Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлім:

6. Экология және тұрақты даму

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.6.2.1 өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін сыртқы ерекшеліктері бойынша сипаттау;
  • белгісіз ағзаны анықтау үшін алгоритм құрастыру;
  • өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың көзге көрінетін өзіндік ерекшеліктерін қолдану.

 Бағалау критерийлері

  • Суретте берілген ағзалардың атауы мен сипаттамаларын анықтайды;
  • Омыртқасыз және омыртқалы жануарлар кластарының және өсімдік топтарының көзге көрінетін негізгі белгілерін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі ерекшеліктерін ауызша сипаттау.

Өсімдіктер мен жануарларды сыртқы ерекшеліктері негізіне топтастыру. Өсімдіктер мен жануарлардың негізгі айырмашылықтарының себебін түсіндіру.

Пәнге тән лексика мен терминология:

протисттер, балдырлар мүктер, қырықжапырақтар, ашықтұқымдылар, жабықтұқымдылар, омыртқасыздар, омыртқалылар, балықтар, қосмекенділер, жорғалаушылар, құстар, сүтқоректі жануарлар

Диалог үшін пайдалы сөз тіркестерінің топтамасы:

  • Балдырлардың денесі ...тұрады
  • Жабық тұқымды өсімдіктердің көбею мүшелері…., ал ашық тұқымды өсімдіктерді………
  • Қылқандыжапырақтар..... өсімдіктерге тән..... өсімдіктері денесі сабақ және өркеннен тұрады..
  • Мүктәрізді өсімдіктер ... көмегі арқылы топырақтан қоректік заттар мен суды сіңіреді
  • ... өсімдіктерінде тамырсабақтары, қысқарған өркені және ірі жапырақтары болады...қозғалыс мүшелері жүзбеқанаттар.
  • Сыртқы қаңқа ... жануарларда болады.
  • ... қауырсын, тұмсық және қанаттары бар. ... құлақ қалқаны, түкті жамылғысы бар.

...терісі ылғалды әрі жалаңаш.

 Құндылықтарды дарыту

 

Әртүрлі пікірлерді талқылау барысында оқушылар сыйластыққа үйренеді.

Жұптық жұмыс кезінде өзара ынтымақтастық танытуды үйренеді.

Бір-біріне сұрақ қою, талқылаулар кезінде ашықтық қалыптасады.

Топтық жұмыс барысында ынтымақтастықта жұмыс жасай алу дағдысы, академиялық шынайылық қалыптастырады.

 Пәнаралық байланыстар

Тірі ағзаларға тән сипаттамаларды анықтау АRT пәнімен байланысты арттырады.

Бастапқы білім

Оқушылар 5 – ші сыныпта ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеумен танысты. Оқушылар ағзалардың көзге көрінетін ерекшелік белгілерін ажырата біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5

5-07

1. Өткенді қайталау арқылы бастапқы білімді жаңғырту. Оқушылар тірі ағзалардың суреттері арқылы топтарға бөлінеді. Әр топ тірі ағзалардың негізгі ерекшеліктерін сипаттайды. 5- сыныптағы 5.6.2.1 ағзаларды тірі табиғат дүниесіне жіктеу оқу мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді.

2. Ой шақыру.

Оқушылар сыртқы белгілерінің ерекшеліктері негізінде тірі ағзаларды сипаттайды.

Дескрипторлар

 Оқушы

Ағзалардың сыртқы ерекшеліктерін анықтайды.

3. Мақсатты тұжырымдау.

Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын, «жақын даму аймағын» және сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

07 -10

10 - 22

22-32

32-35

35-38

4. Мұғалімнің түсіндірмесі.

Белгісіз ағзаны анықтаудың алгоритмін, өсімдіктер бөлімдерінің, омыртқасыз және омыртқалы жануарлар және олардың кластарының негізгі белгілерін түсіндіреді.

5. Топтық жұмыс.

Ұсынылған алгоритм бойынша 10 минуттың ішінде омыртқасыз және омыртқалы жануарлар кластарының өкілдерін анықтайды. 10 минуттан кейін әр топ өз жұмыстарымен бөліседі (2 минут).

Келесі 10 минуттың ішінде өсімдіктердің(балдырлар, мүктер, қырықжапырақтар, ашық және жабық тұқымды өсімдіктер) кеппешөптерін/ фотосуреттерін пайдалана отырып, өсімдік бөлімдерінің сыртқы ерекшеліктерін анықтайды және өздері анықтаған ерекшеліктерді қосымша ақпаратта берілген сипаттамалармен сәйкестендіреді және әр топ өз жұмыстарымен бөліседі.

Әр топ өз жұмыстарымен бөліседі, мұғалім кері байланыс береді.

Дескрипторлар

Оқушы

Өсімдік бөлімдерінің негізгі ерекшеліктерін анықтайды;

Өсімдік бөлімдерінің өкілдеріне тән сипаттамаларды сәйкестендіреді;

Омыртқасыз жануарлар кластары өкілдерінің көзге көрінетін негізгі ерекшеліктерін сипаттайды;

Омыртқалы жануарлар кластары өкілдерінің көзге көрінетін негізгі ерекшеліктерін сипаттайды.

6. Cабақты бекіту.

Барлық оқушылар шеңберде отырады, жүргізуші бастап, кезекпен барлығы тақырып бойынша түйінді ойды қорытындылайды. Идеялар қайталанбау керек.Оқушылар мұғалім ұсынған дұрыс жауаптардың көмегімен өзара бағалау жүргізеді.

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы:

38-40

8. Рефлексия

Мұғалім сабақ мақсатарына қайта оралып, сабақ мақсаттарына жету деңгейін талқылайды.

Кері байланыс «Кубизм»

  • Мен үшін жаңалық...
  • Маған түсініксіз болды...
  • Маған қиындық туғызды...
  • Ағзаларды анықтаудың маңызы...
  • Ағзаларды анықтау үшін...
  • Ағзаларды анықтауда...

«Маған түсініксіз болды..., Маған қиындық туғызды...» бөліміне тоқталып, оқушылармен бірге талқылаулар жасап, жауап беріледі.

Қосымша 4

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға ресурстың барлық мүмкін түрлері ұсынылғанда олардың өз қабілеттеріне қарай ресурс түрін таңдап алып қолдануы кезінде ресурс түрлері сараланады

Оқушылардың сызба, кластер, модель сияқты әртүрлі жолмен өздерінің түсінгенін көрсетуі арқылы тапсырма түрлері сараланады.

Сұрақтарға жауап беру кезінде оқушылардың өз деңгейлерінде жауап беру арқылы іс-әрекет сараланады.

Кейбір жылдам жұмыс жасайтын оқушыларға қосымша тапсырма орындауды ұсыну саралауды қолдайды.

Кейбір оқушыларға ағылшын тіліндегі терминологиямен жұмыс ұсынуға болады

Оқушылардың түрткі және жағдаяттық сұрақтарға жауап берулері кезіндегі өмірмен, өз тәжірибесімен байланысты көрсете алу деңгейлері арқылы

Сабақ барысында бағалау критерийлеріне сай тапсырмалардың орындалуы, талқылаулар кезіндегі жауаптары арқылы;

Топта, жұпта жұмыс жасай білу дағдылары арқылы;

Дескрипторлар арқылы.

Сыныпта қозғалыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Партада дұрыс отыруына назар аудару.

Қосымша №1

Өсімдіктер

Жануарлар

Саңырауқұлақтар

Бактериялар

Протисталар

Қосымша 2

Жануарларды анықтау алгоритмі

Дене бөліктері

Дене жамылғысы

Сезім мүшелері

Қозғалыс мүшелері

Көбеюі

Қосымша 3

Өсімдіктерді анықтау алгоритмі

Тамыр

Сабақ

Жапырақ

Гүл

Жеміс

Қосымша 4

Кері байланыс «Кубизм»

  • Мен үшін жаңалық...
  • Маған түсініксіз болды...
  • Маған қиындық туғызды...
  • Ағзаларды анықтаудың маңызы...
  • Ағзаларды анықтау үшін..
  • Ағзаларды анықтауда...


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу