Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Парасат пайымы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С 10.3.2.1 - көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру.

 Сабақ мақсаттары

Шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына баға беру.

 Бағалау критерийлері

Шығармадағы көтерілген мәселені анықтайды;

Қазіргі таңдағы нәтижесіне баға береді.

 Құндылықтарды дарыту

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

• Құрмет пен ынтымақтастық

• Еңбек және шығармашылық

• Ашықтық

• Академиялық шыншылдық

• Өмір бойы білім алу

• Әлемдік азаматтық

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар тапсырмаларды интербелсенді тақтадан көру арқылы орындайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу. Түгендеу.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың

ортасы

15 минут

15 минут

1-тапсырма.

Оқушыларға Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі беріледі. «Басымдылық пирамидасы» әдісі бойынша тапсырма орындайды.  

1-қадам. Шешуге тиісті мәселе ұсынылады: 

  • Сөйлеп тұрған кім? 
  • Шығармадағы автордың өзіндік идеялық үлесі қандай?  
  • Шығармада ол қалай көрінген? 

2-қадам. Көтерілген мәселе жайлы өз білімдерін көрсетеді.

3-қадам. Мәселе шешімінің әр нұсқасын оқушылар жеке анықтайды, қазіргі таңдағы нәтижесін айтады. 

4-қадам. Топта мәселе шешімдерінің түрлі нұсқаларының өлшемдері мен таңдау себебін түйіндеп, ең ыңғайлы нұсқаны таңдайды. 

5-қадам. Қабылданған шешімнің салдары қандай болатынын талдайды, сынып алдында қорғайды. 

Дескрипторлар:

  • Шығармадағы көтерілген мәселені анықтайды;
  • Қазіргі таңдағы нәтижесіне баға береді.

2-тапсырма.

Қазақстанда бір жылға берілген оралман куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты азаматтық ала алмай жүрген мыңдаған адам бар. Оралман рөліне еніп, өкімет басшыларының алдында сөйлейтін сөзіңіздің мәтінін дайындаңыз.

Дескрипторлар:

  • Аудиторияны жандандырады және пікірін сенімді де нақты білдіреді;
  • Әсер ету, нақтылау, түсіндіру мақсатында қолданылған көркемдегіш тіл құралдарының аясы өте кең;
  • Еркін, аяқталған ой-пікірлері күрделі нәтижелерді дәлме-дәл, биік деңгейде талқылай алатынын көрсетеді.

Бағалау

Әр тапсырманы орындағаннан кейін топтар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

 «Серпілген сауал»

Сабақ несімен құнды болды?

Бүгінгі сабақта алған білімді қайда қолдана аласың?

Бүгінгі сабақтың ғаламдық азаматтық

құндылығымен қандай байланысы болды?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу