Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.


1-тапсырма:

-Шығармада көрініс тапқан қандай құндылықтарды көре алдыңыз? Себебін түсіндіріңіз.

-Сәбитжан мен Едігенің ортасындағы қарама-қайшылықтарды талдай отырып, ұрпақтар көзқарастарының алшақтығы туралы ойыңызды жазыңыз.

-Шығармада астарлап берген қоғам шындығы қандай? Бұл шығарманың негізгі идеясы бола ала ма?

- Шығармадан рухани дүние мен материалдық құндылыққа қандай мысалдар келтірер едіңіз? Ойыңызды дәлелмен жеткізіңіз.

Дескриптор:

құндылықтарды ажыратады;

ұрпақтар көзқарасының алшақтығын талдайды;

шығармадағы астарлы ойды табады;

рухани дүние мен материалдық құндылыққа мысалдар келтіріп, ойын дәлелді жеткізеді.

2-тапсырма:

Ж. әдеби эссе жазу

Романдағы рухани дүние мен материалдық құндылықтардың астасып, өз заңдылықтарымен дамуы арқылы тұтас дүниенің бейнеленуін өз көзқарасыңызбен талдап, әдеби эссе жазыңыз. (Сөз саны -200-250 сөз)

Дескриптор:

рухани дүние мен материалдық құндылықты ажыратады;

өзара байланыстырады;

өзіндік көзқарас тұрғысынан талдайды;

әдеби эссе жазады.

Қосымша ақпарат:

Жаһандану, адамдардың қалаға шоғырлануы мәдени құндылықтар мен рухани бағдардың өзгеруін туындатты. Адам - тарихтың басты тұлғасы, имандылық және өнегелік дәстүрге қарсылардың қиылысында тұр. Рухани, имани жақтан салауатты жастар мен қоғам тұтастай алғанда дамудың маңызды ресурсы болып табылады. Осыған байланысты ерекше маңызға ие, өйткені ол - жастардың қоғамдық сана-сезімін, азаматтық келбетін, рухани дамуын қалыптастыруда, яғни жоғары дамыған адам капиталын, мемлекеттің тұрақты дамуын қалыптастырып, базамен қамтамасыз етуде белгілі бір гуманитарлық үлес қосады. Әлемнің әдеби-тілдік бейнесін беруде әдеби-көркем шығармалардың ең басты негізігі  нысаны – адам.

Көркем шығарма арқылы адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өңдейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде жалпыадамзаттық құндылықтың бейнесі жасалады.

Яғни,  құндылық – өмірде бар, адамдар үшін белгілі бір дәрежедегі маңызға ие нәрсе. Ол екінші типіндегі жалпыадамзаттық құндылықтағы рухани құндылықтар жүйесінің өрбуіне, оның қоғамда өзінің игілікті қызметін  атқаруына,  адамның рухани дамуына негіз болады.  Бұл –  материалдық дүние мен  рухани дүниенің  өзара айырмашылықтары  бар екендігін  мойындау. Әрқайсысы өз заңдылықтарымен дамиды. Ол екеуін біріктіріп тұрған – Ақиқат,  яғни, бұл – ғаламның, дүниенің  тұтастығын білдіретін ұғым.

Мұны нақты саралап көрсету өте қиын. Тіл білімінде  Е.М.Абақан: «Әлемнің ұлттық бейнесі сияқты термин ретінде қолданылып   жүрген сөйлемдерде әлем бейнесінің жасалуы жеке адамға, я болмаса, бүкіл адамзатқа тән құбылыс ретінде қарастырылады. Оның когнитивтік  санаға қатысты танымдық сипаты адам ойында пайда болады. Бірақ «әлемнің тілдік бейнесі» қоршаған ортаның тікелей, тура бейнесі бола алмайды екен. Себебі, болмыс пен тілдің арасында адамның санасы тұрады» [1;75], – деген пікір айтады. «Жалпыадамзаттық құндылық» деген ұғым адамзат баласына ортақ дүние мен жеке этностың өзіне тән ұлттық бояуын бойына жинақтайды.

http://group-global.org/kk/publication/219942-korkem-debiettin-tildik-mdeniettik-mazmuny-zhne-zhas-urpak-trbiesi



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.