М.Мағауин «Шақан - шері» романы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: Қазақ әдебиеті | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: 10Т1 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Бөлім | Аңызбен өрілген көркем сөз М.Мағауин «Шақан - шері» романы | |||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 10.2.1.1 - әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау; | |||||||||
Оқу мақсаттары | Оқушылардың барлығы шығарма композицицясын біледі Оқушылардың көбі шығарма композициясындағы уақытты, кеңістікті анықтайды және талдайды Оқушылардың кейбірі уақыт пен кеңістікті терең талдайды | |||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||
НЗМ құндылық | Топта, жұпта жұмыс жасай білу; өз білімін жетілдіріп отыру;тілге деген құрметін арттыру; өзге елдің мәдениетін құрметтеу | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: уақыт, кеңістік, жолбарыс, аңшылық, кек, өшпенділік, батырлық,т.с.с Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша....; себебі......; Оны мен былай дәлелдеймін..... Қрыта келе,...... | |||||||||
Алдыңғы білім | ||||||||||
Жоспар | ||||||||||
Уақыт | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы | Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін оқушылармен бірге талқылау Сыныпты 4 топқа бөлу. Қызығушылықты ояту: Әр топ «уақыт», «кеңістік» сөздеріне ассосация жасайды. Тапсырма. Уақыт және кеңістік сөздеріне ассосация жасаңыздар. Орындаған тапсырмаларын шығарма сюжетімен содан соң оқу мақсатымен байланыстырады. | |||||||||
Сабақтың ортасы | Мағынаны ажырату ЖЖ. Оқушылап тапсырманы жұпта орындайды. Тапсырма.
Тылсым табиғатта мезгіл мен мекен заңдылығына бағынбайтын еш нәрсе болмас. Уақыт пен кеңістіктің бірлігін «хронотоп» деп атайды Уақыт таңбасы кеңістікте белгіленіп көрінеді. Ал кеңістік уақыт арқылы танылып, уақыт арқылы өлшенеді. Уақыт пен кеңістік ұғымдары әдебиет пен өнерге қатысты үш салаға бөлініп қарастырылады: 1.Реалды (физикалық) уақыт пен кеңістік; 2.Концептуалдық уақыт пен кеңістік; 3.Перцептуалдық уақыт пен кеңістік [2, 11]. Реалды уақыт пен кеңістік бізден тыс объективті түрде болып жатқан құбылыстарда, олардың алмасу, орын ауыстыру өзгешеліктеріне қатысты. Адамзаттың ұғымында олар туралы түсініктің болуы да, болмауы да мүмкін. Концептуалдық уақыт пен кеңістік – табиғат, аспан денелері, қоршаған орта туралы біздің заманымызда жинақталған ұғымдар. Бұл іс жүзінде реалды уақыт пен кеңістіктің санамыздағы үлгісі болып табылады. Бұған әр халықтың өзінше қолданатын ай, күн, календарлары, мүшел, жыл санау, жыл қайыру ерекшеліктерін жатқызуға болады. Перцептуалдық уақыт пен кеңістік ұғымы адамдардың сезім-түйсіктерінің, психологиялық суреттерінің өзгеріп отыруымен төркіндес. Мәселен, көркем шығарманың өз ішінде ғана жүріп отыратын уақыт пен кеңістікке қатысты адамдардың көңіл-күйінің өзгеріп отыруы осының айғағы. Тапсырма2. Т. Тапсырманы топта орындайды. Әр топ өздерінің тапсырмасына сай шығарма композициясындағы уақыт пен кеңістікті талдайды. 1-топ.
2- топ. «Жолбарыс аулау - қазақтың ата дәстүрі, машықты өнері , - деген ашық аспан астында, алаулы от басында ет жеп, сорпа ішілгеннен соңғы әңгіме-кеңесте Құба-мерген. - Төріне тарғыл жолбарыс ілінбеген үйде найза ұстар ұл тумайды деген бабаларымыз. Ол заманда ұзын аққан Сыр-Дария, қамысты қалың Шу бойы қаптаған қалың жыртқыш екен. Ал Іленің етегінде жыпырлап жүрсе керек. Шұбар шері, тіпті, аң қағып Алатаудың сай-саласына шығып кететін. Күні кеше ғана анау заңғардан - Жасыл көлден балалы жолбарысты өз көзіммен көрдім. Е-е, ол да бір дәурен екен. Жолбарыстың жүрегін жеп, толғағы тарқаған ана мың сан жаудан қайтпайтын қара болат батыр турады екен. Қазіргі қатын немене... тұз, құрт, ашыған көже...Соны көре тұра кейінгі балаға жасықсың, жамансың деп кінә қоямыз».
3-топ. Шығармада Шақан Шерінің жолбарыс аулауы, жолбарыспен жекпе-жекке шығу туралы сюжеттерінде автор уақыт пен кеңістікті қалай береді? Уақыт пен кеңістік оқырманға қандай ой салады? 4-топ. «Бірақ өңі боп-боз еді. Зорлана жымиды. - Екпіні сондай қатты екен. Жылдамдығын айтсаңшы. Найзаны кезеп те үлгермедім... - Атым ат-ақ еді, - деді жігіт бұрынғыдан әрмен бозарып. - Қамбардың қара қасқасындай...Жігіттің белін шешіп жібергенде жұрт тегіс ах ұрды. Қызыл қанға боялған күдері шалбардың ауы дал-дұл, жігіттің жамбас тұсы алақандай қызыл қошқыл жара» деген шығарманың шешімінде автор уақыт пен кеңістікті ашық береді ме, әлде кейіпкердің ішікі толғанысы арқылы көрсетеді ме? Осы эпизодта уақыт пен кеңістікті анықтаңыз және оған талдау жасаңыз. Бағалау критерийі:
Топаралық бағалау. Дайын критерий бойынша бағалап шығады және топтарға кері байланыстарын береді. Кері байланыс. Мықты жағы Әлсіз жағы Мүмкіндіктер Қауіп-қатер |
| ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут |
Рефлексия.
| |||||||||
Қосымша мағлұматтар | ||||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | ||||||||
| ||||||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
| |||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру