Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі? Құқыұ негіздері, 9 сынып, презентация.
Жаңа тақырыпқа қатысты ұғымдарды және сөз тікестерін табыңыз:
9.2C Еңбек жағдайлары
Заңнамамен еңбек жағдайлары қалай реттеледі?САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Осы сабақта жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:
9.4.2.1 ¬ ҚР еңбек кодексінің баптарын негізге ала отырып еңбек жағдайларын анықтау
9.4.2.2 ¬ құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін түсіндіру
Диалогқа және жазылымға қажетті сөйлем құрамалары:
Жұмыс режимі: (...)
Тынығу уақытының сақталуы маңызды, себебі ( ...)
Демалыс уақытында алаңдамау керек, өйткені (...)
Жазбаша тапсырманы орындаудың кезеңдері
1. Миға шабуыл: кілтті идеялар, түсініктер, сөздік (интеллект карта)
2. Жазбаша жұмыс құрылымының жоспары
3. Жазбаша жұмыстың алғашқы жобасын жазу
4. Жазбаша жұмыстарға өзара шолу жасау, бірін-бірі бағалау.
Бағалау критерийлері
«learningapps» бағдарламасы бойынша кілт сөздерді анықтайды;
Оқушылар берілген жағдаяттардың шешімін көрсетеді;
Жұмыскерлердің жұмыс уақытын ақпарат бойынша кестеге толтырады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасының Еңбек КодексіҚазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V ҚРЗ.ЖҰМЫС УАҚЫТЫЖұмыс уақыты деп еңбек шартына сәйкес, заңмен белгіленген тиісті жұмыс уақытын айтады. Оның қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Он төрт жастар он алты жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан, он алтыдан он сегіз жасқа дейін – аптасына аптасына 36 сағаттан, ал ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін – аптасына 36 сағаттан аспайтын, қысқартылған жұмыс күні болып белгіленеді. (69-бап. Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы)
80-бап. Тынығу уақытының түрлері
Тынығу уақытының түрлері:
1) жұмыс күні (жұмыс ауысымы) ішіндегі үзілістер:
- тынығуға және тамақтануға арналған үзіліс;
- ауысымішілік және арнайы үзілістер;
2) күнделікті (ауысымаралық) тынығу;
3) демалыс күндері (вахтааралық тынығу);
4) мереке күндері демалыстар болып табылады.
103-бап. Жалақының мөлшері
1. Жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың
күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленеді. Айлық жалақының мөлшері ең жоғары мөлшермен шектелмейді.
Жалақы жұмыскерге жұмыс уақытын есепке алу бойынша жұмыс берушінің құжаттарында есепке алынған нақты жұмыс істеген уақыт үшін төленеді.
2. Осы кезеңге айқындалған жұмыс уақытының нормасын толық атқарған және еңбек нормаларын немесе еңбек міндеттерін орындаған жұмыскердің айлық жалақысының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық жалақының ең төмен мөлшерінен кем болмайды.
109-бап. Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу
Мереке және демалыс күндеріндегі жұмысқа ақы төлеу еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғарылатылған мөлшерде, бірақ жұмыскердің күндік (сағаттық) мөлшерлемесі негізге алына отырып, бір жарым еседен төмен болмайтын мөлшерде жүргізіледі.
1-тапсырма
Оқушылар үш топқа бөлініп, берілген жағдаяттарды стикер бойынша алып, шешімдерін ұсынады.2-тапсырма
Жұмыс уақытын ақпарат бойынша төменде берілген кестеге толтырыңыз:Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.
2) Ибраева А. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. / А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ. Айтхожин. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. – 200б.
3) С.Баққұлов. Құқық негіздері. Оқулық, 2-ші басылым. Алматы, 2004.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру