Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.


Адам құқықтарын қорғау механизмі

Адам құқығы – конституциялық құқықтың маңызды институты. Мемлекет ішіндегі құқық, сондай-ақ халықаралық құқық саласын да ол ХХ-ғасырдың ІІ жартысында  ерекше дамып, бұл адамзат құқығының дамуындағы елеулі қорытындыларының бірі болып табылды.

Адам құқықтарын қорғау механизмі – бұл адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою мақсатында кезекті түрде ұйымдастырылған заңды құралдардың жүйесі. Жалпы адам құқықтарын қорғау механизимінің мақсаты болып, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз  ету  табылады.   Құқықтық   реттеу механизмі заңдық құралдардың жүйесі, олардың көмегімен қоғамдық қатынастарға құқықтық əсер ету жүзеге асырылады, құқық субъектілерінің мүдделері қанағаттандырылады. Құқықтық реттеу механизмі элементтерінің құрамына құқықтық норма, құқықтық қатынастар, жеке құқықтық актілер, құқықтық тəртіп пен құқықтық сана кіреді [1].

Мемлекетте   демократияның    басты негізі адамның, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы болып табылады. Сондықтан  да, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизміне нормативті құқықтық   актілер   жатады. Барлық  қазіргі заманға сай конституциялар, оның ішінде Қазақстан Республикасының   Конституциясы да бұл мəселеге ерекше назар аударады. Көпшілігінде адам мен  азамат  құқықтары мен бостандықтары алғашқы бөлімдерде келтірілген, бұл мемлекеттің жеке тұлғаның құқықтық жағдайына қаншалықты қарымқатынаста болатындығын көрсетеді. Көпшілік мемлекеттер Конституциясымен қатар оның құрамдас бөлігі ретінде негізгі құқықтар мен бостандықтарды жеке құжаттарда көрсету орын алады. Бұған, атап айтқанда 1789 жылғы француздың «Адам мен азамат құқығы Декларациясын», 1982 жылғы канадалық «Құқық пен бостандық хартиясын», 1992 жылғы «Негізгі құқықтар мен бостандықтар  Хартиясын» жатқызуға болады. Бұл қадам басқа да конституциялық жағдайлардан жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бөліп алып қарастыруға мүмкіндік береді [2].

1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция адамның, жеке тұлғаның құқықтық мəртебесін реттеуде ірі қадамдардың бірі болды. Ол тек адам құқықтары облысында халықаралық құжаттардың ойларын ғана емес, сонымен қатар елдегі əлеуметтікэкономикалық жəне саяси жағдайлардың конституциялық дамуының  бұрынғы  тəжірибесін де есепке алды. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қазіргі уақытта қорғау жүйесі көп деңгейлі сипатта көрінеді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы ең жоғары құндылық ретінде адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп бекітті. Бұл қағида демократиялық мемлекеттің  қызметі мен оның халықаралыққұқықтық міндеті. Конституцияда бекітілген жеке тұлғаның құқығы оны жүзеге асыру мен қорғаудың тиімді механизмін құруды болжайды. Адам құқығы, оны сақтау мен кепілдік беру бүгінгі таңдағы маңызды мəселелердің бірі. Адам құқықтарын сақтаудың шындық жағдайы – демократияның маңызды көрсеткіші, оның кемеліне келуі мен руханилығының белгісі.

Адам жəне азаматтың конституциялық – құқықтық мəртебесi институты төмендегiдей элементтердi қамтиды:

а) адам жəне азаматтың құқықтық мəртебесiнiң мəн-маңызын құрайтын конституциялық құқықтар, бостандықтар жəне мiндеттер;

ə) адам мен мемлекет арасындағы қарымқатынастарды, сондай-ақ адамның қоғамдағы жəне конституциялық құқықтың басқа субъектiлер арасындағы жағдайларды сипаттайтын адам жəне азаматтың мəртебесiнiң конституциялық принципi[3].

Сонымен қатар конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді жүзеге асыру объективтік жəне субъективтік факторлардың бірлігіне  де  байланысты.  Демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан үшін аталған мəселені шетелдік тəжірибені  қолдана  отырып шешу тиімдірек екені сөзсіз. Қазақстан Республикасының халықаралық байланыстары, мемлекет азаматтарының шетел азаматтарымен арасындағы қарым-қатынасы бұл тəжірибеге əсерін тигізіп қана қоймайды, сонымен бірге оған ылғи да жол ашуды көздеп отырады.

Адам құқығы-қазіргі замандағы өзекті мəселелердің бірі. Мемлекет те, партия да, жеке лауазымды тұлға да емес, жеке қарапайым адам өзінің құқықтары мен бостандықтары арқылы кез келген қызмет ортасында болуы керек. Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарына қол сұғылмайды жəне ол адамның туған сəтінен бастап өзіне тиесілі.

Кез келген адам мен  азамат  негізгі құқықтар мен бостандықтарды пайдалана алады. Демократиялық құқықтық мемлекеттің заңдылықтары  адам  мен  азаматтың құқықтары мен бостандығының теңдігіне, яғни оның ұлтына, нəсіліне, жынысына, тіліне, мүліктік жəне қызметтік жағдайына қарамастан кепілдік береді, тілдік, діндік, ұлттық, нəсілдік, əлеуметтік белгілеріне қарамастан оның құқықтарына шек қоюға тыйым салынады.

Адам қоғамы мыңдаған жылдар бойы-сонау көне дəуірден қазіргі заманға дейін əлеуметтік нормалар арқылы басқарылып келді. Сондықтан жеке адамның құқығы мен бостандығы туралы теорияның мыңдаған жылға созылған тарихы жəне мол тəжирибесі бар.

Адам құқығы – тарихи, табиғи, объективтік құбылыс. Сондықтан əлеуметтік норма əр уақытта даму процесінде болады. Əлеуметтік норма адам қоғамымен бірге дамып, бірге өзгеріп, бірге өмір сүріп келеді. Қоғам дамып, нығайып, жақсарған сайын  əлеуметтік  норма да дамып, нығайып жақсарады, оның əділеттік, бостандық, демократиялық шеңбері де, кеңістігі де молаяды, күрделенеді[4].

Жалпы, адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, байрақатты тұрмыс кешуіне жағдайды қалыптастыру – əлемдік қауымдастыққа көшін ұластырған Қазақстанның алдына қойған мақсаты[5]. Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғау саласында оң қадамдар жасауда. Біздің республикамыз келешекте де адам құқығы жөніндегі айтулы халықаралық, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси пактілерге қосуға бет бұрып, үнемі басты назарда ұстауға кепілдік береді.

Мақаланың өзектілігіне, əркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылу құқығы жəне өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тəсiлмен қорғауға жатады. Адам құқықтарының ерекше құқықтар ретiнде қабылдануы  үшiн  бiздiң  бiрiншi  ұсынысымыз– əр  түрлi  мəдениеттегi  қоғамдарда  танылқан «адам құқықтары» деген сөз тiркесiнiң барлық қоғамда, еш өзгерiссiз, əмбебап адам құқықтары ретiнде қабылдануы, бiрақ қоғамдағы құқық саласында қолданылып жүрген терминдердi түсiндiру.

Халықаралық құжаттарда жəне қазақстандық заңдарда мынадай  екі  ұғым  қолданылады: «адам  құқығы»  жəне   «адам   бостандығы». Заң тұрғысынан адам құқығы мен адам бостандығының  бір-бірінен айырмашылығы жоқ. Дегенмен, белгілі бір өзгешеліктері бар. Мұны осы екі ұғымның анықтамаларын салыстыра отырып байқауға болады.

Адам бостандығы – бұл мемлекеттің араласуы тиіс емес қызмет салалары. Ол тек құқықтық нормалар арқылы солардың шеңберінде адамның өз қалауы бойынша іс-əрекет етуін белгілейді. Мұндайда мемлекет нақты адамның бостандығына араласпауы тиіс, сондай-ақ мемлекет бұл бостандықтардың басқа тұлғалардың араласуынан қорғалуын қамтамасыз етуі тиіс.

Адам құқығы – заңда көрсетілген саладағы мемлекет белгілеген жəне кепілдік беретін адамның     мүмкіндіктері     мен    өкілеттіктері.

«Адам бостандығына» қарағанда «адам құқығы» терминінің аясында адам қызметінің нақты бағыты бекітіледі. Мемлекет заңда көрсетілген салада адамның іс-əрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етуге жəне қорғауға міндеттеме қабылдайды.

Адам құқығы жəне бостандығы адамның құқықтықмəртебесінбелгілейтін,оныңжағдайын бекітетін, жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым-қатынасты, адамның жəне мемлекеттің қатынастарын бекітетін халықаралық жəне ұлттық нормаларының жүйесін білдіреді. Адам құқығының жəне бостандығының объективті түрдегі анықтамасы осындай. Субъективті түрде адам құқығы жəне бостандығы нақты тұлғаға тиесілі құқықтық нормалар мен көзделген мүмкіншілігі (өкілеттігі) жəне мемлекет қорғайтын іс-əрекеті ретінде анықталады.

Адам құқығы табиғи қасиетке ие жəне жеке адамнан ажырамайды, олар аумақтық немесе ұлттық шеңбермен шектелмейді, халықаралық құқықтық реттеу жəне қорғау объектісі болып табылып, мемлекеттің заң актілерінде бекітілгенге қарамастан тəуелсіз болып табылады. Олар адамды сипаттап жəне оның қалыпты өмір сүруіне қажетті жалпы əрі негізгі өкілеттіктері болады. Адам құқығы мемлекеттің нақты заң актілерінде белгіленген жағдайда олар осы мемлекет азаматының құқықтары болып табылады.

Азаматтыққұқыққоғамныңжəнемемлекеттің даму барысында жасалған жəне пайда болған табиғи өкілеттіктерінің мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерде көрініс табуы болып табылады. Азаматтық құқық міндетті түрде конституциялар мен басқа заң актілерінде белгіленеді жəне мемлекет оны жария етіп əрі олардың қорғалуын қамтамасыз етеді. Олар адамды мемлекеттік ұйымдасқан қоғамдастықтың мүшесі екендігін білдіреді.

Бұл екі құқық санаты əдетте бір тұрғыдан еске алынады, дегенмен олардың мазмұны бірдей емес. Адам құқығы негізгі болып табылады, қай жерде туғанына, қай елдің азаматы екендігіне, сол елде тұратындығына немесе тұрмайтындығына қарамастан олар барлық адамдарға тəн, ал азаматтық құқық белгілі  мемлекеттегі  адамның  сол  мемлекетте тұрғандығына байланысты бекітілген құқықтарын кіргізеді. əрбір азаматқандай-да болмасын мемлекетте жалпыға бірдей адам құқықтарына жəне осы мемлекет мойындаған азаматтық барлық құқықтардың жиынына ие. Сондықтан құқықтар мен бостандықтардың екі тобын біріктіретін «азаматтық құқықтар жəне бостандықтар» термині заңды болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтар адамның негізгі құқықтық мəртебесін білдіреді. Олардың көпшілігі абсолюттік сипатта, яғни тек қана ажыратқысыз болып табылмайды, сонымен қатар олар шектелуге жатпайды.

Адам құқықтары мен бостандықтары тек қана бір мемлекеттің ісі емес, бүкіл халықаралық бірлестіктің субъектісі болып табылады. Адам құқығы саласындағы жалпы танылған халықаралық нормалар қазір ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Сондықтан да мемлекет ішіндегі адам құқығын қорғау механизмі, халықаралық құқық нысандарымен қамтамасыз етілуімен тығыз байланысты. Адам құқығын қорғау жөнінде нормалар қабылдаған халықаралық ұйымдар, адам құқығының бұзылмауына жол бермеуге нақты механизмдер қарастырды.

Егер мемлекет ішінде құқықтық көмек құралдары болмаған жағдайда, халықаралық құқық көзқарарасы бойынша, əрбір адам өзінің мемлекетінің халықаралық шарттары бойынша, адам құқығы мен бостандығын қорғау мемлекет аралық органдарынан көмек алуға болады. Адам құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау жайында, қоғамдық тəртіпті сақтауда, адам құқықтары мен бостандықтарын, адам денсаулығы мен ар абыройын қорғау негізінде заңда көрсетілген жағдайда ғана шектеледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын саяси ниетпен шектеуге жол берілмейді

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру