Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 14-сабақ.


1-таратпа. «Фамилиясы жоқ ұлы қазақ» мәтінінен берілген үзіндіні оқып, қарамен берілген сөздердің астарлы мағынасын талдаңдар.

Жазушы А. Бек Баукең атамызбен алғаш қалай танысқаны туралы осы кітаптың «Фамилиясы жоқ адам» (Человек, у которого нет фамилий) атты I бөлімде: «Танысқан кезінде ол аты-жөнін айтты. Жөнді есіте алмай, қайта сұрадым.

- Бауыржан Момышұлы, – деді ол тәптіштеп. Кәдімгі тілшінің әдеті бойынша дәптерді қолыма алып:

- Ғафу етіңіз, фамилияңыз қалай жазылады? – деп сұрадым.

- Менің фамилиям жоқ, – деді ол. Мен бетіне таңдана қарап едім, ол:

- Атым - Бауыржан. Әкем - Момыш, мен соның ұлымын, баласымын, түсіндің бе?-деді.

Оның үнінде астарлы бір зіл бардай, кейістіктің лебі жатқандай сезілді. Кейін, әбден танысып, сыр алысқан кезде ғана, оның не себепті өзін фамилиясыз адам деп есептейтінін ұқтым».

2-таратпа. 1-қадам: Романдағы автор бейнесі туралы ойларыңмен топ ішінде бөлісіңдер: автор оқиғаны нешінші жақта баяндап отыр, оның белгілі бір кейіпкерге деген көзқарасы қандай, оны қалай анықтауға болады т.т.

2-қадам: Өзара талқылаудан соң топ спикерінің жауабы мына үлгіде болады:

Біздің ойымызша, романдағы автор бейнесі ...

Ойымызды былай дәлелдейміз:

1-аргумент -

2-аргумент -

3-аргумент –

Топтың ойын дәлелдей отырып мынадай қорытынды жасағым келеді: ...

3-қадам: топ спикерлерінің жауабын бағалау критерийіне сай құрылған дескрипторлар арқылы бағалаңдар.

3-таратпа. Тақырыпты қорытындылау үшін əңгімешінің бейнесіне, шығармадағы адамдар тағдырына, жазушының көзқарасына байланысты 3 проблемалық сұрақ ойлап жазыңдар. ............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу