Ескерткіштерді сипаттау. Қазақ тілі, 4 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-Бөлім: Мәдени мұра Күні: | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 4 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Ескерткіштерді сипаттау | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.2.6.1 көркем, публицистикалық, ғылыми және ресми стилдердің түрлерін (мақала күнделік, өмірбаян, хат, естелік...) ажырату 4.4.2.2 шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды (теңеу, эпитет, кейіптеу, аллитерация, әсірелеу), пейзажды табу және оларды қолдану | |||||
Сабақ мақсаттары | Шығармалардың түрлерін ажырату, шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды табу және оларды қолдану. | |||||
Сөздік қор | Көркем, публицистикалық, ғылыми, ресми стиль, күнделік, өмірбаян, хат, естелік, теңеу, эпитет, кейіптеу, аллитерация, әсірелеу | |||||
Бағалау критерийі | Шығармалардың түрлерін ажыратады; Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды табады; Құралдарды қолданады. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік | |||||
Пән аралық байланыстар | Дүниетану, ғылымға кіріспе | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Монолог құру | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | І. Ұйымдастыру кезеңі. Күлім қағып қолымызды қошеметпен соғайық, Қатар тұрған көршімізге қолымызды бұлғайық. Жылы шырай жүзбенен, мейірімді көзбенен, Бүгінгі күнге баршамызға сәттілікті тілейік. Сөйлемді аяқтау Кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызын ............ дейміз. Ұ)Қызығушылықты ояту. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Презентация
| ||||
Сабақтың ортасы | V. Жаңа сабақты меңгерту. «Ойлан, тап!» Берілген сөйлемдерді жіктеу есімдіктерімен толықтырып жазады. _____(кім?) Отырар қаласы туралы жаңа ақпарат білдім. Отырар қаласының тарихы _______(кімге?) қызықты болды. Көне ескерткіштерді зерттеуге (кімнің?) қызығушылығым артты. Еліміздің тарихы туралы (кімде?) ақпарат бар. (МК, Ұ) Тыңдалым алдында жұмыс. Оқушыларды 4 топқа бөлу( көркем, публицистикалық, ғылыми және ресми стиль) 1-топ.Публицистика —қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.Публицистикалық стильде жазылған шығарма: Қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады. Жұртшылықты қоғамдық өмірдегі өзгерістер мен жаңалықтардан хабардар етеді. Тақырыбы өмірдің әр саласына байланысты болады. Жан-жақтылық пен сауаттылықты талап етеді. 2-топ:Ресми стиль — ресми қатынастар аясында қызмет ететін стильдің бірі. Ресми құжаттар мен іс қағаздарының стилі деп те аталады. Ресми стильге тілдік тұрғыдан төмендегідей талаптар қойылады: түйіндеменің дәлдігі немесе бір мағыналылығы; айқындық немесе жүйелілік;логикалық, яғни қайшылықтың болмауы, дәлелділігі;баяндаудың ықшамдылығы, артық сөздің болмауы. 3-топ:Ғылыми стиль — жазба стилінің бір түрі. Бұған казақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын — зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына, сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканьщ маңызы ерекше. 4-топ:Көркем әдебиет стилі: - проза, поэзия, драматургия салаларында жазылған көркем шығармалардың стилі (тілі). Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Әр топ берілген ақпаратпен топта танысып, талқылап қорғайды. Стильдерді ажырату. Көркем әдебиет стилі: Жаздың шуақты күндерін артта қалдырып, суық қылышын сүйретіп күз де келді. Аспанға бұлттар үйіріліп, жаңбыр нөсерлете төкті. Ызғар жел далада биледі. Ресми құжат стилі: Барлық нысандарда күзгі-қысқы мезгілге дайындық жұмыстарының жоспарлы шаралары жүргізілді. Ауа-райының ахуалына байланысты жабдықтар кезеңмен іске қосылады. Ғылыми стиль: Емен ұзақ жылдар бойы өсе береді. Ол 1500 жылға дейін созылады. Жалпы емен жылысүйгіш ағаштар қатарына жатады. Ресми іс –қағаз стилі Өз қалауыммен жұмыстан босатуыңызды сұраймын. -Кеше сабаққа бардың ба? Үйге қандай тапсырма берді? -Ережелерді жаттауға берді. 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында Елбасымыздың жарлығымен халқымыздың аяулы ұлы Рахымжан Қошқарбаевқа “Халық қаһарманы” атағы берілді. Жаңада ғана Ахмет Байтұрсынов шығарған қазақ тілінің харпі «Тіл құрал» басылып шықты. Публицистикалық стиль:«Тіл құрал» туралы жазудан бұрын — әуелі қазақ тілі жайынан біраз сөз айтып отыруды тиіс көреміз. Қазақ тілі жайында газетімізде бұрын да сан жазылып еді. Қазақ тілі — бай, таза, іргелі жұрт тілі деп бәріміз де айтамыз. «Мәдени мұра» бөлімі бойынша жиынтық бағалауды өткізу. |
| ||||
Сабақтың соңы | «3.2.1 стратегиясы» 3 – 3 ұнаған сәт 2 – 2 туындаған қиындық 1 – 1 ойландырған мәселе | |||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Білімі деңгейі жоғары оқушыларға күрделі тапсырма беру. | Тірек сөздерді қолданып, мәтін құрау, оған қатысты сұрақтар қоя біледі. | Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.