Қылмыстық қудалау – қылмыстық іс жүргізу құқығының институты. Құқық негіздері, 11 сынып, презентация.
Сіздер көрген бейнетаспада неге бизнесті қылмыстық қудалау қауіпінен қорғау делінген?
2. Мұндай іс-шаралар бизнесті қалайша дамытады?
3. Көрсетілген бейнетаспаның мазмұнына қарай жаңа тақырыптың тақырыбын атай аласындар ма?
Дескриптор: оқушылар бейнесюжеттің мазмұнын ашады және оның негізінде жаңа сабақтың тақырыбын атайды
Қылмыстық қудалау – қылмыстық іс жүргізу құқығының институты
Бөлім: Іс жүргізу құқығының негіздері
Бөлімше: Қылмыстық іс жүргізу құқығының институты
Сабақ тақырыбы
Оқыту мақсаттары
11.4.1.1 - қылмыстық қудалау шарттарын түсіндіру
Бағалау критерийлері :
Қылмыстық қудалау " терминін түсінеді және оның мазмұнын түсіндіре алады;
Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың шарттары мен нысандарын біледі;
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру функцияларын түсінеді;
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын субъектілер мен объектілердің құқықтық өкілеттіктерін түсіндіреді;
Қылмыстық қудалауды болдыртпау мән-жайларын қарастырады
Терминмен жұмыс
«Қылмыстық қудалау» терминіне өз сөзіңізбен анықтама беріңіз?
Дескриптор: оқушылар терминнің мазмұнын ашады
Қылмыстық қудалау – бұл субъектілерінің, жәбірленушілердің, жеке айыптаушылардың және олардың өкілдерінің іс жүргізу кезіндегі мәртебесін, сондай - ақ қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық қатысушыларының құқықтары мен заңды мүдделері өзгеріссіз сақталған кезде кінәлі деп танылған адамға қатысты кейіннен сот әділ үкімі шығаруы мақсатында қылмыс жасады деген күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны әшкерелеуге бағытталған олардың қызметін реттейтін өзара іс-қимыл жасайтын Қылмыстық іс жүргізу және өзге де құқықтық нормалар кешенін біріктіретін іс жүргізу институты.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның құрамына мыналар кіреді:
1) прокурор,
2) тергеуші,
3) Тергеу органы.
Сот қылмыстық қудалау органы болып табылмайды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабында прокуратура заңмен белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады деп көзделген.
1 топ – қылмыстық қудалаудың басталуы мен аяқталуы
2 топ – қылмыстық қудалаудың іс жүргізу функциялары
3 топ – қылмыстық қудалау нысандары (күдік; айыптау; мемлекеттік айыптау; жекеше-айыптау);
4 топ – қылмыстық қудалау субъектілері мен объектілері
(прокурор, тергеуші, тергеу органы, анықтаушы, жәбірленуші, айыпталушы)
5 топ – қылмыстық қудалауға кедергі келтіретін жағдайлар
.
Тапсырма: қылмыстық қудалау процесінің жалпы сипаттамасын беріңіз?
Қылмыстық қудалауға кедергі келтіретін жағдайлар
Амнистия
Қылмыс туралы жалған ақпарат
Марқұм
Кәмелетке толмаған жасөспірім
Психикасы бұзылған адам
Жәбірленуші тарапынан шағымдардың болмауы және т. б.
Қылмыстық қудалау іс жүргізуінің сызбасын сызыңыз
Үй тапсырмасы
Бүгін мен білдім…
Қызықты болды…
Қиын болды…
Мен орындадым…
Енді мен істей аламын…
Осы сабақтан алғаным…
Мен үйрендім…
Мен жасап көремін…
Мені таңқалдырды…
Сабақ мен үшін тәжірибе берді …
Менің ойға түйгенім...
Есте сақтаймын ...
Мен үшін әлі де ...
Бір немесе екі сөз тіркесін пайдаланып кері байланыс жаса
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру