Су, оның музыкада, әдебиетте және визуалды өнерде бейнеленуі. Қазақ тілі, 6 сынып, методикалық ұсыныс. 7 сабақ


 Оқушыларға тіліміздегі стильдерден білім мен дағды берудегі маңызды жаттығу жұмыстарының бірі – ол стильдік талдау жүргізу.

Талдау жасату арқылы оқушылар тіл стильдерінің қолдану аймағын, ойды жеткізу формасын және олардың тілдік құралдарын жете ажыратуға дағдыланады.

 Тіл стильдерін оқытуда жаттығу жұмыстарының мақсаттары :

  • мәтін мазмұнын игерту, түсініп оқуға баулу;
  • мәтіндегі форма, сөз және сөз тіркесі мен сөйлемдердің қолдануындағы стильдік ерекшеліктер мен реңдерін таныстыру;
  • сөз, сөйлем, мәтіндерді синоним және басқа нұсқаларымен ауыстыру арқылы салыстыра білу, олардың стильдік ерекшеліктерін ажырата алу;
  • тіл стильдеріне байланысты сөйлем немесе мәтін құрастыра білуге жаттықтыру.

 Мәтіннің қай стильге жататынын анықтау үшін мынадай жетелеуші сұрақтар қойған тиімді:

  •   Мәтіндер қай стильде жазылған?
  •    Оның себебі не?
  • Тілдік құралдарында қандай айырмашылықтар байқалды?
  •     Автордың айтайын деген ойы қандай?

Стильдердің тілдік құралдары:

Ғылыми стильде - ғылыми терминдер жиі қолданылады. Көбіне хабарлы сөйлем болып келеді. Осы шақ, өткен шақта жиі қолданылады.

Ресми іс-қағаздар стилінде –кітаби, ресми сөздер мен тіркестер, хабарлы сөйлемдер мен даяр тіркестер мен құжат тілдері жиі қолданылады.

Публицистикалық стильде - риторикалық сұрақтар, стильдік қайталау, антитеза пайдаланылады.

Көркем әдебиет стилінде - ауыспалы мағына, көркемдік тәсілдер, суреттеме құралдары(теңеу, метафора) қолданады.

Ауызекі сөйлеу стилінде – қарапайым сөздер мен сұраулы, лепті сөйлемдер жиі қолданылады, көбінесе диалог түрінде келеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.