Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, дидактикалық материал.
Шетте жүрген бауырларға
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,Құтты орын тепсендер де ауырласып,Атажұрт шақырады тұқымым деп,Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.Қазағың жетті ежелгі арманына,Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,Ілінбеу үшін елдік бірлік керекЕшқашан енді ешкімнің қармағына.Уақытша көрсендер де қиыншылық,Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,Қожа боп өз жеріңде өз еліңеНе жетсін тер төгуге соны ұғып.Астында өз аспаның, өз туыңның,Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,Қандастар қапы қалма, орны бөлекКүнде өз әнұраныңмен оянудың.Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.Бәріміз ұйымдасып көркейтейікҚазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,Құтты орын тепсендер де ауырласып,Атажұрт шақырады тұқымым деп,Құшағын байтақ дала, тауың да ашып.Бөленіп онда бәрің байлық, баққа,Тіпті ие болсаңдар да атақ, даңққа,Бірге ұрпақ барсын жарқын болашаққа,Бұрыңдар көшті атамекен жаққа.Қазағың жетті ежелгі арманына,Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,Ілінбеу үшін елдік бірлік керекЕшқашан енді ешкімнің қармағына.Уақытша көрсендер де қиыншылық,Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,Қожа боп өз жеріңде өз еліңеНе жетсін тер төгуге соны ұғып.Астында өз аспаның, өз туыңның,Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,Қандастар қапы қалма, орны бөлекКүнде өз әнұраныңмен оянудың.Мәнге ие сәттерің көп елде өтетін,Озбыр жоқ сыбағаңнан кенде ететін.Бәріміз ұйымдасып көркейтейікҚазақтың бейбіт, дербес мемлекетін.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру