Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, дидактикалық материал. 15-сабақ.


1-таратпа. Сабақтың басында «Ұшқан ұя» романының мен үшін маңызы, жастар үшін маңызы, қоғам үшін маңызы деген сұрақтарға жауап іздеңдер, топ ішінде аз-кем талқылау жасаңдар. Ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырыңдар.

2-таратпа. 1-қадам. Оқушылар «Әдеби шеңбер» әдісі бойынша рөлдерін бөліп алады.

Талқы себепшісі (романдағы құндылықтардың көрінісіне қатысты 3-4 сұрақ құрастырады)

Белгілеуші (мәтіндегі ең маңызды деген ақпараттарды жинап белгілейді)

Байланыстырушы (сұрақ пен шынайы өмір арасындағы 2 байланысты табады)

Бағалаушы (шығарманың заманауилығы мен жаңашылдығын бағалайды)

Қорытындылаушы (барлық жауапты байланыстырып қорытынды жасайды).

3-таратпа. 2-қадам. Рөлдеріне сәйкес қайтадан топтасады: Талқы себепшілері бір топқа, Белгілеушілер бір топқа т.т. Жауаптарын ортаға салып талдау жасайды. Өз топтарына толық, жан-жақты жауап үлгісін қалай жеткізуге болатынын ойласады.

3-қадам. Қайтадан алғашқы топтарына барып рөлдеріне сай тапсырма жауабын ұсынады.

4-қадам. Топ жұмысына өзара баға береді.

4-таратпа. Тақырыпты қорытындылау мақсатында шығармадағы «1 жағымды, 1 жағымсыз, 1 даулы» мәселені анықтаңдар

1 жағымды

1 жағымсыз

1 даулы

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу