Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен_№1 сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін_Қазақ тілі, 3 сынып, методикалық ұсыныс
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Сабақ тақырыбы:№1-сабақ Жақсы мен жаманды айыра білемін
Сабақ мақсаттары
Ресурстар: Интерактивті тақта, кестемен жұмыс, «Балдырған» журналынан мәтін, «Балаларға арналған сюжетті суреттер топтамасынан»сурет, сызбалар, ватман/флипчарт, түсті маркер, түрлі түсті жіптер.
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайын назарда ұстап оқушылардың сынып ішінде қозғалысын тиімді ұйымдастыру қажет. Ол үшін сабақта «Жағымды тілектер алқасы» әдісі қолданылады. Сонымен қатар оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, шаршамауын қадағалау үшін (Сергіту сәті «Көңілді күн» https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM )өткізіледі.
Сабаққа қатысты ескертпелер
- Кестемен жұмыс.
- Тыңдалым. Мәтінмен жұмыс.
- Орфографиялық сөздікпен жұмыс.
- Суретпен жұмыс.
- Шығармашылық диктант.
«Жағымды тілектер алқасы» әдісі
Мақсаты: Бір-біріне жақсы, жағымды тілектер айтып, сәттілік тілеп, оқушы жүрегін қуанышқа бөлеу.
1. Жағымды әуен арқылы оқушыларды шеңберге топтастыру
2. Оқушылар ұзын жіптерді алып, мойындарына байлап тағады.
3. Түрлі-түсті қысқа жіптен алып бір-бірінің мойындарыңдағы алқаға байлау
4. Бүгінгі күнге сәттілік тілеп, жағымды, жақсы тілектер айтуға тарту
Бұл сабақтың психологиялық қолайлы ортада өтуіне негіз болады.
Көркем жазу
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім дәптеріне үлгі көрсету.
Оқылым.
Оқушыларға берілген бос торкөздерге сандардың тұсындағы әріптерді орналастырып, тақырыпты оқу ұсынылады. Шыққан сөз бойынша бөлім мен сабақ тақырыбы хабарланып, «Жақсы мен жаман» өлеңін мұғалім оқып береді. Осы өлең негізінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында шағын тапсырма беріледі. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қоя отырып, өлең жолдарын қалыпқа келтіреді. Соңында оқушылар өзара бағалайды.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.
Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі
Данышпанның жауабы» мәтіні мәнерлеп оқып беріледі.
ДЖИГСО» стратегиясы бойынша жұмыс ұйымдастырылады. Әр топқа бір бет қағаз (ватман/флипчарт), түсті маркер беріледі.
Ескерту. Әр топқа бір түсті ғана маркер таратылады. Топтардағы маркердің түсі қайталанбайды.
Жұмысты орындауға уақыт шектеліп беріледі. Әр топ талқылаудан соң, ең ұтымды бір ашық, бір жабық сұрақты жазады.
Оқушылардың мәтінді өзбетінше оқуы жүзеге асырылады. Кестенің дұрыс толтырылуы қадағаланады. Оқушының 3 шәкірт туралы өз ойын білдіруіне мүмкіндік беріледі.
Мұғалім мәтіндегі негізгі ойды анықтату үшін ең соңғы бөлікке көңіл аудартады. Данышпанның әр шәкіртіне берген мінездемесі жазылған тұсын қайта оқытып талдатады. Соңғы сөйлемге сүйеніп, автордың айтқысы келген негізгі ойы таптырылады.
Кестемен жұмыс
1. Мәтінді өз бетінше түсініп оқу.
2. Мәлімет бойынша кестені толтыру.
Орфографиялық сөздікпен жұмыс
1. «Ел кезуші», «дәруіш қария», «даңғой», «күншіл», «көзсіз ерлік» сөздерінің мағынасын ашу
Дәруіш - дүние қызығынан безген адам; диуана, қайыршы,
Даңғой – есер, мақтаншақ
Күншіл - іштар, қызғаншақ, көре алмайтын, күндегіш.
Сөздікпен жұмыс
1. «Ел кезуші», «дәруіш қария», «даңғой», «күншіл», «көзсіз ерлік» сөздерін синоним сөзбен алмастыру.
2. Өмірден мысалдар келтіру.
3. Сөз құрамына ажырату.
Шығармашылық диктант
Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім деңгейі мен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру көрсеткіші.
1. Берілген диктант үлгісімен танысу.
2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, жазу.
Саралау
Мәтінмен жұмыс.
1. Мәтінді оқу.
2. Топта өз ойларымен бөлісу
3. Бір ашық, бір жабық сұрақ жазу.
4. Кестенің дұрыс толтыру.
5. Негізгі ойды табу.
6. Ой қорытындыларымен салыстыру, талдау жасату
Суретпен жұмыс
Мақсаты:Ұсынылған сурет бойынша оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру, үнемі жақсылық жасауға талпыныс жасау қасиеттерін дамыту
1. Сюжетті суретке зер салып қарауын қадағалау.
2. Суреттің тақырыбын, негізгі ойын табу.
3.Сюжетті суреттегі деталдар бойынша толықтыру жолдарын көрсетуге бағыт беріліп, оқушыларға қолдау көрсетіледі.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы жетістіктерін мадақтауға назар аудару.
Бағалау критерийлері | Қолымнан келеді | Көмек қажет етемін | |
тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеймін, ашық және жабық сұрақтарға жауап беремін | |||
өзім мәтіннің тақырыбын қоямын, негізгі ойды мұғалімнің көмегімен анықтаймын | |||
кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жаза аламын |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру