өткізетін, сергітетін орындар іздеуі табиғи жәйт. Себебі, бос уақыттарын пайдалы өткізудің амалын таба алмай зеріккен жастардың теріс жолға түсіп кетуі әбден мүмкін. Нашақорлық, маскүнемдік, төбелес, ұрлық сияқты қылмыстар да дәл осындай себептерден, әсершіл, қызба мінез жастардың «екі қолдарын алдарына сыйғыза алмауларынан» туындап жататыны айдан анық. Елімізде осы аталған бағыт бойынша,жастардың қызығушылығын білім мен өндіріске, жаңа технология мен жаңашылдыққа бағыттауға арналған жобалар және жастарды қолдауға арналған түрлі байқаулар ұйымдастырылып, іске асырылып жатыр.
Сондай-ақ, қазіргі таңда, дәлірек айтар болсам өткен жылы Елбасының тапсырысы бойынша, жастар саясатымен жұмыс жасайтын, жастар мәселелерін қарастыратын арнайы уәкілетті орган-ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылған болатын. Осы бағыттар бойынша, осы орган ауқымды жұмытар атқаруда. Жаңа заманның сұранысына жылдам бейімделу үшін керектінің бәрі бар. Үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологиясы, робототехника. Мемлекет осының бәріне баса назар аударып отыр. Және осы тұста мемлекетіміздің атын әлемге танытып, көк туымызды көкте желбіретіп жүрген жастарымыздың жетістігін айтпай өткенім әбестік болар деп санаймын. Олардың арасында,12-жасында гройсмеистер атанған, екі дүркін әлем чемпионы, шахматшы қызымыз-Жансая Әбдімәлік, Шахмат әлемінің «Алтыны» атанып үлгерген Динара Сәдуақасова, жастайынан қыршын кетседе, ел есінде есімі тарихта қалатын,VI-қысқы Азия ойындарының чемпионы,мәнерлеп сырғанаушы-Денис Тен, Бокстан әлем чемпионы Қайрат Ералиев,аспан асты елін таңдай қақтырған, «Алтын дауыс» иегері атанып кеткен ерекше дауысты әншіміз Димаш Құдайбергеновтерді атап өтуімізге болады.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі осындай талантты жастарды танытып, дамуы үшін бар жағдайды жасап, ынталандырып жатқаның да осы тұста айтып өткен жөн деп білемін. Соның бірі,жас таланттарға берілетін жыл сайынғы «Дарын»жастар сыйлығы.Осындай қолдаулар әр аймақтарда да жүзеге асырылуда. Олардың қатарында «Адырна» ұлттық порталының журналист жастарды қолдауға бағытталған, әр жылы жаңашылдығымен жастарды қуантып, ынталандырып келе жатқан түрлі тақырыптардағы мақалалар байқауын да үлкен мақтанышпен айта аламыз.
Жалпы, мемлекетіміз, атқарушы органдарымызға дейін қазір жастардың жетістікке жетуіне бар жағдайды жасап отыр. Қалғаны жас Қазақстандықтардың білімі мен білік сапасына,ұмтылыс деңгейі мен ынтасына тікелей байланысты деп санаймын.

 

Талас Назерке


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу