Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 14-сабақ.


 Автор руханият үлгілерінен алыстап бара жатқан ұрпақ тағдырына алаңдаушылық білдіреді. Ұлт діңгегіне түскен жегі құрт - орыстандыру саясатының қатерлі сипат ала бастағанынан қауіп етеді. Елді елдігінен, ағайынды адалдығынан айыруға бағытталған зымиян саясатты ішпен біліп, сезіп аймақтық жергілікті диалект сөздерді де орынды қолданады.

 Повестегі автор шеберлігін танытатын тағы бір тұс – Үбиянды ұзату тойы. Әдетте, қыз ұзату тойы екі жақтың құдаласуы бітіп, қалың мал аяқталған кезде келісіммен жасалады.

 Үбиян тойынан оқырман ойын-сауыққа арналған көңілашарды ғана емес, ғасырлардан ғасырларға дәстүрлі жалғастығын бұзбай, ұрпақ санасының сарасынан сарапталған мәдени құндылықты көреді. «Отбасылық ғұрып фольклоры» атты еңбегінде зерттеуші-ғалым К.Мәтіжанұлы: «Қазақтың тойы дала төсіндегі үлкен сахнаны елестетеді. Ондағы әрбір адамның, құда-құдағидан бастап, шақырылған қонақтарға дейін өз мәртебесі, белгіленген орындары мен өз рөлдері бар. Күнделікті тіршіліктің ресми заңдары мен қағидалары мұнда жүрмейді, ол- мерекенің, тойдың ежелден қалыптасқан сөз қағидасына бағынады» деген тұжырым жасайды.

 Екі жастың неке қиюына куәлік беру дәстүрі – имандылыққа шақырар танымға негізделген. Күйеуге тән иба, «мұрын астынан сөйлейтін» күйеу бала Аюбай бейнесі, қолапайсыз тірлігі юморлық штрихтар арқылы әдіптеледі. Қазіргі таңда мүлдем ұмтыла бастаған көне дәстүрдің бірі – «жар салу» дәстүрі де Өтеп бейнесі арқылы ашылған.

 Ойымызды қорыта келсек, Б. Момышұлының дәстүрдің озығын қайта әкелудегі, жаңғыртудағы әрекеті осы «Ұшқан ұя» повесі арқылы өрбігенін аңғарамыз. Әрбір оқиға мен жағдайларды кейіпкерлерінің іс-әрекетімен бейнелеуде көркемдік-эстетикалық көпқырлықты байқатады. Осының бәрі жазушының ерекшк шеберлігін, стильдік ұтымдығын дәлелдеп, көркемдіктің ең биік деңгейінен көрсетеді.

 Тұтастай алғанда, Б.Момышұлы шығармашылығы адам мен оның еңбегін биік бағалайтын, өмір, уақыт талаптарын адал атқарып, әділеттілік тұрғысынан жүзеге асыратын елдік пен ерлікке тәрбиелейтін тағылымды туындылар болып табылады.

Асылы, адамтану ісіне үлес қосу аса күрделі, ғибратты еңбек болып табылады. Б.Момышұлының адамға қызметі, елге, жерге құрметі, Отанға, майдандас жауынгерлеріне адалдығы, елдік пен ерлікке тәрбиелейтін туындылары осы реттен де бедерлі, құнды.

http://group-global.org/ru/publication/55070-bmomyshulynyn-ushkan-uya-shygarmasyndagy-ulttyk-pedagogika-korinisteri



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу