Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.


Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы

Оқу мақсаты

10.3.1.1 – шығарманың тарихи және көркемдік құндылығын анықтап, бағалау;

10.2.3.1 - шығармадағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау;

Сабақ мақсаты

Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасындағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау.

Драманың көркемдік құндылығын анықтау;

Драманың тарихи құндылығын бағалау.

Бағалау критерийлері

Көркемдегіш құралдардың түрі мен қызметін талдайды;;

Драманың көркемдік құндылығын ашады,

Драманың тарихи құндылығын дәлелдейді.

1-тапсырма.

Мақсаты – Драма үзіндісінің мазмұнымен танысу.

Драма үзіндісін сахналаңыз.

 

2-тапсырма.

Мақсаты - Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасындағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау. Драманың көркемдік құндылығын анықтау.

Кестені толтырыңыз.

Үзінді

Астарлы мағынасы

Менің көзқарасым

1

Рысқұлов. Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың даусы Сізге жетпей жатыр.

2

Сталин. Сондай жақсы жарды, жап-жас балаңды қиып, қалай қаштың?

3

Сталин. Бірақ деймін-ау, патша – мейлі, патшаның неміс әйелі де – мейлі. Әлгі жанындағы нөкерлері де – мейлі. Ал қызметші, жалшыларының, аспаздарының, күтушілерінің не жазығы бар еді?!

4

Сталин. Айтшы, Щая Ицкович, патшаның отбасын, қызметкерлерін түп-түгел өртедің, мейлі... Ал енді патшаның, оның неміс әйелінің басын кесіп алып, дорбаға салып, Мәскеуге алып келгенің қалай?

5

Голощекин. Рысқұлов өзі соқтығыса беретін. Голощекин Қазақстанды құртып жатыр деп байбаламдайды да жүреді. Көре алмайды, менің орныма өзі отырғысы келеді.

6

Сталин. Жә, қапаланба. Иә, қаталдық та керек. Бізге солқылдақтық жараспайды. Сонымен, ұжымдастыруды тездетесің ғой?

7

Сталин. Қарқынды үдете түс! Қазақстанда мал көп. Ал Мәскеу, Магнитогорск, Кузбасс, тағы басқа көп өндірісті қалаларды етпен, астықпен қамтамасыз ету керек. Соны жеделдет. Ұқтың ба, Ща- а-я? Байқа!

8

Голощекин. Құп болады! Рақмет! Рақмет! Ио-о-сиф Виссарионо-ич! Бірақ... Әлгі Рысқұловтың шабуылынан қорғасаңыз болғаны. Сессия сайын, пленум сайын мені сынағаннан басқа жұмысы жоқ.

9

Сталин. Білеміз. Ондай-ондай асаулардың талайын ауыздықтағанбыз.

10

Шығарманың идеясын жеткізуде диалогтың тиімділігі қандай?

Дескриптор:

Үзінділерді талдауда астарлы мағынасын дұрыс түсіндіреді.

Сұраққа жауап берерде ойын дәлелдейді.

Саралау

Оқушылар тапсырманы орындауда топта бір біріне қолдау көрсетеді.

Ресурс ретінде шығарма үзінділері беріледі.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өз жауаптарын жауап кілті бойынша тексереді.

3-тапсырма.

Мақсаты - Драманың тарихи құндылығын бағалау.

Тарих пен шығармадағы оқиғаларды Венн диаграммасына салыңыз.

Дескриптор:

Оқиға ұқсастықтарын көрсетеді;

Оқиға айырмашылықтарын көрсетеді.

Саралау

Оқушылар тапсырманы орындауда топта бір біріне қолдау көрсетеді.

Ресурс ретінде шығарма үзінділері беріледі.

Ресурс ретінде тарих пәнінен өткен ақпаратты қолданады.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар өздерін жауап кілті бойынша тексереді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу