Қашанда қарыздармын, елім саған!
Қашанда қарыздармын, елім саған,
Анамсың алыс жүрсем көп аңсаған.
Жүректің арнап ыстық махабатын,
Туған жерім, менің берерім көп саған.
Менің туып, өскен жерім – Қазақ елі. Қазақ халқында: «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» – деген дана сөз бар.
Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайтыны анық.
Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Туған жер – адамның өмірінде киелі орын алады. Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан, соның ішінде «Меркі» ауылында. Нақты осы жер өмірімнің, өткенімен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала дегендей отбасыммен өсіп, өніп қанатымды кеңге жайып жатқан жерім - Тараз қаласы.
Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат. Біздің еліміздің табиғаты, шағаласы шарқ ұрған, мөлдір тұнық теңізі өте сұлу, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның – алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық», - деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау – әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын, халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өзі елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекігені хақ. Өйткені, Отан біз үшін оттан да ыстық. Туған жер Беу, Туған жер! Сен ыстықсың маған. Қазір бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге, мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әртүрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарарлар мен немістер, украиндар мен кәрістер..... еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әртүрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Бірлік ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да орыстар да қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған. Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғы көркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, туған жерін, басқа аймақтарға көшіп кетсе де ұмытпай, қамқорлық жасауымыз керек деп ойлаймын. Туған жерге деген сүйіспеншілік, патриотизмнің ең жақсы үлгісі – туған жердің тарихын дәріптеу болып табылады.
Жұлдызай Болатқызы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: туған жер, ел, менің елім, шығарма, эссе, қарыз, тараз, тараз қаласы