Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Романда жер бейнесі – адамның туып-өскен ортасы өзіндік көркемдік образ болып табылады. Өткеннің көзін, тарихын сақтап, болашақты бақытты етуге тырысатын Едіге сияқты адамдар бар. Әзірше жер бетінде Едіге сияқты адамдарды туып жатқанда болашақтағы адамдардың бауырластығы туралы идеяның сөнуі мүмкін емес.
Шығармадағы Қаранардың тағдыры Едігенің тағдырымен тығыз байланысты. Бұлар бір-бірін толықтырып отырады. Едіге темір жолда жұмыс істей бастасымен Қаранар оның жақын досы болады. Едігені Қаранарсыз елестету мүмкін емес. Қаранарсыз басты кейіпкер толық ашылмас еді. Сондықтан екеуіне «боранды» деген теңеуді береді. Бұл адам мен табиғаттың бөлінбестігінен, ұқсас жақтарынан шықса керек.
Аңыздағы – құл мәңгүрт пен Найман Ананың бейнесі де реалистік дәл бояуларымен бейнеленген. Романда бұларға қарама-қарсы бейнелер де бар. Олар: Әбутәліптің үстінен құпия арыз жазушы ревизор, Таңсықбаев тексеруші, Қазанғапты Ана Бейітке жерлетпей қойған лейтенант Таңсықбаев. Бұлар – адамдық қасиеттердің барлығын жойып, қуыс кеудеге айналушылар .
«Адам іштей өзін бүкіл адам баласына қамқорлық көрсетуші тәңірімен қатар қоюы керек»,– деп ойлайды Едіге. Бұл оның өз өміріне өрнек еткен негізгі гуманистік принцип. Автор үшін Едіге тек қана жай адам емес, жеке адам халықтың, жердің, адамзат баласының идеялық көрінісі.
Бауырмал Үкібала, жаны жалын атқан Зәрипа, адамгершілігі мол Әбутәліп және өзінің қуыс кеуде баласына «пәк құдайға ғана өнеге жүрмейді, өзі берген жанын дәм таусылғанда өзі қайтып алады, оған өкпе жүрмейді, ал жер бетінде қалған істің бәріне де сұрақ бар» – деп философиялық ой қорытады дана Қазанғап.
Роман ең алдымен еңбек гимні, Қазанғап, Едіге, Әбутәліп сияқты адамдардың өмірінің негізгі мәні – еңбек. Еңбек – олар үшін қызметтен өсудің жолы емес, еңбек олардың адамдық өмірінің мәні. Бұл адамдардың еңбегі арқылы поездар батыстан шығысқа, шығыстан батысқа тоқтаусыз жүріп жатады.
«Құдіретке сену дегеніміз – адам баласының өзінің ішкі жан-дүниесіне қайыра бір ашық үңілу. Әрине, біздің үстімізде көрініп тұрған, билеп-төстеп жатқан ерекше бір табиғи күш жоқ. Бірақ, адам баласы осыны ойлап табуы арқылы жан-дүниесінің тазаруына негіз қалаған.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.