Ескерткіштерді сипаттау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-Бөлім: Мәдени мұра Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Ескерткіштерді сипаттау | |||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.4.1 өз бетінше жоспар құрып, тірек сөздерге сүйене отырып монолог құру | |||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Өз бетінше жоспар құруға, тірек сөздерді пайдаланып монолог құруды үйренеді. | |||||||||||||
Сөздік қор | Мәдени мұра, ескерткіш, тарих, бағалы, көне, ежелгі, археологиялық зерттеу, Ұлы Жібек жолы, өркениет, сауда орталығы, мәдени ошақ, Шығыс моншасы, мұражай, археологиялық қазба жұмыстары | |||||||||||||
Бағалау критерийі | Жоспар құрады;Тірек сөдерді пайдаланып монолог құра алады. | |||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | |||||||||||||
Пән аралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Зат есімнің септелуі | |||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық, Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық. Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен, Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік. (Ұ)Қызығушылықты ояту. «Сағаттың тілімен» ойыны. Оқушылар әуен жүріп жатқанда жерде жатқан сөздерді айналып жүреді. Әуен тоқтағанда қай сөздің қасында болса, сол сөзбен сөйлем құрастырып айтады. Сөйлемдегі зат есімнің қай септікте тұрғанын айту. мәдени мұра ескерткіш тарих бағалы кесене күмбез ғимарат ұлы ойшыл арналған орналасқанКесене– қабір, бейіт, зират, мола басына салынған күмбезді мәдени-тарихи ескерткіш; Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Презентация | ||||||||||||
Сабақтың ортасы | V. Жаңа сабақты меңгерту. Шашыраған әріптерден «монолог» сөзін шығару.- Монолог дегеніміз не? Монолог - кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы. - Монолог пен диалогтың қандай айырмашылығы бар? (МК, Ұ) Тыңдалым алды жұмыс. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы бейнематериалдың мазмұнын болжайды. Жаңа сөздермен танысады. Тірек сөздер: көне, ежелгі археологиялық зерттеу Ұлы Жібек жолы сауда орталығы өркениет мәдени ошақ Шығыс моншасы мұражай археологиялық қазба жұмыстары (Ө) Бейнематериалмен жұмыс. Отырар қаласы туралы бейнематериалды көріп, тапсырмаларды орындайды. Жазғандарымен бөлісіп, бейнематериалдан түсінгенін 1-2 сөйлеммен жазады. Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар бейнематериал бойынша кесте толтырады. Қабылдау деңгейі орташа оқушылар кластер құрастырады.
(Ж) «Ойлан, тап!» Берілген сөйлемдерді жіктеу есімдіктерімен толықтырып жазады. _____(кім?) Отырар қаласы туралы жаңа ақпарат білдім. Отырар қаласының тарихы _______(кімге?) қызықты болды. Көне ескерткіштерді зерттеуге (кімнің?) қызығушылығым артты. Еліміздің тарихы туралы (кімде?) ақпарат бар. (Ө, Қ) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқып, тапсырмалар орындайды. Отырар – аты аңызға айналған ортағасырлық қала орны, ұлылар дүниеге келген қасиетті мекен. Ол тарихта Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб деп те аталып келген.Оның гүлденуіне моңғол шапқыншылығының зияны тиді. Бірақ қала қайта көтерілді. Оны зерттеу кезінде көптеген металл бұйымдар және әшекейлер табылды. Тапсырмалар:
Дескриптор:
|
| ||||||||||||
Сабақтың соңы | «3.2.1 стратегиясы» 3 – 3 ұнаған сәт 2 – 2 туындаған қиындық 1 – 1 ойландырған мәселе | |||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||
Білімі деңгейі жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау, оған қатысты сұрақтар қоя біледі. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.