Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал. 4 сабақ.
2-тапсырма.
Мақсаты - Ш. Мұртаза «Бесеудің хаты» драмасындағы көркемдегіш құралдардың орыны мен қызметін талдау. Драманың көркемдік құндылығын анықтау.
Кестені толтырыңыз.
№ | Үзінді | Астарлы мағынасы | Менің көзқарасым |
1 | Рысқұлов. Менен басқалар да Қазақстандағы өрескел бұрмалаушылықты Сізге жеткізуге тырысқан. Бірақ олардың даусы Сізге жетпей жатыр. | Рысқұловтың аңқаулығын, сенгіштігін көрсетеді. | |
2 | Сталин. Сондай жақсы жарды, жап-жас балаңды қиып, қалай қаштың? | Голощекиннің өз отбасын да аямағанын көрсетеді. | |
3 | Сталин. Бірақ деймін-ау, патша – мейлі, патшаның неміс әйелі де – мейлі. Әлгі жанындағы нөкерлері де – мейлі. Ал қызметші, жалшыларының, аспаздарының, күтушілерінің не жазығы бар еді?! | Голощекиннің қанпезерлігін көрсетеді. | |
4 | Сталин. Айтшы, Щая Ицкович, патшаның отбасын, қызметкерлерін түп-түгел өртедің, мейлі... Ал енді патшаның, оның неміс әйелінің басын кесіп алып, дорбаға салып, Мәскеуге алып келгенің қалай? | Голощекиннің психикалық ауытқуын көрсетеді. | |
5 | Голощекин. Рысқұлов өзі соқтығыса беретін. Голощекин Қазақстанды құртып жатыр деп байбаламдайды да жүреді. Көре алмайды, менің орныма өзі отырғысы келеді. | Мансапқұмарлығын көрсетеді. | |
6 | Сталин. Жә, қапаланба. Иә, қаталдық та керек. Бізге солқылдақтық жараспайды. Сонымен, ұжымдастыруды тездетесің ғой? | Қазақстандағы ашаршылық арнайы жоспарланған іс екенін дәлелдейді. | |
7 | Сталин. Қарқынды үдете түс! Қазақстанда мал көп. Ал Мәскеу, Магнитогорск, Кузбасс, тағы басқа көп өндірісті қалаларды етпен, астықпен қамтамасыз ету керек. Соны жеделдет. Ұқтың ба, Ща- а-я? Байқа! | Голощекин Сталиннің бұйрығын орындаушы ғана. | |
8 | Голощекин. Құп болады! Рақмет! Рақмет! Ио-о-сиф Виссарионо-ич! Бірақ... Әлгі Рысқұловтың шабуылынан қорғасаңыз болғаны. Сессия сайын, пленум сайын мені сынағаннан басқа жұмысы жоқ. | Голощекин мансабы үшін бәріне дайын. | |
9 | Сталин. Білеміз. Ондай-ондай асаулардың талайын ауыздықтағанбыз. | Сталинге қарсы тұрған адамдардың бәрі репрессияға ұшырағанын көрсетеді. | |
10 | Шығарманың идеясын жеткізуде диалогтың тиімділігі қандай? | Автор Қазақстандағы геноцидтің арнайы жоспарланған әрекет етінін жеткізуде кейіпкерлердің сөздерін шебер қолданған. Диалог кейіпкерлердің ішкі жан дүниесін ұтымды ашады. | |
3-тапсырма.
Мақсаты - Драманың тарихи құндылығын бағалау.
Тарих пен шығармадағы оқиғаларды Венн диаграммасына салыңыз.
Тарих | Шығарма |
Тұрар Рысқұловтың репрессияға ұшырауы. | Сталин мен Голощекиннің Қазақстанға қатысты жеке кездесуі. |
Ұқсастығы | |
1931-1932 жылғы қырғын аштық; Сталинге жазылған «Бесеудің хаты»; Тұрар Рысқұловтың Сталинге Қазақстандағы жағдайды жеткізуі; Голощекиннің өмірбаяны. | |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.