Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы». Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 21-сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:

І Дананың сөзі – ақылдың көзі

Уақыты: Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 8 қатысқаны: қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Шалкиіз жырау «Би Темірге бірінші толғауы»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • автор не айтқысы келді, көтерілген мәселеге оның көзқарасы қандай, нені дәріптейтінін біледі;
  • оларды ұлттық мүддемен байланыстырады.

Бағалау критерийлері

1. әдеби шығарманың идеясы мен пафосын анықтайды;

2. оларды ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

жыраулық поэзияның жанрлық ерекшелігін түсінеді;

толғаудың идеясы мен пафосын ұлттық мүддеге сай қабылдайды;

Пән ерекшелігіне сай лексика мен терминология:

жыраулар поэзиясы, толғау, идея, пафос, ұлттық мүдде.

Диалог пен жазылым үшін қажетті тіркестер: менің ойымша, жыраудың ойынша, толғаудың идеясы мен пафосы, ұлттық мүдде тұрғысынан келгенде т.б.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ мазмұны арқылы академиялық адалдық, топта жұмыс жасау, жауапкершілік және көшбасшылық сияқты құндылықтар сіңіріледі. Топ ережесін басшылыққа ала отырып деңгейі төмендеу оқушыларға қолдау көрсетеді.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихымен байланыс. Қазақ жыраулар поэзиясы - ел өмірінің көркем шежіресі, толғаулардың негізгі кейіпкерлері: хандар, ел билеген тұлғалар мен қол бастаған батырлар.

Өнер пәнімен байланыс. Толғаудың аудиомәтіні тыңдатылады.

Алдыңғы білім

Оқушылар 8-сыныптың І тоқсанында жыраулық поэзия, қазақ қоғамындағы жыраулардың орны, оның ең басты жанры туралы жан-жақты мәлімет алды. Осы тақырыптың алдында Ақтамберді жыраудың мына толғауларымен танысып, талдады: «Күлдір-күлдір кісінетіп», «Балаларыма өсиет».

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

3-8

9-10

1.Жаңа тақырыпты оқып-үйрену.

Шалкиіз Тіленшіұлы туралы қысқаша ақпарат беру. Толғауларында елдік мұраттың баяндалуы, философиялық, дидактикалық көзқарастарының тоғысуы. Шалкиіз жырау өз заманында ноғайлының әміршісі Би Темірмен өте жақын араласқаны, оның ақылшы-кеңесшісі, жорықтарда үзеңгілес серігі болғаны.

2.«Тақырып бойынша болжам жаса» стратегиясы:

«Би Темірге бірінші толғау» деп не себепті аталған деп ойлайсыз? «Екінші толғау», яғни, оның жалғасы болуы мүмкін бе?

Толғаудың мазмұнын бірінші тармағына қарап болжап көр, не туралы сөз қозғалуы мүмкін:

«Аспанды бұлт құрсайды

Күн жауарға ұқсайды».

Не себепті жырау өз сөзін табиғат құбылысын бейнелеуден бастайды?

3.Сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

«Ақындар аманаты» атты қазақтың ауызша әдебиеті жобасының авторы: Бекен Ыбырайым.

Сыпыра, Асанқайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Бұқар Қалқаманұлы, т.б. шығармалары.- Алматы: «НұрлыPress.kz».2014-288б.- (Ақындар аманаты)

мұғалім дайындаған слайд

Сабақтың ортасы

11-14

15-21

22-27

28-32

33-34

4.Толғаудың аудиомәтінін толықтай тыңдатуға болады.

5.«Үйірмедегі оқу» стратегиясы

Толғау мәтінін «үйірме мүшелері» кезек-кезек абзацпен оқиды. Бірінші үзіндіні оқып болғаннан кейін мазмұны бойынша сұрақтар қойылады. Егер қойылған сұраққа жауап беру мүмкін болмаса, яғни, мәтінге сай келмесе, оның дұрыс құрылмағаны. Дұрыс сұрақтардың барлығы дәптерге жазылады. Мысалы:

Аспанды бұлт құрсайды

Күн жауарға ұқсайды.

Көлдерде қулар шулайды –

Көкшіліден ол айуан

Соққы жегенге ұқсайды.

Көп ішінде бір жалғыз

Көп мұңайып жылайды –

Күйбеңдескен көп жаман

Сөзі тигенге ұқсайды!

6. Оқушылар тарапынан қойылатын ықтимал сұрақтар:

1. Үзіндідегі «қу», көкшілі» сөздері қандай мағынаны білдіреді?

Дұрыс жауабы: «қу» – аққу, «көкшілі» – сұңқар деген мағынада.

2. Жырау нөсер жауын алдындағы түнерген аспанды, көкшіліден соққы жеген аққу құстың жайын неліктен сөз етеді? Өз басындағы жағдай осы құбылыспен қаншалықты байланысты, яғни, алыстан орағытып келіп нені меңзеп отыр?

Екінші шумағында өзі үшін Би Темір кім еді, үшінші шумағында Би Темір үшін өзі кім еді, намысына тигенде ашуға бой алдыруы ... осы ретпен талдау жалғасады.

3. Неліктен Шалкиіз өз дәуірі үшін бітім-болмысы бөлек ерекше тұлғаны және соның жолына еруді аңсайды? Оқу мақсатына байланысты және қабілеті жоғары оқушыларға мұғалім мынадай сұрақ қоя алады:

Би Темірді құдіретті етіп көрсетудегі мақсаты не? Бұл жыраудың жеке өз басының мүддесі ме әлде ұлттық мүдденің бір көрінісі ме?

Дескриптор

  • толғау мәтінін түсініп оқиды;
  • мазмұны бойынша дұрыс сұрақ құрастыра алады;
  • толғау мәтініне сай сұрақтарға жауап бере алады.

http://adebiportal.kz/

kz/audiobooks/view/579

толғау мәтіні, таратпалар

Мағауин М. Қобыз сарыны. ХV-XVІІІ ғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары. Монография. – Алматы: Атамұра, 2006. – 264 бет.

Сабақтың аяғы

35-37

38-40

7.Толғаудың атауын қайтадан есіңізге түсіріп көріңіз, мазмұны тақырыбына сай келе ме? Айырмашылығы болса, мысалдар келтіріп көріңіз.

8. Рефлексия

Мұғалім оқу мақсаттарына қайта тоқталып, күтілетін нәтижеге қаншалықты қол жеткізгендеріне тоқталады.

«Көңіл-күй құмырасы»

  • - керемет
  • - жақсы
  • - қанағаттанарлық

Оқушылар сабақтағы жетістіктерін, көңіл-күйін өздері бағалайды.

түрлі-түсті стикерлер

Дифференциация

Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау

Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Денсаулық және техникалық қауіпсіздікті сақтау

Нәтиже немесе жауап бойынша саралау

Тәжірибеде саралаудың бұл түрі кеңінен қолданылады, яғни, оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылғанымен, түрлі деңгейдегі жауап күтіледі және қабылданады. Топтағы барлық білім алушыны ынталандыру шаралары да ортақ, бірдей материал ұсынылып, бірдей міндет қойылады. Әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, жүргізілген жұмыс өнімі мен нәтижесі әр түрлі болады.

Сабақтың барлық кезеңінде оқушылардың жауаптарына қатысты мұғалім тарапынан сындарлы кері байланыс беріледі. Мағынаны тану кезеңінде оқушылар бір-бірінің жауабын критерийлерге сай бағалайды. Дұрыс саналған жауап дәптерге жазылғандықтан, тақырыпты кімнің қаншалықты түсініп отырғанын байқау қиын емес.

Оқушыларға сабақ үстінде:

- смартфон, гаджеттерді рұқсатсыз қолданбау;

- сабаққа кешікпеу;

- белсенді оқу әрекеттері кезінде парталар мен орындықтардың арасында абайлап жүру керектігі ескертіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу