Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары. Құқық негіздері, 10 сынып, презентация.


- Инфографикадан нелерді байқадыңыздар?

- Суреттерге назар аударып, «әкімшілік процесс», «әкімшілік іс жүргізу түрлері», «арыз», «өтініш», «шағым» ұғымдарын түсіндіріңіздер.

Әкімшілік іс жүргізу құқығының негіздері

Сабақ тақырыбы

Әкімшілік процесс түсінігі, міндеттері мен қағидаттары

Бөлімше атауы:

Оқу мақсаттары:

Бағалау критерийлері:

10.4.3.1 әкімшілік процесс ұғымын, оның міндеттері мен қағидаттарын түсіндіру

10.4.3.2 әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау

Білу және түсіну: «әкімшілік процесс», «әкімшілік іс жүргізу түрлері», «арыз», «өтініш», «шағым» ұғымдарын түсіндіреді

Қолдану: «Заңды өкіл», «Сарапшы», «Куәгер» ұғымдарын қатыстырып, рольдік қойылым ұйымдастырады

Талдау және бағалау: әкімшілік іс жүргізу түрлері бойынша құқықтық жағдаяттарды талдап, шешімдер ұсынады және баға береді

№1. Тапсырма

- Арыз, өтініш, шағым ұғымдарының әкімшілік процеске қандай қатысы бар?

- Қалай ойласыздар, әкімшілік іс жүргізуге қандай міндеттер кіреді?

Дескриптор

Оқушылар арыз, өтініш, шағым ұғымдарының әкімшілік процеске қандай қатысы бар екеніне өз түсніктерін береді

- әкімшілік іс жүргізудің міндеттерін атайды

Анықтамасы:

Әкімшілік процесс бұл жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік органдар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттеу болып тәртібі. Оның маңызы қоғамдық тәртіп пен әлеуметтік әділдікті қалыптастыруында.

№2. Тапсырма Сыныптық/Топтық жұмыс

- Нұсқаулық:

«Әкімшілік ұстау» тақырыбындағы бейне сабақты тамашалап, ондағы заңның баптарына түсініктеме ұсынасыздар.

Бейнематериал және таратпа ресурстар ақпараттары негізінде келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

- Әкімшілік процестегі әкімшілік ұстау дегеніміз не?

- Әкімшілік ұстаудың қандай заңдық шарттары бар?

- Әкімшілік ұстауда азаматтар мен құқық қорғау органдарының арасындағы қарым-қатынас этикетін құрастырыңыздар.

Дескриптор:

Оқушылар әкімшілік процестегі әкімшілік ұстаудың анықтамасын береді;

- Әкімшілік ұстаудың заңдық шарттарын ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің баптарына сүйене отырып түсіндіреді.

- Әкімшілік ұстауда азаматтар мен құқық қорғау органдарының арасындағы қарым-қатынас этикетін инфографика түрінде құрастырады.

Қолданылатын құжаттар:

ҚР Конституциясының «Адам және азамат» бөлімі 10-39 баптары аралығы,

ҚР Әкімшілік Кодексі;

ҚР Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексі,

ҚР ішкі істер органдары туралы Заңының 19 –бабы 5-тармағы

Әкімшілік ұстауға түсініктеме беру:

Жеке адамды жеке бас бостандығынан, атап айтканда, оның құқыққа қарсы әрекетін тыю мақсатымен белгілі бір уақыт ішінде арнаулы орында мәжбүрлеп ұстай отырып, іс-әрекет және жүріп-тұру бостандығынан уақытша айыру. Оны ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкері; төтенше жағдай жарияланған жердің комендатурасы мен әскери сақшысы; шекара қызметінің органдары; күзетілетін объект орналасқан жердегі аға әскери қызметші, ішкі істер органдарының қызметкері, әскерилендірілген күзеттің лауазымды адамы; барлық қорғау органдары; көлік бақылау органдары; әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары; қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау органдары; салық қызметі мен салық полициясы органдарының лауазымды адамдары; кен кадағалаудың, шекаралық қызмет органдарының, т.б. лауазымды адамдары; кеден органдарының лауазымды адамдары; Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің лауазымды адамдары; сот приставтары жүзеге асыра алады.[1]

Әкімшілік процестің белгілері:

Заң өндірісінің бір түрі;

Мемлекеттік басқару субъектілерінің билік жасау қызметінің бір түрі;

Әкімшілік құқықтың материалды (объективті) нормаларын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасайды;

Әкімшілік іс жүргізудің мақсатыбасқару істерді шешу мен нақты заңдық нәтижелерге жету;

Әкімшілік іс жүргізудің нәтижелері (аралық және толық) ресми құжаттарда бекітіледі;

Әкімшілік құқықтың жекеше институттың қалыптастыратын әкімшілдік іс жүргізу нормаларымен реттеледі;

Нақты реттілікке ие болады.

№3. Тапсырма Топтық/Жұптық жұмыс.

1 топ – Әкімшілік процестің белгілерін және мәселелерді шешу жолдарын ұсыну

2 топ – Әкімшілік құқық бұзушылық үшін өкініш анықтамасы және жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтау

3 топ – Әкімшілік құқық бұзушылықты жасауға қасақана жол берген тұлға мен оны жасаған тұлғаның заңға сәйкес жауапкершіліктерін анықтау

4 топ – ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылыққа қолданылатын жауапкершілік деңгейін анықтау.

Дескриптор:

Оқушылар әкімшілік процесті жүзеге асырудың құқықтық негіздерін анықтау үшін өздерінің құқықтық ситуациялары бойынша «Арыз», «Өтініш», «Шағым», «Заңды өкіл», «Сарапшы», «Куәгер», «Сот шешімі» және «Медиация» терминдерін қатыстыра отырып, рольдік қойылым ұйымдастырады.

1) Тәртіпке қатысты іс қозғау;

2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы құрастыру;

3) Тергеу ісін жүргізу;

4) Қарастыру;

5) Шағым беру (аппеляция);

6) Орындау

Сұрақтарға жауап беруде бойынша рольдік қойылымды көрсетудегі әкімшілік процес жауапкершіліінің 2 түрлі формасында көрініс табады:

Азаматтардың ұсыныстары, өтініштері және шағымдары бойынша іс жүргізу

тәртіптік бұзушылық ісі бойынша өндірісі

Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізу

лицензиялық-рұқсат алу өндірісі; тіркеу өндірісі; басқару құқықтық актілерді қабылдау бойынша іс жүргізу.

 юрисдикциялық өндіріс

Процедуралық

өндіріс

Құқықтық жағдаяттар:

Құқықтық жағдаят №1

Жарқайың ауданы Державинск қаласының дүкен сатушысы кәмелетке толмағанға темекі бұйымын сатқан.

Сот қаулысымен дүкен сатушысына ҚР ӘҚтК сәйкес қандай жаза қолданылуы тиіс?

Құқықтық жағдаят №2

03.03.2014 жылы С. қаласы Ұ. көшесінің бойында орналасқан «Жезқуат» дүкенінің жанында азамат М. темекі қорабын ашып, жылтыр қағазын өтіп бара жатып лақтырып кеткен, сөйтіп ортақ қоғамдық орынды ластаған. Сот отырысында азамат М. өз кiнәсiн толығымен мойындап, шын жүректен өкінетіндігін бекітті. С. қалалық сотының қаулысымен

ҚР ӘҚБтК-нің нешінші бабына сәйкес азамат М. әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және жаза түрінде әкімшілік қамауға тартуға бола ма ?

Құқықтық жағдаяттар:

Құқықтық жағдаят №3

Аудандық сотында азамат У.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Іс құжаттарына сәйкес, азамат У. 2014 жылғы 08 мамырда «Мазда-323» көлігінің иесі бола тұра, қаланың Уәлиханов-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында алкогольдік масаң күйіндегі азамат С.-ға көлік құралын жүргізуге берген.

Сот көлік иесі мен жүргізушіге ҚР Жол жүру ережесі туралы және ҚР ӘҚБтК сәйкес қандай жаза тағайындауы тиіс?

Құқықтық жағдаят №4

Қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 330 бабының 1-бөлімімен аз. Г қатысты әкімшілік іс түсті. Іс материалдарына сәйкес азаматша аз.Г. 09 сәуір 2014 жылы А қаласы 7 шағын ауданының үйдің кіреберіс подъезінде азаматша аз.Т. жанжалдасып лас сөздер мен балағаттап қоғамдық орында құрметтемеушілік білдірген, яғни ҚР ӘҚБтК-нің 330 бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот қандай қаулы шығаруы тиіс?

Рефлексия. «Бекіту» әдісі

Мен көп жаңа мағлұмат алдым

Бұл менім өміріме қажет болуы мүмкін

Сабақта ойланатын нәрселер көп болды

Сабақ барысында барлық туындаған сұрақтарға жауап алдым

Сабақта мен адал жұмыс жасадым және сабақ мақсатына қол жеткіздім

Үй жұмысы

«Әкімшілік процеске қатысатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтық сауаттылығы неліктен маңызды?» тақырыбында инфографика құрастыру

Пайдаланылған әдебиеттер:

Нұрмашев Ү. Ө. Апахаев Н. Ж. ҚР әкімшілік іс жүргізу құқығы. Оқулық.

Ахметов Р.И. Основные понятия термины административного права.Алматы; 1999;

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілде

Құқықтық бейнеролик Әкімшілік ұстау

https://www.youtube.com/watch?v=Z1jkjEViTPA

Қызылов М. — Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы: Оқулық. — Астана: Фолиант, 2009. — 504 б.

Қазақстан Республикасының кодексі әкімшілік құқық бұзушылық туралы [Текст] : - Алматы : Баспа, 2001. - 256б. с

Баянов Е. Әкімшілік құқық. Оқулық. Алматы 2007 ж. Сейдеш, Б. Б.

Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер: учебное пособие. - Алматы : Дәнекер, 2004. - 139 б

Жумабаев К.С. «Құқық негіздері», Практикум, Ақтөбе, 2014 ж.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру