Қ.Мырза-Әли «Қызыл кітап» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 11 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ


Сабақ: 4-тоқсан

Мектеп: Тараз қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 11L1

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғат және адам. Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» поэмасы

Оқу бағдарламасына сілтеме

11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау

Оқу мақсаты

әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау

Бағалау критерийлері

  • Шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар:

Мылтық, аяушылық, жер беті, құрып кеткен жануарлар, т.б.

Алдыңғы тақырып:

С. Балғабаев «Тойдан қайтқан қазақтар» комедиялық драмасы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Қызығушылықты ояту:

«Қадыр Мырза Әли - ұлт ақыны. Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай, тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, қалтарысты, астарлы, тысты, алапат тілді, қабілетті қаһарман, қайсар халықтың тұңғиығына бойлап, кеңдігіне кепіл боп, бітімімен біте қайнасып, ұлылығын, рухын,ар-ұятын, үмітін барынша әспеттей отырып, кемшінің мінін,қайғысын, сорын азаматтық тұрғыда қазып айта алған, сыншыл да ойшыл ақын. Ұлы ақын»

Күләш Ахметова

https://www.youtube.com/watch?v=uA9XemIhIyw

https://www.youtube.com/watch?v=uA9XemIhIyw

20 минут

5минут

Мағынаны тану:

С.

Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,Менің мазам кетеді күдікті ойдан.Жұртпен бірге мәз болып,Ду-ду етіпҚайта алмаймын одан соң күліп тойдан.

Солқ-солқ етіп жылайдыОпат болғанПерзенттерін еске алып,Жоқтайды жер.

Ақын Қадыр Мырзалиев «Қызыл кітап» дастанынан берілген үзінді арқылы сабақ тақырыбына болжам жасатуға болады:

Неліктен жер солқылдап жылайды? Кімге арналған? Қызыл кітап дастаны туралы не білесіңдер?

  • Ақынның «Қызыл кітап» өлеңін оқыңыз.
  • Топта өлеңдердің тарихын, мазмұнын талдаңыз.
  • тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.

Тапсырма. ЖЖ

  • Өлеңнің тарихын, мазмұнын анықтаңыз.
  • Тақырыбы мен идеясына тоқталыңыз.
  • Жақсы өлең екенін дәлелдеңіз.

Қызыл кітап

Хайуанатқа жасаған қиянатың —Бауырыңа жасаған опасыздық!

«Жақсы өлең оқиық, достар!»

Ж

Өлеңнің ырғағы мен екпінін келтіріп оқыңыз.

Оқу барысында берілген шарттарға назар аударыңыз.

  • тақырыбының өзектілігі;
  • оқырманға әсері;
  • поэтикалық тілі;
  • автордың эмоциялық әлемі;
  • автордың алаңдауы;

ақынның өз бейнесінің көрініс табуы т.б.

Дескриптор

  • Өлең мазмұнын түсінеді.
  • Қомпозициялық құрылымынанықтайды.

Қадыр Мырза Әли ірі туындыларды жазған ақын.Оның  «Қызыл кітап» поэмасы жер бетіндегі адамзат істеп жатқан зұлымдыққа қарсылықтай.Бүгін аң-құс жер бетінен жойылып жатса,ертең адамзат та жер бетінен жойылады деген мағына бой көрсетеді. Неліктен қызыл кітаптың тізімі артуда?

https://bilim-all.kz/article/4647-Qazaqstandagy-Qyzyl-kitap-zhane-Aqsu-ZHabagyly-qorygyndagy-burkitti-qorgau-sharalary

Үйге тапсырма:

Өз мекеніңдегі қара кітап тізіміне енген жануарлар тізімін жасау.

Сабақтың аяғы

5 минут

Рефлексия

«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы

«Бүгін мен...................... білдім»

«................. қызықты болды» «.......................... қиын болды.»

« ......................... екенін түсіндім»

«Мен..................................... білім алдым.»

«.................. мені таң қалдырды.»

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?

Қызыл кітапМылтық көрсем төрлерден іліп қойған,Менің мазам кетеді күдікті ойдан.Жұртпен бірге мәз болып,Ду-ду етіпҚайта алмаймын одан соң күліп тойдан.Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!Қан жуады олардың ізін әлі.Көргеннен-ақ мылтықтыМенің үшінДүниенің дидары бұзылады.Аяймын мен анасыз,Атасызды.Аяймын мен құлынсыз,Ботасызды.Хайуанатқа жасаған қиянатың —Бауырыңа жасаған опасыздық!Қызыл түлкі даланың көрігі еді.Жаға болып ол енді «керіледі».Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ —Қалпақ емес —Қақпан боп көрінеді.Тымырсығы-ай!Қалада жел еспейді.Жел есетін бұл жайлау емес дейді.Анау киім ілгішке көзім түссе,Бұғылардың мүйізі елестейді.Ауылда, өспе, мейлі, сен қалада өспе,Анаң сенің бәрібірДала емес пе?!Терезеге ұстаған анау шілтерҚұсқа құрған торларды салады еске.Айналайын бұлбұлым,Бал таңдайым,Саған тор да,Қасқырға қақпан дайын.Шынтақтаған жастықтыКөрінедіАққу-қазды жаныштап жатқандайын.Өкпелетпеу керек қой қожайынды.Айта алмайсың халыңды,Не жайыңды.Ұстай беріп айырдыШошып кетемШаншығалы жатқандай дәу жайынды!Тартып алған аңдардың бір киерін,Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.Кешіре гөр біздерді,Әулие көл!Кешіре гөр біздерді,Қыр киелі!IIБіздің сайда болатын мия қалың.Ауылдастар ойлайтын ұя қамын.Мия сиреп,Ұядан құстар безіп,Біреу үшін енді мен ұяламын.Ұяламын қарауға қарлығашқа.Шиқылдайсың, балапан, қарның аш па?!Жалтаңдайсың әр Болат,Әр Қайратқа,Жаутаңдайсың әр Баян,Әр Күләшқа.Тәрбиең де жақсы еді,Тәлімің де...Аян бірақ өмірдің мәні кімге?!Торғай аттың бір кезде,Соның үшінҰяламын, бауырым, әлі күнге.Ұяламын қарауға қоңыр қазға.Толып-ақ тұр бүгінде өмір назға.Балапанын шұбыртқан қасқалдақтыңОқтан көрген қорлығы,Зәбірі аз ба?!Ұяламын қарауға шүрегейге.Құстың бірі туған да,Бірі егей ме?!Бүгін кептер атқандарЕртең ердіңКеудесіне тапанша тіремей ме?!Ұяламын қарауға егіз құрға.Қыра берсек қалады неміз қырда?!Жата берсін шуылдап орман-тоғай,Жата берсін малынып теңіз нұрға!Ұяламын қарауға қырғауылға.Аңшы деген ат бердік бір қауымға.Кейбір көлдің орнында шалшық қалды,Кейбір талдар айналды сырғауылға.Ұяламын қарауға шағалаға.Мылтық ұстап шалқарды жағалама.Құстың зарын естісеНе демекшіСаған ана мына жер —Маған ана?!Ұяламын аң аулап бел асқанға.Түсінбеймін сол үшін таласқанға.Ұшып бара жатпаса аққу-қаздар,Ұяламын қарауға көк аспанға!IIIАрқар атып,Қалайша тойламақпын?!Хабар оқып әр түрлі ойға баттым:Тегі құрып,Тігерге тұяқ қалмай,Төзімдері біткен бе хайуанаттың?!Көрем десең көлге бар,Далаға бар.Жердің де бір уәжі бағаланар.Аңшы көрсеЖиналып,ТөбесінеШығарыпты саңғуды шағалалар.Бітсе керек ойланыс,Толғаныстар.Қауіп қазір ормандар,Ну қамыстар.Қандары әбден қарайып,Ашу қысып,Адам жеуге көшіпті жолбарыстар.Әшкерелеп сұмдықты жарық түндер,Жасырады қабағы жабық күндер.Содан бүлік шығарып,Кей қоныстыТып-типыл ғып кетіп жүр алып пілдер.Бауырлар-ау!Кесесің неңді қырқып?Кей орманның орнында қалды бір түп.Қонатын жер,Ұшатын аспан аздай,Самолетке шабатын болды бүркіт.Болса болар шаруасы бұрыс кейде,Түзетуге оны адам кіріспей ме?!Туысқанның қолынан өлгеніңшеӨзіңді-өзің өлтірген дұрыс дей ме?!Амалсыздан...Көрсетіп батыр қылық,Киттерің де шығарды ақыр бүлік:Өзін-өзі лақтырып ақ қайраңға,Өз еркімен өздерін жатыр қырып.Алсақ солай барлығын майып етіп,Тағар бізге Болашақ айып етіп...Оны ойлайтын ақымақ па?Той-думандаБылшылдатып жеп отыр аю етін!..IVАзапты адам бір кезде желден көрді,Аязыңнан,Аптаптан,Шөлден көрді.Тірілердің бағасын білу үшінЕске алған жөн бір мезет өлгендерді.Өлгеннен соң күн де жоқШуақ та жоқ.Өлтіргенде ар да жоқ,Ұят та жоқ.Оңбағанның артында ұрпағы бар,Ал мамонттың артында тұяқ та жоқ.Бәрі-бәрі олардың қырылыпты,Біздер мына— бүгінде тірі мықты.Мамонттарды жоқтауға тиісті адам,Жоқтар болса түбінде ірілікті.Қаншама аңды өлтірдік қамап түзде?!Сағынады оларды алап күзде.Қай кезде деБолуға тиіс ендіМамонттардың апаты сабақ бізге!Бар тағдырдың тағы да,Тағы алары.Өсті мамық,Терінің бағалары.Мамонттардан дегенмен сүйек қалды,Басқалардан белгісіз не қалары?!Бұдан былай адамдар болмақ па абай?!Безген бақыт оралып қонбақ па оңай?!Тола жатар орыны топастардың,Мамонттардың орыны толмақ қалай?!Осындайда ақында тіл қышыған.Жатыр талай бүгінде жер құшып аң.Ал ғаламшар жоқтайды мамонттарынАйрылған анадай тұңғышынан.Қырдан безбе, бауырым,Нұрдан безбе!Жылататын жәйттар бар жырдан да өзге.Жиһан қамын жамылып жоқтау керекЖердің өзі жоғалмай тұрған кезде!Ойлаймыз деп бір кезде қамын бастың,Ей, адамдар, достастың,Қауымдастың.Асын беру мамонттың керек ендіЖылын берген сияқты ауылдастың.Жылататын жәйттар бар жырдан да өзгеҚырдан безбе, бауырым,Нұрдан безбе!Мамонттарды ел болып жоқтау керекМамонттарша жоғалмай тұрған кезде.VОйран салған сайғақтың өрісінеҚауіптірек сібірдің бөрісіненКейбіреулерСыйлайды саудагергеПапка жасап ақбөкен терісінен.Ми дарымай, Біреуге пұл дарыған,Аямайды пұлын ол ұлдарынан.Былғарыға құмар-ақ сол ұлдардыңҚымбат емес кейбірі былғарыдан!Қариды деп ұяттың өрті бізді,Біз, әрине, бұзбаймыз сертімізді.АямайдыАң түгіл өзіңіздіАлу үшін ондатр бөркіңізді!Аңдар бастан кешкенді —Дала кешпек.Тарих мұңынЕртеңге ала көшпек.Еліне де,Ерге де пайдасы жоқЕшкі қыздың үстінде лама бешпент.Көкпеңбек боп көктемде қыр жайқалдыБірақ анау мөлдірде кір шайқалды.Крокодильдің терісіКейбір елдеСөмке боп жүр қолында бір сайқалдың.Жөні бөлек, әрине, жүйелі істің.Кейбір завод бірақ та күйе құсты...Желкілдеген үкі үшінҚалды адамдарЖете жаздап түбіне түйеқұстың.Қиын болған тағдыры бұл құсыңның.Қоя алады жасырып қылмысын кім?!Аяғында жатады ақсүйектіңТерілері барыстыңІлбісіннің.Азаматтан,Ақылды дос ағаданНе тыңдайды құлағы тосаң адам.Оған салсаң,Кәдімгі аң патшасынБөстек күйде көресің босағадан.Кейбіреулер сұмдықты кәсіп көріп.Жүр бүгінде базарға тасып тері.Біздер үшін бұғыларСырқыратыпМүйіздерін келеді кесіп беріп.Кінәліміз жасымыз,Кәріміз де:Зауал болар аңдардың зары бізге.Әжеміз де кетеді әйел десек,Адам десек кетеміз бәріміз де!Әй, адамдар-ай!VIҰстағандай тұтқасын әлдененің,Кейбіреудің көрсеңіз дәндегенін?!Құсты айтасыз,Сөз боп па құс дегенің?!Аңды айтасың,Сөз боп па аң дегенің?!Шүкір! Шүкір!Сұмдықтан Далам аулақ.Сол Далада өседі балам аунап.Бірақ, бірақ,Кәдімгі осы адамдарАдам сатқан бір кезде,Адам аулап!Керек еді жазалау әңгілерді,Кім тыңдаған ол кезде мән білерді?!Құл сатушы кәззәптарАҚШ-ынаТорға қамап жеткізген зәңгілерді.Айдаһарға дауа жоқ жеті басты!Кейбіреудің одан да ақылы асты.Адам емес,Маймылдың бір түрі депЗообақта ұстаған папуасты!Жіберілген «жігіттер» әскер үшінМәз қылам деп Париждің жас перісін,Тірідей-ақПарикке лайықтапҮндендердің сыпырған бас терісін.Күні бітсе құндыз бен құнулардың,Ешқандай да қақы жоқ бұғуға ардың.Сөйте тұраФашистерТөсек үшінБұрымдарын қырыққан сұлулардың.Тұла бойын тілгілеп сабау-қайғы,Қара жердің жотасы алаулайды.Орта ғасыр өткенменКейбір елдеАдамдарды, бауырым, әлі аулайды!Ысқырғанда құлдықтың қамшылары,Белгілі ғой кімнен қан тамшылары!Аңдып жүріп атадыЗәңгілердіКу-клукс-кланның аңшылары!Бас орнында демесең,Шаш орнында.Өмірге аян мықтың да,Нашарың да.Африкалық бір корольӨз елініңПремьерін жеп қашқан қашарында!..VIIМына қыры қазақтың,Ана қырыҚызыл қырман бүгінде,Қала бірі.Қайда кетті,Кім маған айтады ендіАтыраудың құланы —Онагры?!Жер айтады осылай,Күн айтады,Күн айтады,Көңілді мұңайтады.Ақтөбеде бір кезде піл болғанынКім біледі бүгінде?Кім айтады?!Айла көп-ті адамда,Айла көп-ті.Айласына талайды айғақ етті.Қылыш тісті жолбарыс —Жерлес біздіңАйтыңдаршы, ағайын,Қайда кетті?!Жатыр дейсің жаратқан кімді ескеріп.Құртты ма әлде өзара күндес бөрі?!Ажары еді Даланың,Қайда кетті,Қайда кетті қазақы жүндес керік?!Іздеймін мен әр бұта,Әр талымды.Момынымды,Тентегім,Арқалымды.Кім қайырып береді кваганы?Кім қайырып береді тарпаңымды?!Нысанаға мықтап бір ілінгенгеТіршілік жоқ...Дүние бүлінген бе?!Құмырсқалар құрыса,Оның орнынТолтыруға болмайды піліңмен де!Қуанышын,Қайғысын,Мұңын көріп,Жылжып жатыр осылай күн ілгері.Мамонт қана емес қойОпат болғанЖетіп жатыр мамонттың інілері!Жарқырап-ақ тұрғанда көктем нұры,Қасірет пен қайғының жеткен бірі.Хайуанаттар ғана ма зәбір көрген,Хайуанаттар ғана ма кеткен құрып?!VIIIЖер астынан аң табар,Балық табар.Сонда қанша сыр жатыр анықталар?!Дронт құсап кәдімгіІзім-ғайымЖоқ боп кеткен ел де бар,Халық та бар!Кімде кінә, бауырым,Кімдерде айып?!Кімдер одан сорлады,Кімдер байып?!Хайуанаттар түгіліДүниедеҰлттар ғайып болыпты,Тілдер ғайып!Құлпытастың ежелеп оқыр үстінҒұламалар басында отыр істің.Таңба ғана,Тас қана!Тілі де жоқ,Өзі де жоқ бүгінде этрустың!Бір кездерде шаңдатып айна көкті,Төңірегін түгелдей майдан етті.Жер жұтты ма?Немесе,Көк жұтты ма?Сол хазарлар бүгінде қайда кетті?!Білімпаздар сеніммен қағып төсін.Ұлы десін,Кемеңгер халық десін,Латындардың өзі де ғайып болғанҚалдырып тек тілі мен әліппесін!Кейбір халық одан да құр қалыпты.Мойынға іліп әлі де жүр қамытты.Бір балықты бір балық қылғытқандайҚылғытыпты бір халық бір халықты!Жауыздықтың қадалып сүңгілері,Желкеде ойнап мылтықтың дүмбілері,Жақын қалды құруға,ЖоғалуғаАмериканың үндіні-үнділері!Жылдар, жылдар...Бір мезет тоқтамастан,Халық қанша шоқ басқан,От та басқан?!Шіркей үшін зар қаққан, ағайын-ау,Неге?Неге?Соларды жоқтамасқа?!Неге? Неге сол үшін зарламасқа!Басқыншыны сөкпеске,Қарғамасқа!Әлде мына өмірде халықтардан,Ұлттардан да қымбатты бар ма басқа?!IXКетем іштей тітіреп,Түршігіп те:Дүниені төңкерер бір шүріппе!Жоқтайтұғын бүгінде хайуанат көп,Ойланатын нәрсе көп тіршілікте!Отыратын кез емес түңіліп құр.Төзім тауы бор болып үгіліп тұр.Айналаңа қарашы,Адамдарға,Өзіңе-өзің қарашы үңіліп бір!Сөз болып па кәрілік,Қарттығымыз!Бізге лайық бір жүкті артты ініміз.Кеткен жоқ па азайып ерлігіміз?!Кеткен жоқ па жоғалып мәрттігіміз?!Талай темір көк тасқа қайырылды,Талай тәңір сенімнен айырылды.Адамбысың сен өзі мейірімді?Адамбысың сен өзі қайырымды?!Тазамысың?Тірлікке ризамысың?Түтін толы әлдебір мұржамысың?Алар жерге келгенде қанағатшыл,Берер жерге келгенде мырзамысың?!Өкпе емес пе осыным,Наз емес пе?!Кейбіреулер барына мәз емес пе?!Туыс көп теЖоқ бірақ туысқандық.Адам көп те,Адамдық аз емес пе?!Қараңызшы үлкенге,Кішіңізге:Орынында ма санамыз?Күшіміз де?!Мамонт құсапЖігіттікАзаматтықҚалған жоқ па көміліп ішімізде?!Жақсылықтың алдында бас иетінБабалардың не істейміз өсиетін?!Жер жоғалтса не болмақ перзенттерің?Ер жоғалтса не болмақ қасиетін?!Түгел жыртып,Тастақты айдағандайОтырмын мен,Отырмын ойға қанбай:Адамдығын жоғалтсақ адамдардыңХайуанатты жоқтаудан пайда қандай?!XОдан көріп,Ақыры бұдан көріп,Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!Әттең, бірақ!Аспанның бұлты биікЖаңбыр емес,Өтеді сілті құйып,Жоқ боп кеттіӘдемі теке мүйіз,Айғыр жалды көгілдір жылқы киік!Қара жерді жылатып,ЕңіретіпКетті солай дронттың өмірі өтіп.Екі ғасыр бұрын бізЕң ақырғыСу сиырды өлтірдік мөңіретіп.Қызыл-жасыл,Зер өңді,Қалайы түрТотылардың музейде талайы тұр.Адамдардың алдындаАқырғы ретЫшқынды даКөз жұмды жабайы тур.Осыны айтсаң,Күрсініп,Тоқтайды жел.Өкініштің мылтығын оқтайды шөл.Солқ-солқ етіп жылайдыОпат болғанПерзенттерін еске алып,Жоқтайды жер.Одан көріп,Ақыры бұдан көріп,Таласқаннан не таппақ құлан, керік?!Жоғалтқанды жоқтаған жөн болғанмен,Жоғалтпаған жақсырақ одан гөрі!Отыра алмас ұл шыдап,Қызың шыдап.Жоғалғандар тізімі — ұзын шұбақ.Қызыл кітап —Мезгілсіз кеткендердіңБастарына қойылған қызыл шырақ!Келеді кез,Күрделі біздің бұл кез!Жаутаңдайды адамға түзде мың кез,Қызыл кітап —Опат боп кеткен аңның,Бастарына қойылған қызыл күмбез.Қашқан кезде адамнанІзін қандап,Тау ешкісі өтеді құзыңды аңдап.Қызыл кітап —Тірі жан тимесін деп,Хайуанатқа берілген қызыл мандат.Баяғыдай көбінің халы бірақ —Мойындарын үзеді әлі бұрап.Қызыл кітап —Бұл өзі қызық кітап:Тысы жұқа,Астары қалыңырақ!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.