Бауыр әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі. Қазақ әдебиеті, 5 сынып, дидактикалық материал.
Мінездеу - әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады.
Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер.
Мінез — адамның ішкі бітімі болғанда, тип — сом тұлғасы екені мәлім. Осылардың нақтылану сырының біз айтқаннан басқа да көп-көп қырлары, яки нақтылау тәсілдері бар.
Тура мінездеу. Мысалы, жас қаламгер Е. Домбаев “Болмаған оқиға” деген повесінің бас кейіпкері Әбен Нысанбаевты былай мінездейді: “Дүниеде Әбекеңнің өлердей жек көретін үш нәрсесі бар. Оның бірі — музыка, бірі — шыбын, енді бірі —саясат”. Бұл — кәдімгі “өгіздің мүйізіне” шап бергендей тура мінездеу. Өзі уытты юмор арқылы әжептәуір ұтымды шықкан: шыбыны — шыбын, ал оған қоса музыка мен саясатты да жек көретін адамның өзі кім, құлқы қанда екенін бұдан әрі созудың тіпті де қажеті жок.
Жанама мінездеу. Мұнда әлгідей төтеден сипаттау болмайды, жазушы мінез-құлқын, әдет-ғұрпын анықтағысы келген жеке адамның немесе бір топ адамның өзі емес, соның қатысіл бар өзге заттарды суреттеу арқылы әлгінің өз құлқын не ғұрпын айқындайды.
Мінездеу, жанама мінездеу, адамға тән күйініш, сүйініш сезімдерді суреттеу, адамның өз сөзін (монолог) немесе өзгемен сөйлесуін (диалог) ‘келтіру — осылардың бәрі жеке-жеке тұрған, біріне-бірінің қосылшаңы жоқ дара мақсатты (самодель) нәрселер емес. Керісінше, бірін-бірі толықтырып, бірінен-бірі туып, біріне-бірі жалғасып жатқан дүниелер. Мұндай бірліксіз бұлар адам мінезін де, тұлғасын да жасай алмаған болар еді.
«FILA толтыру» әдісі
F – FACTS (деректер)
I –IDEAS (ой, пікірлер)
L –LEARNING LSSUES (оқыту сұрақтары)
A –ACTION PLAN (іс-әрекет)
Негізгі әрекеттер:
1. Фактілерді жинау
2. Идея құрастыру
3. Сұрақтар қою
4. Іс-әрекет
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру