Өсімдіктерді күту. Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім Жанды табиғат.Өсімдіктер.

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерді күту

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: НЗМ ФМБ Талдықорған қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шарипова А.А

Сынып: 1А

Қатысқандар:21

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Өсімдіктерді күту.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Өсімдіктер. Өсімдіктердің көп түрлілігі. Өсімдік әлемін қорғауды ұйымдастыру.

Сабақ мақсаттары

1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу.

-Өсімдіктерді қалай күту,қорғау керектігін үйрену.

Бағалау критерийлері

  • Өсімдіктердің көп түрлілігін біледі.
  • Өсімдіктерді күте алады.

 Сөздік қор

  • ағаш, бұта, шөп;
  • тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс;

дің, тамыр, бұтақ, жапырақтың түсуі;

 Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады.

Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы

Өсімдіктердің адам үшін маңыздылығына тоқталу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі , дүниетану сабақтарымен байланыс орнайды.

ИКТ

АКТ – мен байланыс, презентация

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар алдыңғы сабақта алған білімдеріне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық дайындық

- ОМ таныстыру

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық. Сабақ оқушылардың сабаққа ұйымдастыру мақсатында төмендегі санамақты бірлесе айтудан басталады.

(Ж) Үй жұмысын тексеру смайлик арқылы бағалау

  • Жергілікті 10 өсімдікті атаңыз.
  • Өсімдікке не қажет? Олар оны қайдан алады?

Өсімдіктер тірі табиғаттың бір бөлігі ,оны қорғау жайлы әңгімелеу.

Өсімдіктің мүшелерін қайталап өту.

Өсімдіктерге байланысты суреттер ,А4 қағазы

Сабақ ортасы

30 минут

МК) Әр түрлі табиғи және үй жағдайларда өсетін өсімдіктерді оқушыларға атап беруге ұсыныс жасау. Мәселен, бөлме өсімдіктері, кактус, орман етегіндегі інжугүл, аптап ыстықтағы күнбағыс, таудағы еңлікгүл, көлдегі тұңғиық т.б.

(Т) Сыныпты екі топқа бөлу. Бірінші топқа өсімдіктердің өмір сүруіне қажетті жағдайларын айтуды ұсыну. Екінші топқа өсімдіктердің табиғатта маңызы қандай екенін айту. («маңызы» деген сөзді түсіндіріп жіберу )

Сергіту сәті:

Ағаш егіп,

Гүл егіп,

Қамқор болып жүрелік.

Сақтау байлықты ондағы,

Іс емес пе қолдағы!

(Т) Оқушыларды 4 топқа бөлу:

  • Жарық;
  • Су;
  • Жылу;
  • Ауа;

Әрбір топқа өздеріне түскен қажетті жағдайдың өсімдіктер тіршілігі үшін ең маңызды екендігі туралы сөз дайындауды ұсыну.

– қараңғы жерге қою (жарық әсері);

– құрғақ стаканға салу (су әсері);

– салқын жерге қою (температура әсері);

– қалпақ астына немесе мойны кең құтыға салу (ауа әсері).

Оқушылармен нәтижелерді талдап шығу. Қарапайым қорытынды жасау.

( слайд)

Сергіту сәті

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық

(Слайд арқылы оқушылырға өсімдікрерді күту жолдарын түсіндіру .)

Өздеріне ереже құрғызу:

*Ағашты кесуге

*Гүлді жұлуға

*Орманда от жағуға

*Жаңа жылда шыршаны кесуге болмайтынын бірге талқылау

«Екі минуттің ішінде өсу және гүлдену» бейне ролигі https://www.youtube.com/watch?v=3gYUkILkb0w

Сабақтың соңы

5 минут

(ҚБ)

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ кімге қиын болды?

-Кім түсінбеді?

-Кімде сұрақ бар?

-Кім бәрін түсінді, алға қарай жылжып басқа білім алуға дайын?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға «ойлан тапсырмасы ұсынылады

Қабілетті оқушыларға өсімдіктің мүшелеріне байланысты сурет салуды тапсырамын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Топтық жұмыс барысында бақылау, берілген сұрақтарға жауап беру, ауызша,смайликтер, жұлдызшалар арқылы бағалаймын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз

Дүниетану пәнімен байланысты презентацияда берілген тапсырмалармен байланыстырдым. Оқушыларды достыққа,бірлікке тәрбиелеуді топен, жұппен жұмыс барысында қарастырдым



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу