1.Қазақ тілі_3-сынып_5-бөлім_Өнер_7-сабақ_Зат есімнің тәуелденуі_ҚМЖ


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Бөлім:Өнер

Сабақ тақырыбы

7-сабақ. Зат есімнің тәуелденуі

Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні:Каирова К. У

Күні:

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбын, ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • үлгі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • үлкен жазу жол дәптерінде бас әріп пен кіші әріп биіктігін және көлемін бағдарлап үйренеді;

Оқушылардың көбі:

  • мәтіннің тақырыбын, мұғалімнің қолдауымен ондағы негізгі ойды анықтайды;
  • тәуелдік жалғаулары кестесі негізінде зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазады;

Оқушылардың кейбірі:

- мәтіннің тақырыбы мен ондағы негізгі ойды

анықтай алады;

  • зат есімдерді жекеше түрде тәуелдейді;
  • кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің

биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және

біркелкі орта темппен жазады;

Бағалау критерийлері

өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтайды;

тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;

кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазады, жазу қарқынын жеделдетеді;

Сөздік қор

Пәндік терминология және тірек сөздер:

Зат есімнің тәуелденуі. I-жақ, II-жақ, III-жақтар. Тәуелдік жалғаулар.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы қалай өзгереді? Мысалмен дәлелде.
  • Сәтбаев мырза, айтыңызшы, қазақтардың барлығы да өзіңіздей сұңғақ бойлы ма?

Құндылықтарды дарыту

Өнер түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру ;

Оқушыларды өнерді бағалай  білуге, өнер иелерін,туындыларын қастерлей білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану, математика

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөз таптары. Сөз таптары туралы түсінік. Сөз таптарының әрқайсысына сұрақтар қойылатыны. Қазақ тілінде сөз табының 9 түрі бар екенін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

4 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Ой шақыру сәті

  • Жұмбақтың шешуін тап.
  • Тәуелдік жалғауы жалғанған сөздерді тап.

Ақ лағым арық еді,

Кеше ғана сымпиған.

Әжем бір күн бағып еді,

Семіз болды бұлтиған. (Ұршық)

Сабақ тақырыбы және оқу мақсаттары таныстырылады. Оқушыларға бағалау критерийі айтылады.

(ТЖ) «Сиқырлы суреттер» әдісі

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

  • Суреттердегі заттарды үш жақта тәуелдеп айт.

«Сиқырлы суреттер» әдісі арқылы топтарға түрлі заттардың суреттері көрсетіледі. Тапсырма «Сен-маған, мен-саған» әдісі бойынша жүргізіледі. 1-топ суреттегі заттарды үш жақта тәуелдеп айтады. 2-топ әр жақтың тәуелдік жалғауларын ажыратады.

Осылайша зат есімнің тәуелдену ерекшеліктерін еске түсіреді.

Бағалау дескрипторы:

  • тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;

4-слайд

5-слайд

Суреттер

Сабақтың ортасы

3 минут

4 минут

5 минут

3 минут

5 минут

5 минут

5 минут

ІІ. Негізгі бөлім

(МК, Ө) Көркем жазу.

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету.

Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісін сақтай отырып сөздер жазады.

Мысалы: Оо Оо Оо Оо ооо ооо ооо

Отаны, орындығым, орамалың, орманымыз, отыны

  • Тәуелденген зат есімдердің қай түрде, қай жақта тұрғанын айт.

(ТЖ; Ө) Өлеңді түсініп оқы

3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау;

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

.............

Әкем менің – қауыншы,

Апам менің – сауыншы.

Ағам менің – егінші,

Жеңгем менің – тігінші.

Атам болса, ол – ұста,

Бәрі-бәрі жұмыста.

Отырмаймын мен текке,

Кеттім мен де мектепке.

Өлеңнің тақырыбын анықтату үшін «Өлең не туралы?» сұрағы қойылады. Немесе «Тақырып не туралы?» тапсырмасы беріледі. Топтағы оқушылар өз тұжырымдарын ортаға салады, идеяларымен бөліседі:

  • Біздің үй.
  • Отбасы.

«Автор орындығы» стратегиясы арқылы негізгі ойды анықтауда «Өлеңдегі негізгі ой қай шумақта берілген?» сұрағы қойылып таптырылады.

Бағалау дескрипторы:

  • өлеңнің тақырыбын табады;
  • өлеңдегі негізгі ойды анықтайды;
  • тәуелдік жалғаулардың жалғану ерекшеліктерін біледі;

(ТЖ; Ө) Мәтінді түсініп оқы.

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

Мәтінде өнердің қай түрі берілгенін тап.

  • Қарамен жазылған сөздің тәуелдену ерекшелігін аңғарту.

Екі сұрақ

Академик Қаныш Сәтбаев кеңес делегациясының құрамында Англияға барады. Сол делегацияны Англияның премьер-министрі қабылдап, қонақасы береді.

Дастарқан басында премьер-министр Қаныш Сәтбаевқа назар аударып, әзілге балаған сұрақ қояды:

  • Сәтбаев мырза, айтыңызшы, қазақтардың барлығы да өзіңіздей сұңғақ бойлы ма?- дейді.
  • О-о-о! Менің халқым өзімнен әлдеқайда биік!

Оқушыларға «Бұл мәтін өнердің қай түріне жатады?» сұрағын қою арқылы мәтіннің сөз өнеріне жататындығын тапқызып, қарамен жазылған сөзге талдау жасатуға болады:

«Халық» сөзінің түбірін таптырып, оның тәуелденген кезде қандай өзгеріске ұшырағанын оқушылардың өздеріне айтқызылады. Әр топ жасаған қорытындыларын оқулықтағы «Тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді: әріп-әрпі» ережемен салыстырып, өз жауаптарының дұрыстығына көз жеткізеді.

Бағалау дескрипторы:

  • тәуелдік жалғау жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгеретінін біледі;

(ҰЖ) Сергіту сәті. Бой сергіту жаттығулары жасалады.

(ТЖ) «Достық көмек» әдісі

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

Көп нүктенің орнына менің, сенің, оның, біздің сөздерінің тиістісін қойып, көшіріп жаз.

... дәптерім, ... бөлмең, ... апасы, ... анасы, ... елің, ... мектебіміз, ... інісі.

  • Тиісті сөздерді орнына қойып, қоянға көмектес.
  • Олардың қай жақта, қай түрде тұрғанын түсіндір.
  • Дәптеріңе қатесіз көшіріп жаз.

Оқушылар тапсырманы өзара топта ақылдаса отырып, орындайды. Тиісті сөздерді көп нүктенің орнына қойып жазады.

Әр сөздің қай жақта, қай түрде тұрғанын сынып алдында түсіндіріп, қорғайды және сөздермен сөйлем құрап айтады.

Бағалау дескрипторы:

  • тәуелдік жалғауларының қолданысын біледі;
  • оларды сөйлем ішінде қолдана алады;
  • бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтай отырып, біркелкі жазады;

(Ж, ЖЖ) Мәтінмен жұмыс

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету;

  • Мәтіннен тәуелденген сөздерді тауып, көшіріп жаз.

Ішік

Асанның анасы ішік тігеді. Ішік –қыста киетін жылы киім. Ішік суық күндері киіледі. Ішік киген адам суықта тоңбайды. Оның тысы қымбат матамен қапталады. Анасы Асанға қасқырдың терісінен ішік тігіп берді. Асанның анасы-шебер тігінші.

Тапсырма «Ойлан, Жұптас, Пікірлес» әдісі арқылы жүргізіледі. Оқушы жеке орындайды, содан кейін жұбымен жазғанын 2-3 минут талқылайды, өзара жұмыстарын тексереді. Мұғалім екі-үш жұпқа өз жазғандарын оқып беруін сұрауына болады.

Ж, ЖЖ) Саралау. Тест

3.4.2.2 тәуелдік жалғауларының қолданысын білу;

  • Заттың біреуге меншікті екенін білдіретін қосымшаларды ... дейміз.

а) тәуелдік жалғау ә) көптік жалғау б) септік жалғау

  • Тәуелдік жалғау .... жақта айтылады.

а) төрт ә) екі б) үш

  • II жақ Сенің қалам...

а) - ым ә) - ы б) - ың

  • II жақ Сіздің көрші...

а) - ің ә) - ңіз б) - сі

  • III жақ .... әжесі

а) Менің ә) Сенің б) Оның

  • I жақ .... кітабым

а) Сіздің ә) Сенің б) Менің

  • Өнерлінің өріс... кең.

а) - сі ә)- і б) - ің

8. Тәуелденген зат есімдерді тап.

Қол өнері — кілемде,

Сөз өнері — өлеңде.

а) кілемде ә) өнері б) өлеңде

Оқушылар тест тапсырмаларын алдымен өз бетінше ойланып орындайды, болған соң екеуара жұпта тексереді.

Бағалау дескрипторы:

  • тәуелдік жалғауларды қолдану ерекшеліктерін біледі;

№3 Дәптермен жұмыс

Интерак

тивті тақта

6-слайд

7-слайд

№3 Дәптермен жұмыс

8-слайд

№3 Дәптермен жұмыс

9-слайд

Сабақтың соңы

3 минут

Рефлексия:

Бағалау критерийі

Қолым

нан келеді

Көмек

қажет етемін

тәуелдік жалғауларды қолдана білемін

мәтіннің тақырыбын және негізгі ойын анықтаймын

бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, біркелкі жазамын

Үй тапсырмасы

Тәуелдеулі зат есімдерді қатыстырып, бес сөйлем жазу.

10-слайд

11-слайд

Саралау– оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтық тапсырмаларды саралау бойынша беру.

Қабілеті жоғары оқушыларға одан әрі дамуы үшін көмек қажет ететін оқушыларға қайта түсіндіру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қалыптастырушы бағалаулар дескрипторлар негізінде өзін-өзі бағалау, жұпта бағалау және мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.

Топта бірі-бірі тыңдау. Сыныпта қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу