Еңбек дауларының қаралуы. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Бөлімі:

Еңбек құқығының базалық нормалары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Еңбек дауларының қаралуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.3.5.3 – жеке және ұжымдық еңбек дауларын қарастыру механизмдерін құқықтық жағдаяттар мысалында анықтау

 Сабақ мақсаттары

Еңбек дауларының шешілу жолдарын қарастырып, өмірлік дағдыларды игереді

 Бағалау критерийлері

  • Еңбек дауларының анықтамасын, түрлерін біледі
  • Еңбек дауларын шешу жолдарына екі жағдаят құрастырады, талдайды, мәселені шешу жолын ұсынады

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге қатысты терминология

  • кәмелетке толмағандардың еңбегі
  • жұмысшының өмір мен денсаулығына зиян келтіру
  • еңбекті қорғау
  • еңбек даулары
  • еңбек төрелігі
  • сот төрелігі
  • еңбек жағдайлары

Диалогқа қатысты сөйлемдер

Жұмыс берушінің және жұмысшының құқықтарының сақталуы маңызды, себебі (...)

Жұмысшының өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі бар, себебі (...)

Кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығы маңызды, сондықтан (...)

Құндылықтарды дарыту

  •  Құрмет (топтық жұмыстағы өзара құрмет, бір-бірін тыңдауы және уақыт ережелерін сақтау, заңға құрмет, өзгелердің меншігіне және мемлекеттің меншігіне құрметпен қарау, сақтау, бүлдірмеу)
  •  Азаматтық жауапкершілік (заңды сақтау, міндеттерді орындау арқылы)
  •  Қазақстандық патриотизм (ҚР Конституциясы мен негізгі заңнамаларын оқып, үйрену арқылы)
  •  Ынтымақтастық (жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынасты оқып үйрену арқылы)

Пәнаралық байланыстар

Тілдік пәндер, гуманитарлық пәндер

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін ақпараттарды қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Берілген Интернет ресурстармен қажетті ақпаратты іздеу және өңдеу дағдылары

Бастапқы білім

Мектеп бағдарламасы көлемінде гуманитарлық пәндер бойынша алған білімдері мен күнделікті өмірдегі әлеуметтік тәжірибелерін,сондай-ақ БАҚ көздерінен берілетін еңбек құқығы туралы ақпараттарды қолданады.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

М Сабақтың жаңа тақырыбы таныстырылады сурет талқыланады. Еңбек даулары ұғымы, себептері, шешу жолдары, жауапты ұйымдар жайлы презентация қолданып түсіндіреміз

Слайд

Сабақтың ортасы

5-30 мин

05-15 мин

15-35 мин

Б Мұғалім көп кездесетін еңбек дауларынан мысалдар келтіре отырып, дисскусия ұйымдастырады. Дисскусия ұйымдастыруда төмендегі сұрақтарды басшылыққа алу қажет:

- Еңбек даулары неден туындайды?

- Еңбек дауларын шешу жолдары қандай?

-Қызметкерлердің өз құқықтарын білу қаншалықты маңызды?

Оқушылардың пікірлері мен дәйектеріне мұқият тыңдап баға береміз.

Топтық жұмыс жүргізіледі

Кейс стади технологиясы арқылы топтарға еңбек дауларына байланысты (жеке және ұжымдық еңбек даулары) қатысты жағдаяттарды ұсынамыз.

Оқушылар еңбек дауларының шешу жолдарын анықтайды.

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Жағдаяттар

«Құқық негіздері» 10 сыныпқа арналған оқулық, Алматы, 2010

Сабақтың соңы

35-40 мин

Жаңа тақырыпты қорытындылаймыз және бекітеміз. Үй жұмысы бойынша қысқаша инструктаж.

Рефлексия

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Маған ... бұл болашақта қажет болады

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Слайд

Саралау

Сабақта визуалдар мен аудиалдар үшін жеткілікті материалдар дайындалған. Тапсырманы оқушылардың өздеріне дауыстап оқыту және тақтада презентация ретінде көрсету қамтамасыз етілген. Топтық жұмыста қабілетті оқушылар басқа оқушыларға кейбір терминдер мен ұғымдарды түсіндіру, жағдаяттарды талдау жұмыстарын жүргізеді.

Бағалау

Жетістік критерийі бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау.

Сабақ барысында басымдық берілетін ең маңызды критерий – ғылыми тілді пайдалану

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Компьютермен және басқа да техника түрлерімен жұмыс жасау ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру