Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары. 4-сабақ.
Пән: Қазақ әдебиеті | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалім: | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқаны: | Қатыспағаны: | |||||||||
1-бөлім | Абай Құнанбаев «Масғұт» поэмасы | ||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Абай Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасындағы адами құндылықтар | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 10.Б/С3. Шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу. | ||||||||||
Сабақтың смарт мақсаты |
| ||||||||||
Бағалау критерийі |
| ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұлтжандылық, адамгершілік, мәдениеттілік | ||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Тарих, шығыс әдебиеті | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылым | ||||||||||
Бастапқы білім | Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Іс-шаралар | Ресурстар | |||||||||
5 минут | Қызығушылықты ояту кезеңі «Бес қадам» әдісі 1. Масғұттың болмысына қатысты 5 түрлі сипаттама айтыңыз. 2. Қыдыр бабаға қатысты 5 түрлі сипаттама ұсыныңыз. 3. Шығарма мазмұнына қатысты 5 ақпарат айтыңыз. 4. Шығарма идеясына қатысты 5 түрлі пікір айтыңыз.
| Суреттер | |||||||||
10 минут 20 минут | Мағынаны тану кезеңі ТЖ 1-тапсырма. Оқушылар «Масғұт» поэмасындағы адамгершілік құндылықтарының тізбегін жасайды.
Білгенге маржан! Тақырып – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жағдайлардың бағыт-бағдары болып табылады. Идея жазушының осы өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы мен беретін бағасын білдіреді. Идеяның түрлері: • бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. • авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі. • объективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. 2-тапсырма. ««Тегінде, адам келесі бір адамнан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деген хакім Абайдың сөзіне бұл поэмасы дәлме-дәл дәйекті ғибрат мысал ретінде берілгені анық. Дәлел: басты кейіпкер Масғұттың бойынан ақыл, ар, мінез құндылықтарын аңғаруға болады». Ал сіз, бұл оймен қаншалықты келісесіз? Оқушылар шығарманың идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады. Сөз көлемі 200-250. Бағалау. «Блоб ағашы» Дескриптор:
| ||||||||||
5 минут | Кері байланыс | ||||||||||
Қосымша мәлімет | |||||||||||
Саралау – көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыларыңызға қандай жоспар құрған болар едіңіз? | Пәнаралық байланысқа сілтеме Денсаулық және қауіпсіздік АКТ сілтемелері Құндылықтар сілтемесі | ||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру