Қ.Мырза-Әли «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Қ. Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

11.2.4.1 әдеби туындыдағы көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарас тұрғысынан шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

Сабақтың мақсаттары

Поэмада көтерілген бір мәселеге байланысты өз пікірін жазу

Бағалау критерийлері

Поэмада көтерілген бір мәселеге байланысты өз пікірін жазады.

Тілдік мақсаттар

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер:

Менің ойымша;

Пікіріме мынадай дәлелдер келтіремін;

Оның мынадай себептері бар;

Себебін былай түсіндіремін;

Осыған дейін меңгерілген білім

Шығарманың сюжеттік-композициялық құрылымына талдау жасалды

Жоспар

Уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылығын ояту

Блум сұрақтары арқылы өткен сабақтарға шолу жасау, оқушыларды мәселені талдауға дайындау:

Білу

Поэмада қандай аң түрлері сөз болады?

Түсіну

Автордың негізгі идеясы қандай?

Қолдану

Қызыл кітаптың маңызын көрсететін 2 ақпаратты анықта

Талдау

«Мандат» сөзінің мағынасы қандай? неліктен бұл ұғымды ақын хайуанаттарға қатысты қолданады?

Жинақтау

«Тіршілік иелерінің төлқұжаты» деп атауға не себеп болды?

Бағалау

«Қызыл кітап» табиғатты қорғауда кепіл бола ала ма?

Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын, бағалау критерийлерін анықтау.

Сабақтың ортасы

15 минут

10 минут

5 минут

Мағынаны тану

Суреттер бойынша оқушылар 4 топқа бөлінеді

Жазылымалды тапсырма Т

Шығармашылық жоба.

Браконьерлермен күресті қалай жүргізуге болады?

Топта ойланып, шағын жоба ұсынып көріңіздер.

Жобаның атауы:

Жобаның мақсаты:

Атқарылатын іс-шаралар:

(шараларды қадамдар арқылы көрсетіңіз.)

Нәтижесі:

`ф`

Топтық таныстырылым. Бағалау «Саусақ сигналдары»

Жазылым тапсырмасы Ж

«РАФТ» әдісі

Поэманың мазмұны бойынша, онда көтерілген мәселелерді көтеріп, «РАФТ» әдісін пайдаланып жазылым жұмысын орындаңыздар. (Оқушылар рөлдерді өздерінің қабілеттеріне қарай таңдап алады)

Сөз саны -70

рөл

аудитория

форма

тақырып

Танымал бренд

Сәнқой тұтынушылар

үндеу

Экологиялық былғарыға көшуге не бөгет?

Ақын/жазушы

Жас ұрпаққа

монолог

Тілдердің жойылуы неге алып келеді?

Қоршаған ортаны қорғау министрі

Жергілікті тұрғындар

бұйрық

Браконьерлікпен күрес

Әдеби сыншы

Оқырман қауым

сыни пікір /әдеби шолу

Қызыл кітап –

Бұл өзі қызық кітап:

Тысы жұқа, –

Астары қалыңырақ!

Дескриптор:

- көтерілген мәселелерге өзіндік көзқарасын білдіреді;

- шығармашылық жұмыс тақырыбы мен формасын ұстанады;

- көзделген аудиториясы мен өзінің рөліне сәйкес әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланады.

Таныстырылым

Бағалау «Комментарий беру» (дескрипторларды негізге алып бағалау қажет)

Бекіту тапсырмасы ЖЖ

«ПОПС» әдісі арқылы әр оқушы поэмадағы көтерілген мәселенің біріне өзіндік пікірін білдіреді.

Пікір. Поэмада көтерілген бір мәселе бойынша өзіндік пікір айтыңыз.

Дәлел. Пікіріңізді бір сөйлеммен дәлелдеп жеткізіңіз.

Мысал. Дәлеліңізді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңіз.

Қорытынды. Пікіріңіз бойынша қорытынды жасаңыз.

Ф’

Таныстырылым

Бағалау «Шапалақ ұру»

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Қолдарының суретін салып, оқушылар сабаққа байланысты ұсыныс-тілектерін жазады.

САБАҚ бойынша:

М – мұғалімге ұсыныс жазу

Б – білген нәрсеңді анықтау

С – сұрақ қою

У – уайымдаған кезіңді көрсету

Б – жалпы сабақты бағалау

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.