Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


1-тапсырма.

Мақсаты – Драма үзіндісінің мазмұнымен таныстыру;

Драма үзіндісін рөлде ойнаңыз.

 

 Бірінші сурет

 Күләнданың үйі. Кәрі әке-шешесінің белсенділер қол-аяғын байлап тастаған. Үйін тінтіп, ет, кұрт, май дегеннен түк қалдырмай арбаға артып жатыр. Бір жақтан Күләнда жүгіріп жетеді.

 Күләнда. Бұл не сұмдық? Бұларыңыз қалай?

 Талтаңбай (танауы делдиіп). Оу, жігіттер, ең үлкен олжаның өзі келді ғой!

 Әжібай (таңырқап). Пай-пай, міне нағыз сұлу осы!

 Бурабай (өңмеңдеп). Әй, сендер барыңдар! Үйді тінте беріңдер. Бұл қызбен өзім сөйлесем.

 Күләнда. Қарақшылар! Босатыңдар әкем мен шешемді! Арсыздар!

 Талтаңбай. Босатылмайт! Оларбай-кулак!

 Әжібай (қылжақтап) Бетіңнен бір сүйгізсең, мен босатамын. (Ернін дүрдитіп, ұмтыла береді.)

 Күләнда (бетінен шапалақпен тартып жіберіп). Құдай-ау, Кеңес өкіметі орнында ма, жоқ па? Мына қарақшылар қайдан шыққан?

 Бурабай. Өкіметке тіл тигізгенің үшін сотталып, атыласың, сорлы. Онан да маған көн... (Жанындағыларға.) Әйда, сендер шыға тұрыңдар!

 Талтаңбай (екпіндеп). Тапқан екенсің ақымақты! Мен де сұлу танимын.

 Әжібай (оны итермелеп). Жоқ, қыз менікі!

 Бурабай. Мен соттың өкілімін. Жаңа ол өкіметке тіл тигізді. Өзім соттаймын. Екеуің шыға тұр, әйда.

 Күләнда (оның қолынан жұлқынып шықпақ болып). Соттасаң — сотта! Бірақ ана жазықсыз жандарды босат!

 Бурабай. Айтқаныма көнсең — босатамын. (Өзеуреп, қапсыра құшақтай береді.) Көне ғой...

 Күләнда (далаға қарап айқайлап). Кім барсың, жұртым! Тапа-тал түсте қарақшылар тонады!

 Талтаңбай. Ешкім келмейді. Дәметпей-ақ қой.

 Әжібай. Өй, өзі долы екен, бетімнен салып қалды-ей.

 Бурабай. Демек сені ұнатпайды. Аузың апандай, мұрның үңгірдей, сені қайтеді?

 Әжібай (тыржиып). Әй, сенің оңып тұрғаның қайсы, сасық неме...

 Талтаңбай. Әй, өйтіп өзді-өзіміз таласпайык.

 Бурабай. Өй, әкеңнің... (Қызды қолынан тартқылай бастайды.)

 Әжібай. Әй, былай тұр-ей! (Екінші қолынан тартқылайды.)

 Талтаңбай. Мен тұрғанда сен екеуіңе не жоқ! (Қызды бұрымынан тартады.)

 Үшеуі үш жағынан көкпарша тартып жатқанда төбеден біреулер сақ-сақ күледі.

 Бурабай (бұрылып қарап). Әй, кімсіңдер-ай? (Төбедегілер сақ-сақ күледі.)

 Талтаңбай (бұрылып қарап). Ей, мыналар кім-ей?

 Әжібай (шоршып түсіп). Ойбай, құдай ұрды!

 Бурабай. Не болды-ей?

 Әжібай (тұтығьт). Го-го-го-ло-щекин!

 Бурабай. Не дейді?

 Сол кезде Голощекин мен Кұрамысов төбеде секеңдеп билеп жүреді.

 Талтаңбай. Ой-бой! Жын-пері ғой!

 Голошекин мен Құрамысов сақ-сақ күліп, селтең-селтең билеп жүреді.

 Голощекин (сақ-сақ күліп). Вот дикари! Айттым ғой бұлар жабайылар деп.

 Құрамысов. Иә! Рас айтасыз, Филипп Исаевич, үшеуі бір қызға таласып жатыр...

 Талтаңбай. Ой-бай, рас-ей! Го-го-го-лощекин!

 Үшеуі де қызды тастай беріп, жан-жаққа тым-тырақай қаша жөнеледі.

 

 Дескриптор:

 Рөлде ойнауда кейіпкерлердің көңіл-күйін жеткізеді.

 Саралау

 Оқушылар өз еркі бойынша үзіндіні сахналайды;

 Топта бір-біріне қолдау көрсетеді;

 Рөлдерді өз еркімен таңдайды.

 Қалыптастырушы бағалау

 Оқушылар бір-біріне дескриптор бойынша кері байланыс береді;

 Мұғалімнің кері байланысын алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу