С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 1

Мектеп: Қарағанды НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.К.

Сыныбы: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

Т/Ж2.Әдеби шығарманың тұжырымдамасы

7.Т/Ж2.Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау.

 Сабақ мақсаты

Айтыстағы ақындардың тұлғалық болмысын гуманистік тұрғыдан талдап, өз көзқарасын білдіріп, тұжырым ұсынады.

 Бағалау критерийлері

  • Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік көзқарас тұрғысынан талдайды.
  • Өз көзқарасын білдіріп, тұжырым ұсынады.

 Дескрипторлар

  • кемінде 4-5 түсініксіз сөздің мәнін ашады;
  • кемінде 8 сөздің қолданысына байланысты тұлғалық болмысқа талдау жасайды;
  • нақты мысалдар арқылы тұлғалық болмысты саралап, гуманистік тұрғыдан баға береді;
  • өз көзқарасын білдіріп, тұжырым шығарады.

 Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Зар заман ақындары туралы бейнебаян көрсетіледі.

 Пәнаралық байланыс

Мәдениеттану, тарих, ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, фольклористика саласы, орыс тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Фольклор, айтыс, тұлғалық болмыс, поэзиялық жанр, суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы, тұлғалық болмыс, гуманизм.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар мен зар заман ақындары туралы ұғым-түсініктері қалыптасқан.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

3 мин

Қызығушылықты оятусатысы:

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылардың алдына айтысып отырған жұптар бейнелеген бірнеше суреттер топтамасы беріледі. Суреттер тақтаға ілінеді

ЖЖ. Оқушылар жұпта сурет мазмұнын болжап айтады. Қабілеті жоғары оқушылар бұл суреттердің айтыс көріністері екенін айтуы мүмкін.

Сабаққа болжам жасау үшін сұрақтар беріледі:

  • Сурет мазмұны Сіздерге қандай ой туғызды?
  • Сабағымыз не туралы болуы мүмкін?

(Сабаққа болжам жасап, оқушылар сөйлейді)

Топтастыру. Оқушылар 4 оқушыдан жоғарыдағы суреттер арқылы топтасады.

Ортасы

34 мин

Мағынаны тану сатысы

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 3 мин.

Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:

  • «Әдеби шығармадағы тұлғалық болмыс» дегенді қалай түсінесіздер?
  • Прозалық туындыда тұлға кім болуы мүмкін? (кейіпкер)
  • Поэзиялық туындыда, яғни өлеңде кімнің тұлғалық болмысын тани аламыз? (ақынның, лирикалық кейіпкердің)
  • Ал осы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау дегенді қалай түсінесіздер?
  • Гуманизм дегеніміз не? (Ізгілік)

Оқушылардың жауабы тыңдалып, түсініктеме беріледі.

Ой шақыру. «Айтыс өнеріндегі тұлғалық болмыс » ұғымы дегенді қалай түсінесіздер? Топта талқылап, ойларыңызды «Топтастыру» сызбасына түсіріңіздер

Мұғалім айтыс жанры, түрлері туралы қысқаша мәлімет береді:

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс XIX ғасырда ерекше дамыған. Осы дәуірде өмір сүрген атақты ақындар: Шөже, Балта, Орынбай, Кемпірбай, Тезекбай, Сүйінбай, Түбек, Омарқұл, Тәбия, Мұрат, Сүгір, Жаскілең, Бала Омар, Біржан, Сара, т.б. түрлі тақырыпта шығарған қысқа өлеңдерімен қатар, айтысқа түсіп, сан алуан сөз тартыстарын бастарынан кешірген және тарихта көпшілігінің аттары осы айтыс арқылы сақталған. Айтыс жанры қазақ ауыз әдебиетінде саны жағынан да, сапасы жағынан да айрықша орын алады. XIX ғасырдың орта шендерінен бастап қазақ айтысының орталығы Жетісуға ауады. Онда айтыс өнері өрен жүйріктерінің қуатты шоғыры қалыптасады. Солардың арасында Сүйінбайдың орны ерекше болған. Ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов оны «айтыс өнерінің алтын діңгегі» – деп аса жоғары бағалады. Сүйінбай – ірі айтыс ақыны. Ол ақындықты айтыстан бастап, талантының өлең сайысына бейімділігін байқатады.

Тапсырма:

Айтысты тыңдаңыз. (Оқушылар айтысты 3 минут тыңдайды) http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

ЖЖ

  • Айтыс өнерінен қандай әсер алдыңыз?
  • Жұпта ойларыңызбен бөлісіп, сөйлеңіздер

Оқушылар айтыс өнеріне қатысты алған әсерлерін айтып, өз пікірлерін білдіріп, сөйлейді.

Тапсырма:

1. Айтыстан алынған үзіндіні мәнерлеп оқыңыз.

С. Оқушылар айтыс мазмұнымен кезек-кезек оқу арқылы танысады. Сынып оқушылары мәнеріне келтіре оқыған кезде мұғалім қажет жерлеріне түсініктеме беріп отырады.

Оқуға ұсынылатыны:

1848 жылдың қоңыр күзінде қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл жиынға аралас құралас отырған қазақтың Тезек төре, Бөлтірік шешен бастаған игі жақсылары бір қауым ел болып қатысады. Астың ақындарсыз өтпесін білген ақын жанды Тезек төре  елге атағы жайылып, таныла бастаған Сүйінбай ақынды ала барады.

Ас ішіліп қызық думан басталарда қырғыздың шоң манабы Қара Бәйтік Тезек төреге Бөлтірік шешеннің қасында отырған бадана көз, сұлу жігітті көрсетіп:

- Ана отырған бала Сүйінбай ақындарың емес пе деп сұрайды.

Бөлтірік: «Иә», - деп жауап бергенше, Сүйінбай домбырасын қағып-қағып жіберіп заулата жөнелді.

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас жиынды құттықтауға,

Бауырлас қырғыз елі,  саған келдік.

Жүйріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар қыран бүркіт, қашқан аңға.

Хан Жантай, Қара Бәйтік, Әтекеңе,

Келіп ек амандаса Орманханға.

 

Арғы атаң ер Әтеке, батыр Жантай,

Басына киді бөрік қызыл алтай.

Қанаттас қырғыз елін көрмек үшін,

Боларын осы астың күттік алты ай.

Бас қосқан екі халық бұл жиында,

Келген соң сөйлеу керек сөзден қайтпай.

 

Қол жайып, құран оқып өткендерге,

Әруағын атаң, қырғыз, келдім жоқтай.

Алдына қалың қырғыз келгеннен соң,

Жарай ма қайтып кету көңіл айтпай?!

Қырағы аспандағы ақиықпын,

Құмары басылмайтын борандатпай.

Сүйінбай осылай деп тоқтағанда, Бәйтіктің  тасасында отырған  қағылез қайыстай қара жігіт қарғып тұрып пернесі жоқ қомузын жоғары төмен түсіре ойната сабалап, ашшы айқайдан бет ауызы құбылып ашуын тоқтата алмай:

 Ау, Сүйінбай, Сүйінбай,

Тоқтат енді сөзіңді.

Ояйын ба көзіңді!

Ақынмын деп ойлайсың,

Мен тұрғанда өзіңді.

Басыңнан өлең жаудырып,

Бір құрайын тезімді.

Барың болса қарышта,

Барар жерің сезілді.

Келіп қапсың байқамай,

Өлетұғын жеріңе.

Қазулы тұрған көріңе,

Көрсетейін көзіңе.

Ажал айдап келген соң,

Саған өлім тегінді.

Тентіреп жүріп қаңғырып,

Былғама шалқар көлімді.

Қара жалым Орманхан,

Жантай, Бәйтік бегімді.

Сыртыңнан іздеп, жүрші ем,

Келтірді Құдай кезіңді.

Түстіңбе бәлем, қолыма,

Үрлейін мес қып теріңді.

 

2.Түсінік сөздердің білдіретін мағыналарын ашып жазыңыз.

Түсініксіз сөз

Білдіретін мағынасы

Ықтимал жауаптар:

Мүбәрәк- құтты , игілікті

Ақиық- бүркіттің қыран тұқымы

3. Айтыстағы екі ақынның сөз қолданыстары арқылы тұлғалық болмысына гуманистік тұрғыдан талдау жасаңыз. Кестемен жұмыс істеу арқылы ақындарға мінездеме беріңіз.

Сүйінбай ақынның бейнесі

Мәтіндегі ақын бейнесін ашатын тармақтар, сөз тіркестері

Ақынның кандай тұлғалық болмысын танытады? Ақындарға мінездеме беріңіз.

Адамгершілік, ізгілік ұстанымы тұрғысынан баға беріп, тұжырым ұсыныңыз.

Жүйіріктер қосылмаған қою шаңға,

Қосылар Ассалаумағалайкүм, сәлем бердік,

Мүбәрәк жүздеріңді жаңа көрдік.

Атақты ас-жиынды құттықтауға,

Бауырлас, қырғыз елі, саған келдік.

Үлгі:

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік

Сүйінбайдың амандасуы ізеттілік пен адами қасиетін, көпшілікке ілтипатын танытады.

Амандасу (Сәлемдесу) - инабаттылық пен әдепке қатысты қатынас нормасы.

Мен Қарасай ұлымын,

Нар келдемнің түрімін.

Айтулы ердің бірімін,

Шапырашты батыр ел,

Батыр туған мен едім!

Менменсіген мықтының,

Талайын жеңген ер едім.

Қатаған ақынның бейнесі

Мәтіндегі ақын бейнесін ашатын тармақтар, сөз тіркестері

Қандай тұлғалық болмысын танытады?

Адамгершілік, ізгілік ұстанымы тұрғысынан баға беріп, тұжырым ұсыныңыз.

Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді,

Ояйын ба көзіңді!

Ақын мен деп ойлайсың,

Мен тұрғанда өзіңді!

Кенесары төреңнің,

Басын кесіп алғанмын,

Науырызбайдай бегіңді,

Итіме сүйреп салғанмын!

Заты жаман Сүйінбай,

Кәне кегіңді алғаның!

Алам деп кегің жүргенде,

Ішіңде кетер арманың!

http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

Рефлексия

3 мин

«3-2-1» стр.

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат
  • Қиындық келтірген 2 мәселе
  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма: Сүйінбай мен Қатағанның айтысын тыңдап, айтыста аты аталған тарихи тұлғалар туралы деректерді оқып келеді. http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу