Жануарлар тірі ағза. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: Ғылымға кіріспе

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Күні:

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар тірі ағза

Мұғалімнің есімі: Турсынова Л.Д

СЫНЫП: 1В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: қоршаған ортадағы құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды оқып-үйренудің маңызын түсіну; жануарлар және өсімдіктерді салыстырып, олардың­ ұқсастығы мен айырмашылықтарын анықтау;

Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған орта заттары, құбылыстары мен үдерістерін зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

  • қағаз ұстағышы бар тақтайшалар;
  • фотоаппарат (бейнекамера);
  • ермексаз;
  • жануарлардың суреттері. Интернет-ресурстар:
  • Қазақстан табиғаты туралы бейнефильм http://www.youtube.com

Күтілетін нәтижелер:

  • Оқушылар жануарлардың тірі ағзаларға жата­ тынын мына белгілер бойынша біледі: олар қо­ ректенеді,­ өседі, дамиды, көбейеді.
  • Оқушылар өсімдіктердің жануарлардан қандай айырмашылығы бар екенін түсінеді, оның ішінде жануарлардың қозғалуға қабілеттілігін түсінеді.
  • Оқушылар бақылау, талдау, түйіндеу, түсіндіру дағдыларын жетілдіреді.

Сабақтың мақсаты:

1.2.2.1 жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау;

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

Тірі ағзалардың айқын белгілері: қоректену, өсу және даму, тыныс алу мүмкіндігі. Барлық тірі ағзалардың қоректенуі әртүрлі. Бірде-бір жанды ағза тыныс алмай тіршілік ете алмайды. Жануар­ ларға да өсімдіктер сияқты жоғарыда аталған белгі­ лердің барлығы тән. Яғни, жануарлар — жанды ағзалар. Жануарларға қозғалу тән, бұл олардың өсімдіктерден ерекшелігі болып табылады.

 Түйе. Шөлді аймақтарға бейімделген ірі жануар.Екі өркешті түйелерді Қазақстанда және Моңғолия­ да өсіреді.

Әлемде алуан түрлі жануарлар бар. Жануарлар да өсімдіктер сияқты тірі ағзаларғажатады.Фотосуреттерге қара.Топтарға бөл. Қандай топтар шықты.

Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр

Суреттерге қарап, өсімдіктер мен жануарлардың үш ұқсастығын анықта.

Суреттерді сипатта.

Мысық не істеп жатыр? Мысық пен гүлдің айырмашылығы неде?

Жануарлар өсімдіктер сияқты өседі, қоректенеді, тыныс алады және көбейеді. Жануарлар қозғалады әрі түрлі қимылдар

жасайды: жүреді, жүгіреді, қарғиды, секіреді, өрмелейді, ұшады, қалықтайды, қонады, жүзеді, сүңгиді т.б.

 Кіріспе тапсырма. Сабақтың басында оқушылардың эмоциялық көңіл күйін сабаққа аудару үшін

“Қайырлы таң” ойынын ойнауды ұсыныңыз. Ойын барысында мұғалім оқушыларға “Қайырлы таң!” деп тілек айтады. Мұғалімнің айтқанына келісетін оқушылар қол соғуы керек.

Әрі қарай оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында мұғалім “Өсімдіктер дегеніміз не? Өсімдіктер қандай болады? Олар неге тірі ағзаларға жатады?” деген сияқты сұрақтар қояды.

Топтарға бөл. Бұл тапсырманың мақсаты өсім­ діктер және жануарларды топтастыру болып табы­ лады. Тапсырманы оқушыларға жұппен орындатуға­ болады. Берілген жұмыс нәтижесінде оқушылар­ өсімдіктердің­ жанды ағза екенін түсінеді.

Жауабы

Өсімдіктер: қарағаш, итмұрын, түймедақ. Жануарлар: құлан, түйе, аққу.

Өсімдіктер мен жануарларды салыстыр.

Оқушылардың­ назарын бірінші қатардағы суретке аударыңыз. “Өсімдіктің қандай ерекшелігі бар? Жанды ағзалардың қандай белгілері көрсетілген?” Әрі қарай үш бағандағы суреттерді салыстырып, қандай ортақ белгісі барын анықтаңыз. Бірінші ба­ ғандағы сурет (өсімдік өскіні де, марғау да қорек­ теніп жатыр, яғни екеуі де қоректі қажет етеді) пен екінші бағандағы суреттерде не ортақ (өскіннің де, марғаудың да өсіп қалғаны байқалады, яғни екеуі де өсуге қабілетті) және үшінші бағандағы суреттерге назар аударыңыз (өсімдік гүлге айналды, кішкене марғау — мысыққа айналды, гүлдің жанында жас өскіндер пайда болып келеді, ал мысықтың жанында кішкене марғау пайда болыпты, яғни екеуі де ұрпақ беріп, көбеюге қабілетті).

“Көжек” атты сергіту сәті

Суреттерді сипатта. Оқушылардың назарын тағы бір рет үш бағандағы суреттерге аударыңыз. Бірінші қатардың екіншісінен басты айырмашылығы не екенін табуды сұраңыз. Бұл жұмысты топпен орындауға болады.

Марғау қалай қозғалатынын сұраңыз. Үлкен мысық сияқты қозғала ма? Қимылдарды пантоми­ мамен­ көрсетуді ұсыныңыз. Ең жақсы пантомимаға жарыс ұйымдастырыңыз.

Зерттейік. Егер ауа райы қолайлы болса, оқу­ шыларды мектеп алаңына шығарып бірнеше­ жанды ағзаларды тауып алуға ұсыныс жасаңыз­. Ол үшін қағаз ұстайтын тақтайшалар мен фотоап­парат­ немесе бейнекамера керек.

Зерттеу алдында тағы бір рет жанды ағзалардың белгілерін қайталаңыз. Оқушылардың алдына нақты мақсат қойыңыз, мысалы, бес жанды ағзаны табуы керек екенін айтыңыз. Олар жанды ағзаларды тауып, суретке түсіріп, жазып, сыныпқа келгеннен кейін өсімдіктер мен жануарлар тобына бөлуі керек.

Есте сақта!

Жануарлар — бұл тірі ағзалар. Олар тыныс алады, өседі, қозғала ды, қоректенеді және көбейеді.

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Көркем еңбек. Сүйікті жануарлардың бейнесін ермексаздан жасау.

Оқушылар ермексаздан өздері ұнататын бір жануарды жасап, оның басқа жануарлардан қан­ дай ерекшелігі бар екенін айтуы керек. Жасаған жануардың ерекшелігі мен ол туралы есте қалған қызықты сәттерін еске түсірсін.

Мысық қалай өсті? Оқушылар мысықтың өсукезеңдерін анықтап, дұрыс тәртіппен нөмірлеуі тиіс. Кейбір оқушыларға бұл тапсырманы жеке орындауға, қалғандарына топпен орындауға ұсыныс жасаңыз.

Бағалау

Оқушылар тақырыпты қаншалықты жақсы мең­ гергенін тексеру үшін рефлексия ретінде кез келген жануарды сипаттап беруін және қандай да бір өсім­ дікпен салыстырып, жануарлардың тірі ағза екенін түсінуі керек. Tапсырманы жеңілдету үшін оларға екі суретті (жануар мен өсімдікті) немесе нақты мысалды ұсынуға болады.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу