Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Болжалдық сан есімнің аналитиқалық тәсіл арқылы жасалуы
Болжалдық сан есімнін, аналитикалық тәсіл аркылы жасалуы да өте өнімді, онын, өзі ішт ей бірнеше түрлі. Олардың негізгілеріне тоқталайық:
1. Есептік сандардьң қосарлануы болжалдық мағына турызады. Мысалы: Бұрын бір шығырмен төрт-бес гектар жерді суарып болғанша жан шыға жаздаса, енді қырық-елу гектарды қалай суармақсьщ (Ғ. Мұстафин). Мен санның он бес процентіне қосып, сапаны жиырма-жиырма бес процент көтерер едім. Бір сиырдан бес-он литр сүт алғанша, жиырма-жиырма бес литр сүт алса, бір гектардан бес-он центнер астық алғанша, жиырма-жиырма бес центнер астық алса ішті жара ма? Біз к,ырык,-елу ректар ексек, әлденеше миллион сом кіріс енгізеді Қасындағы қыз бала үш-төрт жастан артық емес. Сол ауыл, сол дауыс, жылы сөз, жаудыраған көздер бұдан екі-үш ай бұрын тағы да аттандырды (Ғ. Мұстафин).
2. Есептік сан есімдерге шылаулардың тіркесі арқылы болжалдық сан есім жасалады. Мысалы: Түбектін. аумағы қырық-елуге жуық гектар. Жасы отыз-қырық шамасында (С. Сейфуллин).
1) Атау түлғалы есептік сан есімге шақты, шамалы, қаралы септеулік шылаулары тіркесіп, оған болжалдық мағына қосады: жүз шақты, мың қаралы, қырык, шамалы. Мысалы: Ауылдағы отыз шақты жігіггердің бітірген ісі алуан түрлі (С. Мұқанов). Барлығы жүз шамасы адам болып қалды (С. Мұқанов). Екінші айтарым мынау, — деді Рахмет, — сіздің Алматыға жүруіңізге он бес шақты. күн бар (С. Мұқанов). Жаманшұбарда бас-аяғы елу шақты-ақ үй бар (С. Мұқанов).
2) Артық, астам, аса, асщан септеулік шылаулары есептік сан есімге тіркесіп, одан болжалцык сан есім жасайды. Ең білімді деген ғалымдар гектарынан екі жүз центнерден артық астық алу мүмкін емес дегенге бекіген еді (Ғ. Мұстафин). Сайып келгенде, бұл жайлаудан құрылыс жұмысына екі мыңнан. астам адам шықты
(С. Мұқанов). Біздегі бір әйел жүз саулықтан жүз жетпістен аса қозы алды (Ғ.Мүстафин). Астам, аса, артьщ шылаулары шыгыс септіктегі есептік санға тіркессді. Ол жоғарыдағы мысалдан көрініп тұр.
3) Жақын тарта, таяу, жуық септеулік шылаулары барыс септіктегі есептік санға тіркесіп, оған болжалдық мағына қосады: жүзге жуық, мьщға тарта, елуге таяу, онға жақык, алпысца тарта, сексенге жуык,, мыңға таяу т. б. Мысалы: Сойылдарын сүйреткен жүз ^аралы адам бір бөлек топ, үш жүзге таяу адам бір бөлек топ болып тұр екен (Р. Мүсірепов). Онда колхоз кітапханасына бас-аяғы бес жүзге тарта кітап сұралған (М. Иманжанов). Мынау он бесті қосқанда, жүз шанаға жуық жүк жеткізіледі екен (Ә. Сәрсенбаев).
4) Есептік санға талай, бірнеше, элденеше сияқты белгісіздік есімдіктер тіркесіп, оған болжалдық мағына қосады. Мысалы: бірнеше жүз жылдар, әлденеше мың-даған адам, талай ғасырлар бойы, неше жүз жылдар т. б. Әрине, есімдік сияқты сөз таптарыньвд тіркесі контекске байланысты, сондықтан оларды сан есімнің сөз-жасамына жатқызу қиын.
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру