С.Аронұлы "Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы". Қазақ әдебиеті, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары. Қазақ әдебиеті

Сабақ: 2

Мектеп: Қарағанды НЗМ

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні: Исина Б.К.

Сыныбы: 7 Т1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты; Осы сабақтың сол мақсатқа қол жеткізуде тигізетін үлесі

3-бөлім: Толғауы тоқсан қызыл тіл

С.Аронұлы «Сүйінбайдың Қатағанмен айтысы»

А/И2. Автор бейнесі

7.А/И2.Эпикалық, поэзиялық , драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау.

 Сабақ мақсаты

Айтыстағы авторлардың көтерген мәселелерін құндылық тұрғысынан саралай отырып, автор бейнесін анықтайды, өз көзқарастары тұрғысынан баға береді.

 Бағалау критерийлері

  • Айтыстағы көтерілген мәселелерді құндылық тұрғысынан саралайды.
  • Шығармадағы құндылықтар арқылы автор бейнесін анықтайды.

 Дескрипторлар

  • айтыстағы кемінде 3 түрлі көтерілген мәселені анықтайды;
  • анықтаған мәселелер арқылы ақындардың 2 құндылығын айқындайды;
  • ақындар айтыста әспеттеген кемінде 2 -3 тұлғаның есімдеріне қатысты тарихи деректерді қарап, маңыздылығына баға береді;
  • қазіргі кездегі құндылықтармен салыстырып, авторларға бүгінгі күн тұрғысынан баға береді.
  • өз көзқарасын білдіріп,1 сөйлеммен тұжырым шығарады.

 Құндылықтарды игерту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбектене білуге баулу.

Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың жеке және жұптаса, топтаса отырып, жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу дағдылары негізінде жүзеге асады.

 АКТ-ны қолдану дағдылары:

Зар заман ақындары туралы бейнебаян көрсетіледі.

 Пәнаралық байланыс

Мәдениеттану, тарих, ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар, фольклористика саласы, орыс тілі

 Тілдік міндеттер

Пәнге байланысты сөздер және терминдер:

Фольклор, айтыс, автор бейнесі, тарихи құндылық, тұлғалық болмыс, поэзиялық жанр, суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы, тұлғалық болмыс, гуманизм.

Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:

Менің байқағаным,...

Менің ойымша,...

Мен ойлаймын...

Алдыңғы білім

ХІХ ғасырдағы тарихи оқиғалар мен зар заман ақындары туралы ұғым-түсініктері қалыптасқан.

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Сабақ мазмұны

Дереккөздері

Басы

3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Оқушылар «Шаттық шеңберіне» жиналады,

«Ақ бұлақ» атты сергіту сәтіне арналған өлең арқылы би билейді. 2 минут.

Оқушылар суреттер арқылы 6 топқа бөлінеді:

Ортасы

34 мин

Мағынаны тану сатысы

Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерін, дескрипторларды талқылау. 3 мин.

Оқу мақсатына қатысты талқылау сұрағы:

  • Автор бейнесін қалай анықтаймыз?
  • Автор бейнесін анықтауда құндылық тұрғысынан бағалау неге маңызды?

Ой шақыру.

Автор бейнесін танытатын ерекшеліктерді атаңыздар.

Екі ақынға тән сөз қолданыстарды ажыратып жазыңыз.

Айтыстан алынған үзінділер

Қай ақынның сөзі?

Ассалаумағалейкүм, сәлем бердік

Көптігімді айтайын,

Байлығымды айтайын,

Қызың тұрмақ құл болар,

Босағаңдағы жалғызың.

Сарыбақ үш мың дулым.

Жағамдағы құндызым,

Маңдайдағы жұлдызым,

Сұраншы, Саурық аттанса,

Қарасай үлкен ер еді,

Есімі елге белгілі

Қырғыз, Қазақ елдесіп,

Тыныштықта тұрғанда,

Тіліңді тартып сөйлегін.

Тапсырма:

Екі ақынның бейнесіне баға беру үшін төмендегі кесте бойынша берілген тапсырманы орында. Ол үшін ұсынылған айтыс мәтінін негізге ала отырып орында. (Мәтін қосымша дидактикалық материалдарда ұсынылды)

Сүйінбай ақын бейнесі

Қатаған ақын бейнесі

Ақындар әспеттеген тұлғалардың есімдеріне қатысты тарихи деректер іздеп жаз

Айтыста көтерілген 3 түрлі мәселені анықта

Анықтаған мәселелер негізінде ақындардың 2 құндылығын ата

Құндылық негізінде авторларға тарихи тұрғыдан баға бер

Қазіргі кездегі құндылықтармен салыстырып, авторға бүгінгі күн тұрғысынан баға бер.

Сүйінбай ақынның жеңіске жетуіне қатысты өз көзқарасыңды білдіріп,1 сөйлеммен тұжырым шығар.

Топта жұмыстарын таныстырып қорғайды, өзара бағалайды.

Бағалау критерийлері

Балл сандары

4

Ескерту

3

Мәтін бойынша негізгі ақпаратты іріктей алды

Сұрақтарды талқылап жаза алды

Жұмысын түсіндіріп қорғай алды.

http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

Рефлексия

3 мин

«3-2-1» стр.

  • Сабақта алған 3 маңызды ақпарат
  • Қиындық келтірген 2 мәселе
  • Сабақта ұнаған 1 аспект

Үйге тапсырма: Сүйінбай мен Қатағанның айтысын тыңдап, өзіне ұнаған жерінен үзінді жаттап келеді. http://video.nur.kz/view=t4jyzk4s

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды?

Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме?

Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба?

Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1.

2.

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу