Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, қосымша материал. 16-сабақ.


ФАМИЛИЯСЫ ЖОҚ ҰЛЫ ҚАЗАҚ

Осыдан 70 жыл бұрын

1941 жылдың аяғы, 1942 жылдың басы. Дүние жүзілік II қанды майдан шарықтау шегіне жетті. Гитлер Мәскеуді жаулап алуға жалғыз-ақ қадам қалып. Сталинге «байтал түгіл бас қайғы» болып тұрған шақ. Қазақстанда Орта Азия халықтарынан жасақталған 316 атқыштар дивизиясы (кейіннен атақты 8 гвардия) бақайшығына дейін қаруланған фашистердің қанды шеңгелін болат жүрек, шойын кеуде, жалаң қолмен тойтарды. Мәскеуді жауға бермей, қорғап қалды. Соғыстағы нағыз батырлардың асқан ерлігі мен атақ-абыройларын бәз біреулердің кездейсоқ иемденуі, орыс шовинистерінің бармақ басты, көз қысты пендешілігі өршіп тұрған кез. Олар үшін соғыстағы әр бір ерліктің ар жағында тек қана орыс фамилиясы тұруы керек болатын. Осынау аса тарихи, арпалысқа толы кезеңде «Мәскеуді кім қорғады? Бұл майданның бас алаңында ойнаған хас батыр кім?» – деген сауалға Кремльдің өзі әбіржу үстінде «Бауыржан Момышұлы»-деп ақиқатты еріксіз мойындауға мәжбүр болды. Өйткені дәл сол сын сағатта Онымен қатар қоятын ешкімді таба алмады, ондай адам жоқ та еді.

Орталықтан арнайы жіберген жазушы, журналист Александр Бек соғыс өрті ішінде Бауыржан батырға айлап-жылдап еріп жүріп Мәскеуді қорғаған батырлардың жанкешті ерлігі туралы нағыз шынайы шындықты Баукеңнің өз аузымен баяндауымен қағазға түсіріп көп ұзатпай «Волоколомск тас жолы» (Волоколомское шоссе-қазақшасы «Арпалыс» деген атпен басылып шықты) деген атпен кітап етіп жарыққа шығарды. Жазушы А. Бек Баукең атамызбен алғаш қалай танысқаны туралы осы кітаптың «Фамилиясы жоқ адам» (Человек, у которого нет фамилий) атты I бөлімде: «Танысқан кезінде ол аты-жөнін айтты. Жөнді есіте алмай, қайта сұрадым.

– Бауыржан Момышұлы – деді ол тәптіштеп. Кәдімгі тілшінің әдеті бойынша дәптерді қолыма алып:

– Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп сұрадым.

– Менің фамилиям жоқ, – деді ол. Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:

– Атым - Бауыржан. Әкем -Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе?-деді.

Оның үнінде астарлы бір зіл бардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді. Кейін, әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана, оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым». Осы детальдің соңғы екі сөйлеміне зер салайықшы. «Оның үнінде астарлы бір зіл бардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді», - деген жазушы А. Бектің түйсігіне таң қалмасқа шара жоқ. Өйткені, бұл жерде жазушы батыр атамыздың өзінің ата-тегімен, дәстүрлі қазақи атауын қайдағы бір –ов, -ев –пен былғағысы келмей, өлшемді қалыпқа сыймай, құлдық санаға мойынсұнған айналасындағыларға зілді кейістікпен биіктен қараған өр мінезін тап басқан. Автор осы детальдың келесі сөйлемдерінде: «кейіннен… оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым», – деп ашық жазбай құпия астарлап тастап кеткені, бәлкім!?.. (Иә, бәлкім, бұл жан-жақты түсініктеме жазуға әбден болатын сөйлем.)

Батыр атамыз Оны «Момышев»-деп атап шақырғанда «Момышев дегенді танымаймын. Ал мен Момышұлымын»-деп жоғары атақ, орден-медаль, сый-сияпаттарды да алмай кеткен кездері болған деседі. Неткен өрлік пен ірілік деші. Осындайда, бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанда өмір сүріп жүрміз деген біздің өзімізде сондай Ұлы Рух бар ма?-деген сауал еріксіз туындайды. Баукең «әскери, әдеби, саяси даналық бір басына түйіскен бірегей тұлға және қазақтың бұрынғы батырларынан өзгеше боп туған дана батыры, дара батыры.» (Иә, ұл болу әркімнің қолынан келеді, ұлы болу кемеңгердің ғана үлесіне тиеді.)

https://elana.kz/



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу