Өсімдіктерді қалай күту керек. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1B бөлім: Өсімдіктер | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Күні: 19.10.2015 | Мұғалімнің аты-жөні : Сарыева А.Т. | ||||
Сынып: 1В Пән: Ғылымға кіріспе | Қатысқандар:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||
Сабақ тақырыбы | Өсімдіктерді қалай күту керек | ||||
Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.4 Өсімдіктерді қорғау | ||||
Сабақтың мақсаттары | 1.2.4.1 Өсімдіктерге зиян келтіруге болмайтындығын түсіну 1.2.4.2 Өсімдіктердің қорғалатынын түсіну. | ||||
Жетістік критерийлері | Оқушылар өсімдіктердің табиғаттағы маңызын сипаттай алады; өсімдіктерді қалай қорғау керектігін біледі. | ||||
Сөздік қор | Қорғау, маңызы, от жақпау, гүлдерді жұлмау, орманды ластамау, ағаштарды сындырмау. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тәрбиелеу. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер. Өсімдіктерді қорғау белгілерінің суреттерін топпен салу. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар өсімдіктердің тірі ағзалар екендігін білуі, сондай-ақ оларды қалай күту және өсіру бойынша негізгі білімі бар | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Өткен сабақта енгізген «қызмет» деген сөздің мағынасын еске түсіруден сабақты бастап, оқушылармен бірлесіп ОМ анықтап алу. | ||||
Сабақ ортасы
| (Ұ,МК,Ө) Оқушылардан адамның табиғаттағы орны қандай екендігін сұраумен бастау. Егер оқушыларға сұраққа жауап беру қиын болса, адам да өсімдіктер мен жануарлар сияқты табиғаттың ажырамас бөлігі екендігін естеріне түсіру. Табиғатта барлығы өзара байланысты. Адам табиғатпен үйлестікте өмір сүруі қажет. В.Бианканың «Үкі» ертегісін оқып беру.
Қария кешкісін шай ішіп отыр еді. Шайы дәмді, сүт қосылған. Қасынан үкі ұшып бара жатып:
Ал қария оған:
Үкі ащуланып:
Оқып бергеннен соң не түсінгендерін сұрау. Қандай ой түйгендеріне сұрап, қорытынды жасауға жетелеу. (Ұ) Сергіту сәті (Ұ, ЖЖ) Сурет бойынша жұмыс. Оқушыларды жұптастырып, бір-біріне өсімдіктердің табиғаттағы маңызы қандай екендігін айтуды сұрау. Тілдесу барысында олар суреттен қандай жануарларды көріп тұрғандарын, олардың түрін, не істеп жатқандары туралы айту керек екенін ескерту. Оқушылардың диалогтарын тыңдап жүріп бақылау. 2-3 жұпты диалогын дауыстап айтуды сұрау. Бірлесіп «маңызы» деген сөздің мағынасын ашу. Барлық оқушылар аталған термінді түсінгеніне көз жеткізу. Түсінуге қиналатын оқушыларға синоним сөздерді пайдаланып түсіндіру. Оқушылардың тілдерін дамыту мақсатында сурет бойынша сөйлем құрауды ұсыну. Кейбір жануарлар үшін өсімдіктер тұратын жерде қорек те болатынына назар аударту. (Ұ) Оқушылардан табиғат аясында болған кездерін, демалған кездерін еске алуды сұрау. Содан соң сурет бойынша жұмыс жүргізу. Оларға сұрақтар қою:
Осы орманда өсіп тұрған өсімдіктерді кім отырғызғанын сұрап, дала өсімдіктерін ешкім отырғызбайтынын еске түсіріп, сондықтан оларды жұлуға болмайтынын түсіндіру. Егер оны жұлса, өсімдік тұқым бере алмайтынын, яғни келешекте осы гүлдердің түрі азаюы мүмкін екенін айту. Бұтақтарды да сындыруға болмайтынын түсіндіру. Жаңа жыл мерекесін еске түсіруді сұрап, осы орайда орманнан кесіп әкелінген шыршаны емес, жасанды шыршаны пайдаланған дұрыс екендігін айту. Ормандағы оттың қаупін ерекше атап көрсетіп, өрттіңбейнежазбасы ретінде 39 сек. «Ормандағы өрт» мултфильмін мысал ретінде көрсету. (Ұ, Ө) Дүниежүзіндегі адамдар өсімдіктерді қорғау керектігі туралы көп айтады. Себебі өсімдіктер жоғалып кетсе, табиғаттың үйлесімділігі бұзылып, барлық тірі ағзалар құрып кетуі мүмкін. Табиғат қорғаушылары өсімдіктерді қоғаудың көп жолдарын ойлап тапты. Оқушылардан қандай да бір әрекеттерге тыйым салынатын немесе рұқсат берілетін белгілерді қайдан көргендерін сұрау. Суреттерге мұқият қарап, қандай әрекеттерге тыйым салынғанын сұрау. (Т) Оқушылардан «Ал, сендер қандай қорғау жолдарын ұсынар едіңдер?» - деп сұрап, топта жұмыс жасауды ұсыну.Әр топқа ағашты кесуге, гүлдерді жұлуға және орманда от жағуға тыйым салатын белгілерді ойлап тауып, суреттерін салуға тапсырма беру. | В.Бианканың «Үкі» ертегісі. Сюжетті суреттер, А3 парағы, түрлі-түсті қарындаштар. | |||
Сабақтың соңы | Сабақтың соңында төмендегі сұрақтарды қою:
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
«Маңызы» сөзін түсінуге қиналатын оқушыларға синоним сөздерді пайдаланып түсіндіру. Өсімдіктердің табиғаттағы маңызына көп мысал келтірген оқушыларды атап өту, ал мысал келтіре алмайтын оқушыларға назар аударып, қайта түсіндіру. | Оқушылар суретпен жұмыс жасап, жұпта талқылау жүргізу барысын бақылау арқылы бағалау. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздер айтып бағалау. | Сергіту сәттерін өткізу. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру