Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Отбасы құқық жүйесі | Мектеп: Орал қ. ФМБ НЗМ | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кдиршаев О.А. | ||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Қазақстан Республикасындағы отбасы құқығының қайнар көздері | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| ||
Сабақ мақсаттары |
| ||
Бағалау критерийлері
|
| ||
Тілдік мақсаттар |
| ||
Құндылықтарды дарыту | Өмір бойы оқу; материалды білуге құмарлық, шығармашылық және сыни тұрғыда зерттеу арқылы оқуға деген сүйіспеншілікті дағдыландыру; Құрметтеу: оқушылардың жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарау; Өз көзқарастарын ашық білдіру; Бірін-бірі тыңдап және сұрақтарға жауап беру | ||
Пәнаралық байланыстар | Қазақстан тарихы | ||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ дағдыларын дамыту (интербелсенді тақта). | ||
Бастапқы білім | |||
Сабақ барысы |
Уақытты жоспарлау | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Дерек көздері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қызығушылықты ояту кезеңі. 3 минут Жаңа сабақ 1 қадам 15 мин 2 қадам тапсырмалар 3 мин 3 қадам 15 мин Қорытынды 4 минут | Суреттер арқылы сабақ тақырыбын ашу. Ойлар генерациясы: «Отбасы – тіршіліктің тірегі...»? – деген ойды қалайша түсінуге болады? Оқушылардың тиісті жауаптарымен сұрақты талқылау Жаңа сабақты түсіндіру: Сабақ мақсаттарын баяндау. Бағалау критерийлерімен таныстыру. Пәндік лексика мен терминология: Отбасы – бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Отбасы мүшелері – бір отбасыға тиесілі әкесі, анасы, балалары. Ерлі-зайыптылар – неке негізінде үйленген ер мен әйел адамдар жұбы Отбасы құқығы- «Неке және отбасы» туралы заңдар көрсетілген жанұя мүшелерінің заңдық еріктері мен міндеттері Толық отбасы – отбасы мүшелері (ата-анасы, балалары, атасы мен әжесі) түгел болатын отбасыны айтады. Толық емес отбасы – балалардың ата-анасының біреуінің ғана болуымен сипатталады. Бейнесюжеттер тамашалау. Тақырыптары: Отбасы құндылықтарын сақта http://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ Бейнесюжеттен туындайтын тақырыптық сұрақтар:
Мұғалімнің түсіндірмесі: Отбасылық құқықтың қайнар көздері КР Конституциясы27-бап. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады 1. Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. 2. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi. 3. Кәмелетке толған еңбекке қабiлеттi балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға мiндеттi. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі. 3-бап. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасымен реттелетін қатынастар Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасы: 1) отбасы мүшелері: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы, ал Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге де адамдар арасындағы құқықтар мен міндеттерді, мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды белгілейді; 2) некеге отырудың (ерлі-зайыпты болудың), некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарттары мен тәртібін белгілейді; 3) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды; 4) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін реттейді; 5) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың функцияларын айқындайды. Тапсырма. Жеке жұмыс. Оқушыларға отбасылық анықтама кестесін толтыруға тапсырма беріледі.
Отбасылық анықтама кестесінің толықтырылмаған формасы.
Топтық жұмыс: Отау құру І топ (кереге) – Отбасы ұғымы, отбасының құқықтық негізі, құру қағидалары ІІ топ (уық) – Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі ІІІ топ (шаңырақ)– Отбасының атқаратын функциясы Бағалау критерийі: Отбасы құру қағидаларын анықтайды. Неке ерекшеліктері, шарттары мен тәртібін анықтайды Отбасының атқаратын функциясын анықтайды. Оқушылар назарына киіз үйдің құрылысы ұсынылады. Рефлексия
Үй тапсырмасы: «Бақытты отбасы қандай болуы керек?» тақырыбында инфографикалық модель (үй, сурет, бейне түрінде) құрастыру. | Кіріктірілген білім беру бағдарламасы Оқу жоспары Құқық негіздері 9 сынып; Критериалды бағалау негіздері, Құқық негіздері, 9 сынып; Құқық негіздері, Практикум, Әдістемелік құрал, Астана 2015 ж. Отбасы құндылығы http://www.youtube.com/watch?v=E28nqFq0MEg отбасы құндылықтар сақтау http://www.youtube.com/watch?v=LSo90qFfRfQ Өнегелі отбасы –білім мен тәрбие ордасы http://www.youtube.com/watch?v=D0i69FMcaVo Неке (ерлі-зайыптылардың) және отбасы туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2013. http://adilet.zan.kz
Киіз үй макетін қолдануға болады. Әр топқа киіз үйдің негізгі бөліктерін дайындап беріңіз. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау(рефлексия) Ең жақсы өткен екі дүние (оқуға және үйренуге қатысты) 1. 2. Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқуға және үйренуге қатысты) 1. 2. Осы сабақтың барысында мүмкіндік барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім? 1. 2. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру