Толыққанды тамақтану. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 А бөлім: Адам тіршілігіндегі үдерістер | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Күні: 4.11.2015 | Мұғалімнің аты-жөні : Сарыева А.Т. | |||||||||
Сынып: 1В Пән: Ғылымға кіріспе | Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: 0 | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Толыққанды тамақтану | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 4.2 Адамның тiршiлiк әрекетiнiң процестерi | |||||||||
Сабақтың мақсаттары | 1.4.2.2 Адамның өсуіне және дұрыс дамуына қажетті мұқтаждықтарды анықтау (мысалы, тағам, ұйқы); 1.1.1.1. Келесі сұрақтарды қою: «Сәби нені қажет етеді? Дұрыс тамақтану деген не? Дұрыс ұйқы дегеніміз не?» және т.б. | |||||||||
Жетістік критерийлері | Білу және түсіну: адамның өсуі мен дамуына қажетті тағамдар мен факторларды анықтай алады. | |||||||||
Сөздік қор | Пайдалы тағам, дұрыс тамақтану, дастарқан басында, ет, бауырсақ, жеті нан, жеміс-жидек, шай, отбасы, ет, бауырсақ, қазы, қымыз, таба нан | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану. Отбасылық дәстүр. | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар адамның өсуіне және дұрыс дамуына не керектігін біледі. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Cабақты шеңберге жиналып, тақпақ айтудан бастау: Сәби нені қажет ететінін сұрап, ОМ анықтап алу. | |||||||||
Сабақ ортасы
| (ЖЖ) «Менің отбасым және достарым» атты тақырыптың аясында оқушылардан отбасының сүйікті тағамдары туралы жұбымен сөйлесуді ұсыну. Сөйлесу барысында төмендегі сұрақтарды қоюды сұрау:
Жұптар арасындағы сөйлесуді бақылап жүру. Жұптар арасындағы сөйлесуге берілген уақыт біткен соң, 1 жұпты орта шақырып, өз жұбының отбасындағы дайындайтын сүйікті тағамдары туралы не білгенін айтқызу. (МК, Ұ) «Менің отбасым және достарым» атты тақырыптың аясында сурет бойынша жұмыс ұйымдастыру. Оқушылардың назарын суретке аудару: Оқушыларға суретке қарап, сөздер айтуды ұсыну. Оқушылар сөздерді айтып болған соң, алдын ала жолақшаларға (дастарқан басында, ет, бауырсақ, жеті нан, жеміс-жидек, шай, отбасы) жазып дайындап қойған сөздерді кезекпен тақтағы суреттердің қасына қыстыру. Сөздердің ішінде олардың айтқан сөздері де бар екеніне назар аударып тұру. Сөздерді қыстырмас бұрын, оқи алатын оқушыларға оқуды ұсыну, оқи алмайтын оқушылар хормен қайталайды. Келесі кезекте оқушыларға сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыруды ұсыну. Сөйлем құрастырған балалар кезекпен ортаға шығып тұрады. 4-5 сөйлем құрылған соң, әр баланың сөйлемін алдымен өзі, содан соң сынып оқушылары хормен айтып қайталайды. Солай шағын мәтін құрылады. Қажет болса мәтін бірізді болу үшін, сөйлемдердің орнын, яғни тұрған оқушылардың орнын ауыстыру керек. Сыныптағы 2-3 оқушыға мәтінді толық айтып шығуға мүмкіндік беру. Содан соң оқушылардан осыдан басқа қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білетіндерін сұрау. Ұлттық тағамдар туралы видео көрсету. Артынан видеода көрген тағамдарды атауын сұрау. Суреттерді сөздерімен алдын-ала жазып қойып, тақтаға кезекпен қыстырып, хормен айтқызу (ет, бауырсақ, қазы, қымыз, таба нан). (Ұ, Ө) Адам не үшін тамақтанады? Кез-келген тағам пайдалы ма? деген сұрақтар қойып, «Азық-түлік дүкенінде» деген тақырыпқа рөлдік ойын ұйымдастыру. Азық-түлік сөресін дайындау.Оқушыларға дүкеннен таңғы және түскі ас үшін отбасы мүшелеріне азық-түлік сатып алуға кеңес беру. Бір оқушыға сатушы болуды ұсыну, одан кейін рөлдерімен ауысады. Оқушыларды дүкеннен азық-түлік сатып алуға шақыру. Оларға қойылатын сұрақтар:
| Тамақ сақтауға арналған бос ыдыстар. Журналдар, қайшылар, желім, қатты қағаз. | ||||||||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында «дұрыс тамақтанудың» не екенін қаншалықты түсінгендерін бақылау үшін, қалыптастырушы бағалау жүргізіліп, сұрақтар қойылады:
Содан соң мұғалім тағам түрлерін көрсетіп тұрады, ал көмекке шақырылған мұғалім, балалардың жауаптарын түртіп алып тұрады. | |||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
Оқи алатын оқушылардың тірек сөздерді өздері оқуына тапсыру. Жұптар арасындағы сөйлесуді қиналатын оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып бағыт беру. | Оқушылардың жұпта талқылау жүргізу барысын бақылау арқылы бағалау. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздер айтып бағалау. Сөз, сөйлемдер құрастырған оқушыларды «көңілді смайл» беру арқылы бағалау. Пайдалы және пайдасыз тағамдарды ажырата білулерін жасыл және қызыл шаршыларын көрсеткендеріне қарай бақылап бағалау. | Сергіту сәттерін өткізу. | ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:Постермен жұмыс жасау оң нәтиже берді, себебі оқушыларда сөздер, сөздерден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құруға мүмкіндік болды. Бұл жұмыс оқушылардың тілдерін дамыта түсті. 2: «Азық-түлік дүкенінде» ойыны оқушыларға өмірмен байланысты жүзеге асыруға көмектесіп, тақырыпты түсінуге жол сілтеді. Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушыларға жұптасып жұмыс жасаудың жолын үйретуді жетілдіру қажет. 2:Оқушыларға өз іс-әрекеттеріне, жұмыстарына рефлексия жасауды үйретуді жетілдіру қажет. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Рөлдік ойынға жақсы ене алатын оқушымның қабілетін байқадым, енді осы оқушымның қабілетін ескеріп, сөйлеуге қысылатын оқушымен жұптастыруды жоспарлап, ықпалын байқауды бақылауды жоспарлаймын. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру