Заттардың қасиеті өзгере ме? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері.

Мектеп:

Мұғалім:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні

Тақырыбы

Заттардың қасиеті өзгере ме?

Оқу мақсаты

4.3.1.2 құрастырылған эксперимент жоспарына сәйкес жаңа зат алу;

4.1.2.2 алынған нәтижені оқушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты

Заттардың қалай өзгеретінін, олардың өзгеруіне не әсер ететінін түсінеді.

Бағалау критерийі

заттың қасиеттерін сипаттайды;

заттың қасиетіне байланысты қайда қолданылатынын анықтайды;

заттың қолданылуына өздігінен мысал келтіреді;

заттың өзгеруіне өздігінен мысал келтіреді;

Тілдік мақсат

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Өзгеру

Құндылықтар

Құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық. Өз денсаулығын күту және саламатты өмір салтын сақтау.

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Заттардың қасиеттерін біледі. Заттардың таза және қоспа болатынын, олардың құрамын анықтауға болатынын біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.

Кіріспе тапсырма.

Сүт тасып, пеш бетіне төгілген кезде не болады?

Қағаз жанған кезде не болады?

Зат басқа затқа айналуы мүмкін бе?

Сурет

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс.

Мүмкіндігше жент (қоспа) көрсету.

  • Жент (қоспа) дегеннің не екенін білесіңдер ме? Оны жеп көрдіңдер ме?
  • Женттің құрамындағы заттарды ата.
  • Қалай жасалатынын еске түсіріп көр.
  • Оқулықтағы инфографиканы зерделей отырып (немесе тәжірибені пайдаланып), жент жасау үдерісін айтып бер.
  • Женттің құрамындағы заттар араласқанда олардың қасиеттері өзгере ме?

Пиктограмманы оқы.

Пиктограмманы зерделеу, оның не бейнелегенін атау (құлпынай жидегі, қант, су, қайнату және дайын тосап бейнеленген).

ҚБ өзін өзі бағалау.

Зерттеу жұмысы.

Ресурстарды (картоп, үккіш, екі шыны ыдыс, тамшуыр, құйғы, сүзгіш, йод ерітіндісі), зерттеу нәтижесін тіркейтін парақтар мен маркерлерді тарату.

Топтарға біріктіру. Үккішпен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтауды ескерту.

Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулықпен таныстыру.

  • Тазартылған картопты үккіштен өткізу;
  • Үккіштен өткізілген картопты шыны ыдыстағы жылы суға салу;
  • Біраз уақыттан соң шыны стаканға құйғы мен сүзгішті орналастырып, картопты сүзіп алу;
  • Сүзгіш арқылы өткен сұйықтықтан ыдыс түбінде ақ түсті зат – крахмалдың тұнғанын бақылау;
  • Шыны ыдыстағы тұнбаның жоғарғы жағындағы суды басқа ыдысқа құйып алу;
  • Түбіндегі тұнбаға йод ерітіндісін тамызып, бақылау;
  • Нәтижені тіркеу, қорытынды жасау.

Зерттеу барысында картоптан крахмал бөлінгенін бақылады. Крахмалдың қайда және қандай қасиеті үшін қолданылатыны туралы қорытынды жасалады.

 Ойлан. Заттарды белгілі бір қасиетіне байланысты қолданатыны туралы, заттардың пайдасы мен зияны туралы әңгімелесу.

Сүттен не жасалады?

Сүттен әзірленетінін тағамдарды атау.

Қай кезеңде заттың күйі өзгерді?

Қай кезеңде жаңа зат пайда болды?

1) Сүтпісіру (піскен сүт) – ұйыту (айран) – сүзу

(қатық немесе сүзбе) – кептіру (құрт);

2) Сүтмайын айыру (қаймақ және көк сүт) – қаймақты шайқау (май);

3) Сүтіріту (іріген сүт) – қайнату (ірімшік).

Өзіндік жұмыс, дәптерде берілген тапсырмаларды орындау.

42-жұмыс парағы. «Заттардың өзгеруі»

Заттардың құрамы мен үдерістер.

Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардан қоспаларға мысал келтіру, құрамын атау, үдерістерді жүретінін анықтау, кестені толтыру.

Сусындар.

Құрамы

Қандай үдеріс жүреді?

Қандай сусын алынды?

Сүт, қайнаған су, шай, қант - араластыру - сүтті шай; Жеміс-жидектер, қант, су - қайнату компот;

Биенің сүті - ашыту қымыз;

Сүр ет, әртүрлі жармалар/дәндер, айран, ұн, тұз, су - жеті түрлі тағамды араластыру, қайнату наурызкөже.

43-жұмыс парағы. Заттардың маңызы

Сәйкестендір. Заттарды қолданылу аясына қарай сәйкестендіру.

Жауабы: 1 – Г; 2 – В; 3 – Ғ; 4 – Д; 5 – А; 6 – Ә, 7 – Б. Заттарды қайда қолданады? Су мен темірдің қолданылуы жайлы кластер құрастыру. Ықтимал жауабы. Су: ішуге, тағам дайындауға, жуынуға, өндірісте, т.с.с. Темір: көлік жасау, үйдің есігі, орындықтың аяғы, т.с.с.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы.

Оқулықтағы сызба, ыдыстағы жент (қоспа), тары.

 

 

 

 

Пиктограммалар

Үлестірме парақшалар, картоп,үккіш, екі шыны ыдыс, құйғы (воронка), сүзгіш, йод ерітіндісі, пипетка

Оқулықтағы сызба, құрт, ірімшік, май, қаймақ алу үдерісін көрсететін бейнебаян.

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

Кері байланыс.

«ҚҚҚ-222» әдісі

  • Қызық болған 2 нәрсе
  • Қиын болған 2 нәрсе

- Құнды болған 2 нәрсе

ҚБ. Мұғалімнің кері байланысы

Кері байланыс парағы

Слайд №14

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сұрақ қою барысында саралау, Жент жасалу жолы тапсырмасы барысында.

Тапсырма (Пиктограммамен жұмыс) бойынша саралау:

Қалыптастырушы бағалау құралдары:

-мұғалімнің ауызша кері байланысы (мадақтау, қолдау сөздер айту);

- өзін өзі бағалау;

- мұғалімнің жазбаша кері байланысы;

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізу;

-Сабақ барысында әрекеттер жиі ауыстырылады;

- қауіпсіздік ережелерін сақтауға назар аударылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме?

Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе, себебі неде?

Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме?

Саралау бойынша жұмыс дұрыс жүргізілді ме?

Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма?

Жоспардан ауытқу орын алды ма? Неліктен?

Қорытындылау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.