Шығармадағы кейіпкерлер образы. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.
Мексика ұлы
Ривера рингке елеусіз көтерілді. Әр тұстан шашыраңқы сараң ғана соғылған алақандар көрермен қауымның оған деген сенімсіздігін айқынсездіргендей. Шынындада, бұл қауым үшін Ривера бөрі аузына тасталған жетім лақпен пара – пар еді. Өйткені оның қазіргі қарсыласы аты шулы азулы боксер ұлы Дени болатын.
Жас мексикандық өз бұрышына жайғасып, қарсыласын күтті. Әр минут жылдай созылып баяу жыжыды. Дени өзін ұзақ күтуге мәжбүр етті. Тіс қаққан жырындының бұл қағидасы темір қанат боксершісінің талайына сабырын сарқып, көңіліне қоқыныш ұялататын жүйкесіне тиетін
Ривера өзінің бұл айқаста қалайда жеңу керек екенін бірсәт есінен шығарған жоқ оның осы айқасқа итермелеген ұлы күш сыры зал толы көрермендердің бірінің ойына да кіріп шықпайды. Дэнни Уорд ақша үшін сол ақшаға негізделген жеңіл өмір үшін айқасып келеді. Ал Ривера өзінің не үшін, кімдер үшін төбелесетінін терең түсінеді. Оның көз алдында бір сәт туған елінің аянышты тұрмысы, жанары ыза – кекке толы қаһарлы бейнесі көңілдегідей ап – айқын елестеп өтті.
Қым –қиғаш көріністер: “компания ләпкесі алдындағы алаң, сол алаңда иін тірескен мыңдаған аш жұмысшылар, солардың қамшы ысқыртып, қылыш ойнатқан генерал Росальо Мартинес пен Парфирно Диастың солдаттары, қанды қырғын... осы бір көріністер өмір бақи таусылмастай жазықсыз төгілген жұмысшы қаны мәңгі тиылмастай көрінеді... Қаралы түн, қапас түн ! Сол түн құшағында тағдыры үшін тартысқан жандар мүрдесі Вера - Круске жөнелтіліп, акулаларға жем болып жатыр. Өліктер арасымен ілгері еңбектеген ол жендеттер айуандықпен азаптап өлтірген ата- анасының парша-парша мүрдесінғана тапты әсіресе кеудесіне тауболып үйілген өліктер астынан бас ғана көрініп жатқан ана бейнесі санасын семсердей тілгілейді. Тағы ... Тағы да солдаттар винтовкасы ажал оғын қардай боратты. Сол оқ астымен аш күзендей бүгіле еңбектеп қашқан жетім ұлан жүрегі уланған қасқырдай алас ұрады” Дауыл соққан теңіз шуындай ду соғылған шапалақтар үнінен селтетіп, басын көтерген Ривера айналасында құрдай жоғалаған жаттықтырушылар мен секунданттарын ертіп, орталық алаңмен келе жатқан Дэнни Уордты көрді. Оны қолпаштап соғылған алақандар даулы бесминут бойы дүрілдеп тұрды.
Ал Ривераға назар салмады тіпті оны ешкім оны осы жерде бар – жоғын білмейтін, білгісііде келмейтін тәрізді.
Зал тағыда дуқол соқты. Дэнни Уорд қарсыласына қарай беттеген еді. Ол еңкейіп, Ривеаның оң қолын екі қолмен алып, ашына жай сілкіп қойды. Содан – соң бетін Ривраның бетіне тақай күлімсіреді...
Әлем чемпиондары:
Кәсіпқой бокста төрт басты тұжырым бар. Олар WBC, WBA, IBF және WBO. Кейінгі кездері ІВО тұжырымы да ақырындап беделге ие бола бастады. Бүгін біз назарларыңызға әр салмақтағы барлық әлем чемпиондарын ұсынамыз.
WBC, WBA, IBF және WBO. Өз салмағында осы төрт тұжырымның да белбеуін жеңіп алған боксшы абсолютті чемпион атанады. Қазір ондай боксшы жоқ. Соңғысы Теренс Кроуфорд болатын. Салмақ ауыстырғаннан кейін Кроуфордтың белбеулері вакантты болып қалды. Алайда, соған қарамастан бұл боксшыны абсолютті чемпион деуге әбден болады. Өйткені, ол белбеулерін жеңіліспен босатқан жоқ. Ал алдағы уақытта барлық белбеулерді біріктіруге қазақстандық Геннадий Головкиннің мүмкіндігі мол. ІВО тұжырымына дейін ұтып алған жерлесімізге бір ғана белбеу жетпей тұр. Ол Билли Джо Сондерске тиесілі WBO чемпиондық атағы. Ал одан кейінгі орында екі белбеумен ұлыбританиялық Энтони Джошуа, америкалық Кит Турман және Жанат Жақияновтан бір белбеуді тартып алған ағылшын жігіті Райан Барнетт тұр.
Ал жалпы, бүгінде бес тұжырымның 17 салмағын қосқанда әлемде барлығы 62 чемпион бар екен. 23 белбеу вакантты ретінде тұр.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру