Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау. Жаратылыстану, 6 сынып, қосымша материал.


 Тақырып мазмұнына қатысты теориялық материал

 Жер бетіндегі органикалық әлем түрлердің таңғажайып алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Бұл алуан түрлілікті жүйелеусіз, тіршілік иелерін жіктеумен айналысатын ғылымсыз, зерттеп, білу мүмкін емес. Заманауи жүйелеу басқа да биологиялық ғылымдармен, әсіресе, эволюциялық морфологиямен, цитологиямен, генетикамен, биохимиямен, экологиямен, биогеографиямен тығыз байланыста дамып келеді. Электронды есептеу техникасын қолдануды қосқанда, материал өңдеудің математикалық әдістерін барынша кеңінен қолданады. Ол көптеген жаратылыстану ғылымдарының мамандары алған үлкен көлемді ақпараттың, деректердің әртүрлілігін тек интеграциялап қана қоймай, тірі табиғаттың тұтастығына дәлел болады. Тірі ағзалар арасындағы туыстық байланыстарды, өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды.

 Жүйелік санаттар жүйесі органикалық әлемнің қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға эволюциялық дамуының сабақтастығы мен сатыларын көрсетеді. Осындай жүйедегі ағзаның нақты орнын біле отырып, сіз оның ұйымдасу деңгейін, морфологиялық, анатомиялық, физиологиялық, биохимиялық және басқа да ерекшеліктерін түсіне аласыз. Қандай да бір жануарлар тобын жеке типке бөлу үшін олардың құрылысының бірқатар белгілері ескеріледі: симметрия типі, ұрық жапырақшаларының саны, дене қуысының болуы және сипаты, дененің сегментациясы, негізгі мүшелер жүйелерінің өзара орналасуы және т.б.

 Техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты ұсыныстар

 Сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау. Топтық жұмыс барысында орын ауыстыру және партада дұрыс отыруына назар аудару. Оқушылардың өз заттарын сабақ барысында кедергі келтірмейтіндей қауіпсіз орналастырып қоюына назар аудару.

 Сабақты ұйымдастыруға қатысты қосымша ұсыныстар

 Оқушылар ұсынылған суреттердегі ағзалардың ерекшеліктеріне назар аудару керек. Әр ағзаның сыртқықұрылысына тән ерекшелік белгілерді түсіндіру қажет. Ол үшін кеппешөптер, ылгал препараттар, коллекциялар, чучелолар көрсетуге болады.

 Қалыптастырушы бағалауды жүргізуге байланысты ұсыныстар

 Оқушылардың тиісті пәндік терминологияны қолдана білулері тексеріледі. экологиялық пирамидада энергия мен заттардың ауысуы себептерін түсіндіре білулері, энергия мен заттардың ауысуы мысалдарын анықтап, себептерін көрестуіне кері байланыстар беріледі.

 Сабақтың басталуынан бастап соңындағы рефлексия жүргізуге дейін қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. Сабақтың басындағы талқылау кезінде өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін анықтау үшін ағзалардың өзіндік ерекшеліктерін түсіндірулеріне назар аудартылып, кері байланыс беріледі. Мысалы, оқушы термин сөзін қолданса, осы термин орынды қолданылды, мына терминді атағаныңыз жақсы болды деген сияқты. Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасаған кезінде әр оқушыға сұрақтар қою арқылы олардың дұрыс бағытта жұмыс жасауына көмек көрсетіледі.

 Есеп шығарған кезде оқушыларға ұсынылған дескрипторлар бойынша бағалау жүргізіледі.

 Саралау тапсырмалары

Қосмышада деңгейлік тапсырмалар ұсынылды.

 Сілтемелер мен ресурстар

https://www.twig-bilim.kz/kz/film/factpack-classification

https://bilimland.kz/kk/courses/biologiya-kk/zhanuarlar-alemi/zhanuarlardyng-klassifikacziyasy/lesson/patshalyq-patshalyq-asty-tip-klass-otryad-tuqymdas-tuqym-tur-zhane-populyacziya



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу