Қылмыстық қудалау – қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.


Суреттен сипаттама бойынша қылмыскерді табыңыз:

аласа бойлы, мұрты жоқ, ақсақ емес.

Сабақтың тақырыбы:

Қылмыстық қудалау - қылмыстық іс жүргізу құқығының институты

Бөлім: Іс жүргізу құқығының негіздері

Бөлімше: Қылмыстық іс жүргізу құқығының институттары

Оқу мақсаты:

11.4.1.1 - қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын түсіндіру

Бағалау критерийлері:

Қылмыстық қудалауды түсінеді;

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру шарттарын сипаттай алады

Терминмен жұмыс

Қылмыстық қудалау (айыптау) – қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті және оны жасаған адамды, соңғысының қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ осындай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптаушы тарап жүзеге асыратын процестік қызмет

Тапсырма: кілт сөзді таба отырып,өз сөзіңізбен сипаттап жазыңыз.

Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органға мыналар жатады:

1) прокурор

2) тергеуші

3) анықтау органы

Сот - қылмысты қудалау органына жатпайды

ҚР Конституциясының 83 бабы:

прокуратура заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.

Жұптық жұмыс

Тапсырма: қылмыстық қудалау органдарының (лауазымды адамдары) құқықтарын талқылап, топтар бір-біріне түсіндіру.

1 - топ. Прокурордың құықтары.

2 – топ. Тергеушінің құқықтары.

Қылмыстық қудалау келесі нысанда жүзеге асырылады:

жеке айыптау тәртібі бойынша;

жеке-жариялы айыптау тәртібі бойынша;

жариялы айыптау тәртібі бойынша

Тапсырма: мәтінді оқып төмендегі кестені толтырыңыздар.

Дереккөзбен жұмыс

34-бап. Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы шарттары

Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың шарттарымен танысу;

Әр тармақшасына мысал келтіру;

Мысалдар бойынша топта талдау.

Қылмыстық қудалауды болдырмайтын

мән-жайлар.

Қандай жағдайлар қылмыстық қудалауды болдырмайды?

Амнистия

Қылмыс туралы жалған ақпарат

Қайтыс болған адам

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөпірім

Ақыл есі дұрыс емес адам

Жәбірленушінің шағымы жоқ

Тапсырма: қылмыстық қудалауды болдырмайтын жайттарды анықтап, себебін түсіндіру.

Бір немесе екі сөз тіркесін пайдаланып кері байланыс жаса

Бүгін мен білдім…

Қызықты болды…

Қиын болды…

Мен орындадым…

Енді мен істей аламын…

Осы сабақтан алғаным…

Мен үйрендім…

Мен жасап көремін…

Мені таңқалдырды…

Сабақ мен үшін тәжірибе берді …

Менің ойға түйгенім...

Есте сақтаймын ...

Мен үшін әлі де ...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру