Сыр сұлуы-Қызылорда
Оқушыларға және мұғалімдерге арналған ашық сабақ.Сыр бойындағы қала Қызылорда жайлы мағлұматпен танысуға болады.
Тақырыбы: «Сыр сұлуы-Қызылорда»
Мақсаты: Оқушыларды туған жерді сүюге, қаламыз туралы білімін жетілдіруге, өз еліне, жеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.туған өлкенің тарихын сүюге, оқып білуге үйрету.
Көрнекілігі: қаланың суреттері, бейнероликтер, слайд.
а) Ұйымдастыру
ә) Кіріспе
б) Негізгі бөлім
в) Қорытынды
Тәрбиеші сөзі: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар қауымы. Бүгінгі бокс бөлімі оқушыларымен бірге өтетін «Сыр сұлуы-Қызылорда» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Біз Қызылордалықтар–Сырдариядай ұлы өзен бойын мекен еткен бабаларымыздың тіршілігімізге жан да, нәр берген шапағатты Сыр ананың орда енген ұрпағымыз. Әрбір адамның туған жері өзіне ыстық, жерімізбен қасиетті еліміз адамның алтын бесігі, оның өмір сүрген ортасы, тіршілік тынысы.Туған жерсіз адамның күні жоқ, алыс кетсең өз үйіңнің мұржасына дейін сағынасың, туған жерің түсіңе кіреді. Балалық шағымыз, есейіп білім алған мектебіміз, асыр салып ойнаған жеріміз бәрі-бәрі туған жерің.Халық даналығында әркімнің туған жері Мысыр шаһары –дейді.
Мына бір өлең жолдары еске түседі:
Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат,
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда, алтын құс өсірсең де бұлбұл құс,
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат.
Бұл халқымыздың қанына біткен имандай сенім.
Балалар мына бір аңызға тоқталсақ «Бір кісі бармақтай құсты ұстап торға қамап қояды. Ол құс күн, түн дамыл көрмей Отан, Отан деп шырылдай берген екен.Құстың иесі мұның да отаны бола ма, деп отаны қай жер екен деген оймен торды ашып құсты жібереді.Құс ұшып шығып бар болғаны он қадам жердегі тастастың арасында тікенге барып қонады, сөйтсе әлгі бұтада ұясы бар екен».
Демек, құстың отаны ұя салған жері болды ғой деп ойланыпты жаңағы адам.Міне, балалар, құстың да туған жері осы екен. Тағы да айтсақ бұрын ақ жаулықты аналарымыз орыс сапарға жолға шыққанда балаларының мойнына туған жердің топырағынан бой-тұмар тігіп тағып берген, ондағысы туған топырағы жат жерлерде бәледен сақтап, елін. Жерін сағынғанда мауқын басады, тарыққанда әл-қуат береді деп білген екен. Туған жердің бір уыс топырағының құдіреті, мағынасы осы. Исі қазақтың басын қосып ауыз біршілігімен ынтымағын нығайтуға, қуат дем беруге аянбай атсалысқан ұлтымыздың үш төбе биінің бірі орақ ауызды, от тілді шешен Әйтеке би бабамыз осы киелі сыр топырағымен тамырласады.Өз дәуірінің көрнекті батыры Жалаңтөс Баһадүр, Есет батыр, Жанқожа батыр, Бұхарбай сынды қамал бұзар және аса ірі мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай кіндік қаны тамған қасиетті жер осы сыр сұлуы Қызылордада туылған. Сыр бойының данышпаны ұлы Қорқыттың туылған жері де осы Сыр елі.Сыр елі алаштың ақ мешіті.Себебі Қызылорда тарих қойнауында қатпарлы ізі қалған, талай оқиғаның ызғарын көрген жандарға пана болған, сан ұлт пен ұлысты жатсынбай бауырына басқан алты алаштың анасы. Былтыр 1925-1929 жылдары қазақ елінің астанасы болған Қызылорданың 200 жылдық мерей тойы атап өтілді. Қаламыздың тарихи маңызы тіпті орасан. Себебі 200 жыл бұрын қоқандықтар сол жағалаудан оң жағалауға көшіп бекініс орнатса, енді арада тура 2 ғасыр өткенде сол жағалауға қала халқының игілігі үшін зәулім үйлер, заманауй ғимараттар тұрғызылып жатыр.Балалар өткенге көз жіберсек Сыр жағасы бір-бірімен жарыса өскен ну қамыс ағаштармен және жабайы қабандармен, жолбарыс неше түрлі құстар мекен еткен.Оған бір аяқ жолмен жүрмесе кіру мүмкін болмаған деседі.Зерттеулер бойынша Сыр бойында екі көл болған. Халық сол жерге малын жайып, балығын аулап күн көрген.Тағы да көрік берген айдынды аралымыз тарихымызда өте ерте кезден белгілі жергілікті халық аралға барып құс атып, аң аулап күндерін көрген. ХІХ ғасырдың бас кезінде қазақтың қазыналы бай өлкесіне қызыққан Қоқан, Хиуа хандықтары жерін кеңейтуді көздеп Сыр өзенінің бойына бекініс алады.Сыр жағалауында қамыс өте қалың болғандықтан қамыс қала делінген.1818 жылы жұртшылық жаңа бекіністі алыстан көрінетін мешітке байланыстырып Ақмешіт деп атады, себебі-ол ақ кірпіштен соғылған еді дейді.1847-1848 жылдары орыс билігін мойындамаған қазақтарды бағындыруға Орта Азия хандарының шекарасына жақындау үшін патшалық Ресей Сырдарияның төменгі ағысының бойына Райым, Қазалы, Форте секілді әскери бекіністер салады.Сөйтіп Қоқон бекінісінің бірі осы Ақмешітке кіруге жол ашады.Зеңбірікпен оқ атқылап Ақмешітті басып алады.Осы жылы генерал Перовскидің құрметіне бекініс Перовскі порты деп аталды.
Слайд көрсету: ескі қалалар суреті
Бейнеролик: «Тарихы таңбалы Сыр ордасы»
Осы жылдары Орынбор Ташкент Темір жолдары жүргізіледі, Депо бүгінгі вокзал ғимараттары салынады.22 жылы қаланың Ақмешіт аты қайтарылады. Осы жылдар Ахмет Байтұрсынов,Сәкен Сейфуллин,Т.Жүргенов,С.Қожанов,І.Жансүгіров,Нысанбай жырау,Тұрмағанбет Ізтілеуов, алаш зиялары жұмыс істеді.1925 жылы Қызылорда облыс орталығына айналды.Ақмешіт Астана болды.Оған осы аты аталған азаматтар қыздар еңбек етті.Қызылорда деген атты С.Қожанов атамыз қойған екен.
Кешегі қамыс қаладан бастау алған бүгінгі Қызылорда өмір тарихы қысқаша осындай.Сыр өңірі жыр сүрелері шыққан киел өңір.Сол себептен сыр елі,жыр елі Жыраулық дәстүр мектебімізде қалыптастырылған Ешнияз шал, Шор аяқтың Омары, Балқыбазар, Дүроңғар тағы басқа жыршылар даңқын асырды.Қаламыз өсіп өркендеді.
Бейнеролик: Қызылорда 40 жыл бұрын
Сырдың бойы-шежіре, тұнған тарих.Ол шежіре тарихта ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жер қабатындай қалыңдай бермек.
Сұрақ: Балалар сендер сыр елінің ең асылы не деп ойлайсыңдар ?
Жауап: Әрине, ақ күріш.Сыр елінде сан мыңдаған тонна күріш өндіріліп ел ырысына айналуда.Балалар
Қазақстанның басқа ешқандай облысында күріш өспейді екен.Ақ күріштің атасы осы Сыр елі.Атағы жер шарына мәлім болған атақты дихан атамыз екі мәрте Еңбек Ері үшін марапатталған Ыбырай Жақаев атамызды білеміз.Ас тұзбен дәмді, су мұзбен дәмді, ал адамзат салихалы саналы ақылмен сәнді екен.Тағы да бір байлығымз ол, әрине Арал тұзы.Осы ас тұзымызбен қаншама елдердің аузының дәмін келтіріп отырмыз.Біздің Сыр елінің байлығына сан жетпейді.Сыр топырағы табиғи және қазба байлықтың да қалың ортасы, «қара алтын» мұнайымыз бар, Шиелідегі уран, Жаңақорғандағы түсті металл қорғасындары шығып жатыр.Бұл әрине біз үшін мақтаныш.
Бұл сыр елінен шыққан кәсіби ақын жазушыларымызды сөз еткенде алдымен аузымызға Әбділдә Тәжібаев, Зейнолла Шүкіров, Әбдіжәміл Нұрпейісов,Асқар Тоқмағамбетов, Ғани Мұратбаев, Темірбек Жүргенов аталарымыз еске түседі.Әбділда атамызды еске түсірсек екі дария көз алдымызға келеді.
1)Сырдария 2)Жырдария.
Сұлу дала менің сүйген еркемсің,
Жаным сенен жаратылған өлкемсің.
Қандай жақсы қазақ болып туғаным,
О, туған жер тамашасың, көркемсің-дей келе оқушылар дайындығын әдеби монтажға кезек береміз.
Әдеби монтажы: «Туған ел» өлеңі Ә.Тәжібаев
1-ші оқушы
Менің Мысырымда сенсің,
Меккемде сенсің.
Сен менің менің туған қаламсың,
Туған Қызылордамсың.
Сен менің билігімсің,
Сен менің алтын бесігімсің.
Сен менің атамда болғансың,әжемде болғансың,
2-ші оқушы:
Мен сенің шашыңнан тудым,
Лай,суыңнан тудым.
Өзіңнің өзегіңнен жаралдым,
Мен сенің желіңнен тудым.
Мен сенің селіңнен тудым,
Наздаған жалыныңнан жаралдым.
Жарқыраған жарығыңнан жаралдым,
3-ші оқушы:
Оянсам өзің тербеттің мені,
Жыласам жұбаттың мені.
Өзің ойнаттың мені,
Өзің өсірдің мені.
О менің Қызылордам,
О менің туған қалам.
Әжемнің,атамның мекені,
4-ші оқушы:
Жасай бер туған қалам
Алтын есігім,алтын босағам
Көркіңе қызықсың әлем
Даңқыңа қызықсың әлем
Бүгінгі ата болған ұлдарыңнан
Бүгін әже болған қыздарыңнан
Ертеңгі ұрпаққа сәлем
Барлық болашаққа сәлем
5-ші оқушы:
Көгінде күн нұрын төккен
Жерінде гүл жұпар сепкен
Кеткен сұлу,неткен көркем
О менің,туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар
Ақ күмістей қаласы бар
Неткен сұлу,неткен көркем
О менің туған өлкем
Ән: «Қызылордам» Бағдат Досбол
Енді балалар үй тапсырмасына көшейік.Эссе (туған қалам) Рамазан,Шахмардан,Жақсылық,Досбол.
Тәрбиеші сөзі: Апырай ! Туған жерай теңесер кім ?
Бұл жерге сен болмасаң келмес едім
Кіндігімді байлаған қазағым ай
Сен болмасаң бұл маңды көрмес едім-дей келе сабағымызды ары қарай жалғастыру
үшін туған жер туралы мақал-мәтелдерге құлақ түрейік. Сейдулла Нұрмұхаммед
1)Туған жерге туын тік
2)Туған жердей жер болмас
Туған елдей ел болмас
3)Аққу көлін аңсайды
Адам туған жерін аңсайды
4)Ит тойған жерге
Ер туған жеріне
5)Қай жерде пайда бар
Өз жеріңдей қайда бар
6)Туған жердің қадірін шетте жүрсең білерсің
7)Туған жердің торғайы-тұрынтайдай көрінерқұлыны тайдай көрінер,қыздары айдай көрінер
8)Кісі елінде сұлтан болғанша өз еліңде ұлтан бол.
9)Жалықтырса ұзақ сапар,жат мекен
Туған елдің түтініндей тәтті екен
10)Ел іші алтын бесік
11) Ат құлақтан ат мініп
Асыр салған осы жер
Ат батпаққа аунасып
Жарыс салған осы жер
Кіндік кірін жуған жер
Бейнеролик: Төреғали Төрәлі «Сыр елім» әні.
Оқушылардың музей, тарихи жерлерде тускен суреттері (слайд)
Қорытынды: Қызылорда туған өлкеміз,қарқынды жылдамдықпен өсіп келе жатқан-әсем қаламыз. Бәріміз терең білім алып,туған жеріміздің ірге тасын берік сақтауға өзіндік үлесімізді қосамыз.Қаланың болашағы сендердің қолдарыңда.Ірге тасын берік сақтап өзіндік үлесімізді қосуымыз керек.Қаламыз жайнап жасара берсін.Туған жеріміз асқақтап өсе берсін.
О туған жер сене асқан жер барма
О туған жер суыңнан асқан су барма
О туған жер сен үшін отқа күйемін
О туған жер сені сүйемін деп-тамаша туған жер әнімен сабағымызды аяқтаймыз.
Ән.Шаба Әденқұл «Туған жер»
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Ілмектер: Ногайбаева Айман Тимурхановна