Міндеттемелік құқық. Құқық негіздері, 10 сынып, сабақ жоспары.


Пән аты: Құқық негіздері. Сыныбы: 10. Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

Әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:

Бекітемін:

Мектеп : Орал қаласы ФМБ НЗМ

Сыныбы: 10

Мерзімі:

Оқушы саны:

Пән мұғалімі: Кдиршаев О.А.

Бөлім: Жеке құқық

Бөлімше: Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары

Тақырып: Міндеттемелік құқық

Оқу мақсаттары:

  • 10.3.1.9 заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу;
  • 10.3.1.10 міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау;

Бағалау критерийлері:

10.3.1.9. оқу мақсаты бойынша-

  • Қолдану:

Мәтіндегі академиялық ақпараттарды оқи отырып, тақырыптық терминдерге анықтама береді

  • Дескрипторы:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік, міндеттеме, борышкер, шарт, мәміле, сенімхат терминдеріне түсіндірме жауап жазады

10.3.1.10. оқу мақсаты бойынша-

  • Сыни тұрғыдан ойлау:

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы мәселелердің шешімдерін ұсыну

  • Дескрипторы:

Екі кейс стадиді талдау арқылы кестенің сұрақтарына өз көзқарас жауаптарын жазады

  • Талдау:

Міндеттемелердің түрлеріне мысалдар келтіріп, талдайды;

  • Дескрипторы:

Әр білім алушы жұбымен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне мысал келтіріп, талқылайды

 Құндылықтарды

 дарыту:

«Мәңгілік ел» идеясының азаматтық патриотизм қасиеттерін меңгереді

Құндылықтар:

- Жаһандық азаматтықты қалыптастыру

- патриотизм

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар:

  • Жеке: тақырыптық терминдерге түсініктеме жазады;
  • Жұпта: құқықтық жағдаяттарды талқылайды, мәселелердің шешу жолын ұсынады

(оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау дағдылары)

 Пәндік терминология:

  • Азаматтық –құқықтық жауапкершілік;
  • Міндеттеме
  • Борыш
  • Шарт
  • Мәміле
  • Сенімхат
  • Құқықтық жағдаят

 Диалогтық тіркестер:

  • Азаматтық –құқықтық жауапкершіліктің рөлі жоғары, себебі...
  • Міндеттемелік құқықта шартты жасасу қажет, өйткені ..........
  • ............ арқылы әр тарап өз мойнына жауапкершіліктер алады

 Кәсіби смарт мақсаты:

Проблемалық оқытудағы кейс стади стратегиясы арқылы оқушыларды сыни ойлау мен талдауға бейімдеу

 Бөлімнің басты

 сұрақтары:

  • Міндеттемелік құқық қандай категорияларға жіктеледі?
  • Шарт жасасуда біз қандай құқықтарды білуіміз керек деп ойлайсыз?

 Пәнаралық байланыс

Әлеуметтану, саясаттану

Алдыңғы меңгерілген білім

Қазақстан әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік институттар

Сабақ түрі

Өткен ақпарат пен жаңа материалды игеру сабағы.

Сабақ барысы

Сабақтың қезеңдері

Сабақта орындалатын іс - әрекеттер

Оқытуресурстары

Басы

Қызығушылықты арттыру кезеңі

10 минут

Тақырыпқа қатысты ой шақыру ситуативті процесі.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы» тақырыбына қатысты теориялық сұралым.

  • «Меншік құқығын қалай түсінеміз және оның қорғалуы қалай жүзеге асырылады?” тақырыбына жинақтаған оқушылардың инфографика мазмұнын талқылау.
  • Қорытындылаушы сұрақ:
  • «Қалай ойлайсыздар, қазіргі Қазақстан қоғамында әрбір жкек және заңды тұлғалардың өз меншік құқығын заңдарға сәйкес қорғауы қаншалықты маңызды?»
  • Ой қорытынды.

Ситуациялық сұрақ:

  • Адамдар әр түрлі әлеуметтік –экономикалық және құқықтық қарым-қатынасқа түскенде бір-бірімен сенімділікті қалай қалыптастырады?
  • Мысалы сіз бір адамнан жылжымайтын мүлікті сатып алсаңыз, оның құжаттарының заңды екеніне көзіңізді қалай жеткізесіз?

Білім алушылардың репликалары тыңдалады.

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары және бағалау критерийлері жарияланады.

Сыныптық талқылау сұрақтары:

  • Міндеттемелік құқықтың анықтамасы және оның құрамдас бөліктері қандай?
  • Міндеттемелік құқықты шынайы өмірде қалай жүзеге асыруға болады?

Оқушылар пікірлері тыңдалады.

Академиялық түсіндірілім:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке түсініктеме:

  • Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз -шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру жауапкершілігі.
  • Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің әрекет белгілері:
  • а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;
  • ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;
  • б) борышқорды міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;
  • в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;
  • г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.
  • Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қызметтері:
  • Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығын келтірген тұлғаның мүлкінің азаюы.
  • Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.
  • Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаның мүліктік жағдайын қалпына келтіру

Міндеттеме артрибуттары (ерекшеліктері):

Мiндеттеме деп отырғанымыз – бiр адам (борышкер) басқа адамның (несие берушiнiң) алдында ие болған мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер тізбесі.

Міндеттеме бөліктері:

Айып төлеу ұғымы

Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес. 

Кепiл ұғымы

  Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) егер де борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiлге салынған мүлiк құнынан ақша өндіру әдiсi. 

Кепiлпұл ұғымы.

Уағдаласушы тараптардың бiреуiнiң шарт бойынша өзiнен алынатын төлемнiң есебiнен екiншi тарапқа және шарт жасау мен орындауды не өзге мiндеттеменi орындауды қамтамасыз етуге берiлетiн ақшалай сома кепiлпұл деп танылады.

Терминдерге түсініктеме:

  • Шарт ұғымы
  •       Екi немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келiсiмi шарт деп танылады.      Борышкер несие берушінің алдында өз міндетіне қаржылық немесе материалдық міндеттеме алған тараптар
  • Мәмілелер – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері
  • Сенімхат – бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады.

Ортасы – 60 минут

Мағынаны тану кезеңі

Қалыптастырушы бағалау жұмысы:

(10.3.1.9. оқу мақсаты бойынша)

  • Қолдану:

Мәтіндегі академиялық ақпараттарды оқи отырып, тақырыптық терминдерге анықтама береді

  • Дескрипторы:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік, міндеттеме, борышкер, шарт, мәміле, сенімхат терминдеріне түсіндірме жауап жазады

Оқушылар жеке және жұптық формада ҚР Азаматтық Кодексінің 268-390 баптарын оқып, мазмұнын талқылайды;

Қолдану дағдысы бойынша:

1 ) Таблицада көрсетілген ұғымдардың анықтамасын толтырыңыздар:

10.3.1.10. оқу мақсаты бойынша-

  • Сыни тұрғыдан ойлау:

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы мәселелердің шешімдерін ұсыну

  • Дескрипторы:

Екі кейс стадиды талдау арқылы кестенің сұрақтарына өз көзқарас жауаптарын жазады;

 

1-құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:

Жағдаяттың талдануы

Мәселені шешу жолдары

2-құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:

Жағдаяттың талдануы

Мәселені шешу жолдары

  • Талдау:

Міндеттемелердің түрлеріне мысалдар келтіріп, талдайды;

  • Дескрипторы:

Әр білім алушы жұбымен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне мысал келтіріп, талқылайды

3-тапсырма. Өз жұбыңызбен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне мысал келтіріңіз:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сабақтағы жұмысыңызға баға беріңіз:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ҚР Азаматтық Кодексі, 268 -390 баптар;

http://referat-kz.kz/referattar/kukik-kriminalistika/167-shart-trlern-zhalpy-sipattamasy-zhne-rylymy.html

https://kk.wikipedia.org/wiki/Мәміле_түсінігі,_шарт_және_оның_түрлері

ҚР Конституциясы, ІІ бөлім: «Адам және азамат»

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ, Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттаы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы

Жумабаев К.С.ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ, Практикум, Ақтөбе 2014 ж.

Соңы – бағалау мен рефлексия 10 минут

  • Тапсырмалардың орындалуын бағалау:
  • Әрбір жеке және жұптық жұмыстардың орындалу дұрыстығын бағалау критерийлері мен дескрипторларға сай оқушылар қалыптастырушы бағалау парағына өздері қояды;
  • Егер де бағалауды жүргізуде оқушылардың қиналған тұстары болса, оған мұғалім арнайы рефлексия жасап, тиісті кері байланысын береді

Оқушылардың жұмыс нәтижелері бағалау критерийлерімен бағаланады.

Рефлексия. Өз прогресін бағалау.

Төмендегі суреттерге назар аударып, өзіңіздің кері байланысыңызды беріңіз.

  • Үй тапсырмасы:

Өз жұбыңмен бірге келісім-шартқа отырып, мәтінін жазбаша жазып келу.

  • Қолданылатын дереккөздер:

ҚР Конституциясы 22, 25, 26 -баптары

Дәптер, А3 қағазы

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайміндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)

Коммуникативті дағдыларын дамыту мақсатында құрылған топтар/жұптар қабілеті төмен оқушыларды қабілеті жоғары оқушылардың қолдау көрсетуін меңзейді. Мұғалім талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалау тиіс.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсету.

Талқылауды бақылауда оқушылардың жалпы ХХ ғасыр басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды түсінуі деңгейін бағалау.

Құндылықтар:

- патриотизм

- өз елі үшін мақтаныш

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру