Орал қаласы

 Орал қаласы

Сіздерге тамаша орманы мен өзені, сайын даласы бар Орал өңіріне қош келдіңіздер дейміз. Өңірдің өткен тарихы көптеген тұлғалар мен оқиғаларды өз қойнауына жасырып жатыр. Оның географиялық тұрған жері де бір контингентті құрайтын, әлемнің екі бөлігі — Еуропа мен Азияның нақ түйіскен жерінде орналасқан. Бұл жер өркениеттің озық жетістіктері мен табиғаттың сол қалпында сақталған түпкірлерімен үйлесім тапқан. Бұл жерде болған ешбір адам табиғат сұлулығына көңіл қоймай кете алмайды.

Батыс Қазақстан облысы Қазақстанның құрамына кіреді. Ол еліміздің солтүстік-батысында орналасқан және 151,3 мың шаршы метрді алып жатыр. Облыс аумағымен Еуразияның басты күретамырларының бірі — Жайық өзені, екі кішірек өзендер — Шаған мен Деркөл өзендері және ондаған шағын өзендер ағып өтеді. Сонымен қатар, Батыс Қазақстанда көптеген көлдер бар. Ең үлкені — 200 шаршы километрді құрайтын, әрі әдемісі — Шалқар көлі, сондықтан да Орал өңірінің тұзды інжу-маржаны деп тегін атамаған.

Облыс Қазақстанның үш: Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облысымен, сонымен бірге, Ресейдің бес: Орынбор, Самар, Саратов, Волгоград, Астрахань облыстарымен шектеседі. Облыс тұрғындарының саны: 606,5 мың адам. Әкімшілік орталығы – Орал қаласы,тұрғыны: 227,4 мың адам.

Орал қаласы Қазақстандағы көне қалалардың бірі, Жайық өзенінің оң жақ жағасы мен Шаған өзені құйылысы сағасында, ресми мағлұматтар бойынша 1613 жылы негізі қаланған. Басында Ресей мемлекетінің дала көшпенділері шапқыншыларын қорғайтын әскери постылардың бірі болған және оны Яик қалашығы деп атаған. Орал қаласының аты 1773 — 1775 жылдардағы

Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінен кейін, Екатерина II Император патшайымының бұйрығымен басқаша аталды. Қаланың ең көне бөлігі — «Курени» ауданы. Бұл жерде, Жайық өзені жағасына, Яик қалашығының алғашқы тұрғындары бір кезде өз үйлерін салған. Қаланың өзінен аз ғана кейін салынған, сол кезде тұрғызған үйлер әлі де сақталған.

Қалада, өскелең ұрпаққа асыл мұра, тарихпен айналысатын адамдардың бәрінің де қызығушылығын тудыратын оннан аса тарихи және мәдени ескерткіштер бар. Е. Пугачев мұражай-үйі, 1751 жылы салынған Михаил-Архангель Соборы. Орал казак әскерінің үш жүз жылдығы құрметіне салынған Құтқарушы Христос Храмы, Алаш-Орданың Батыс бөлімі жетекшілері Халел және Жанша Досмүхамедовтер және басқа да көптеген адамдар бітіріп шыққан реалды училище ғимараты.

Әр жылдарда бұл қалада И. А. Крылов, А. С. Пушкин, В. А. Жуковский, В. И. Даль, Т. Г. Шевченко, М. Өтемісов, С. Сейфуллин, С. Мұқановтар болған. Бұл жерде М. Шолохов, Ж. Молдагалиев, А. Сәпсеновтер өлкеден тақырыптар жинап, өз шығармаларына арқау еткен. Орал өңірі — қазақтың үлы композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Динаның, теңдесі жоқ әншілер Хадиша Бөкеева, Роза Жаманова, Рарифолла Қүрмангалиевтың ақын-жазушылар: Хамза Есенжанов, Тайыр Жароков, Қадыр Мырза Әлінің, алгашқы Кеңес Одагының Батыры атанган, Шыгыс қызы — Мәншүк Мәметованың туған жері. Еуропа мен Азия шекарасындағы қонақжай өңір, Батыс Қазақстан облысы өз қонақтарын тағатсыздана күтеді.
Беттер:
1 2


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу

Ілмектер: орал уральск туралы реферат казакша, орал уральск каласы туралы реферат казакша, реферат на тему орал уральск на казахском языке скачать, орал уральск қаласы туралы реферат, реферат казакша, казакша, реферат, орал уральск каласы, реферат реферат на тему орал уральск, орал уральск туралы реферат, Қазақша реферат: орал уральск туралы казакша реферат, реферат на казахском языке про орал уральск город, орал уральск туралы казакша реферат қазақша реферат, реферат на казахском языке про город орал уральск, на казахском языке скачать, скачать, на тему орал уральск, орал уральск туралы, қазақстан қалалары туралы реферат, казакстан калалары туралы реферат казакша, реферат на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, реферат на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, реферат на тему казакстан калалары, города казахстана реферат на казахском скачать, oral uralsk turaly referat kazaksha, oral uralsk kalasy turaly referat kazaksha, referat na temu oral uralsk na kazahskom yazyke skachat, oral uralsk қalasy turaly referat, referat kazaksha, kazaksha, referat, oral uralsk kalasy, referat referat na temu oral uralsk, oral uralsk turaly referat, Қazaқsha referat: oral uralsk turaly kazaksha referat, referat na kazahskom yazyke pro oral uralsk gorod, oral uralsk turaly kazaksha referat қazaқsha referat, referat na kazahskom yazyke pro gorod oral uralsk, na kazahskom yazyke skachat, skachat, na temu oral uralsk, oral uralsk turaly, қazaқstan қalalary turaly referat, kazakstan kalalary turaly referat kazaksha, referat na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, referat na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, referat na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana referat na kazahskom skachat