Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Сөйлем мүшелері
Ауылдың алдыңғы жағындағы ойпаңда Есіл өзені бар дегенді С. Сейфуллин Ауылдың алдыңғы, жағында ойпаң тартып, көлденең Есіл өзені жатыр деп жазған. Бұл екеуі бір емес: алдыңғы сөйлем жай хабар болса, екінші сөйлем, оның үстіне, әсерлі көркем сурет. Бұл суреттің нақыштары көлденең, жатыр сөздерін қолдану арқылы салынған. Сөзім — шекер, тілім — бал (Ғ. Мұстафин). Өлеңім — балға, эн — қашау (Жамбыл) деген төрт сөйлемнің әрқайсысы екі-екі зат есімнен құралған. Олар аз сөзді, қысқа-қысқа сөйлем болғанмен, мағыналары кең, әрі эсерлі. Солай болудың сыры — сөздерді бірін-біріне теңеп, белгілі мүшелік катынаста жұмсауда: сөзім, тілім, өлеңім, ән —бастауыштар да, олардан кейінгі зат есімдер шекер, бал, балға, қашау — баяндауыштар.
Рефераттар