Қазақ тілі_3 сынып_ 4- бөлім_ Сәулет өнері_№9 сабақ_ Түбір сөз және туынды сөз _презентация


«Қазақ тілі» пәні

3-сынып

4-бөлім «Сәулет өнері»

9 сабақ

Тақырыбы: Түбір және туынды сөз

Оқу мақсаты:

3.4.2.1* негізгі түбірге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөз жасау, түбірлес сөздердің мағынасын ажырату

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал

Түбір сөздерге тиісті жұрнақтарды қосып жаз.

Жұмыс, дос, сый, талап, қызмет, дойбы, ас

-лық, - шы, -ші, -кер, -тық

Арыстан баб кесенесі - көне Отырар жеріндегі сәулет өнері ескерткіші.Түркістан халқының арасында мұсылман дінін таратушы Қожа Ахмет Иасауидің ұстазы болған Арыстан баб ата қабірінің басына салынған. Кесене дәлізхана, мешіт, құжырахана, азан шақыратын мұнара сияқты жеке бөлмелерден құралған. Кесененің ең көне бөлігі қабірхана болуы тиіс. Қазір де оның едені басқа бөлмелермен салыстырғанда едәуір биік. Қабір үстіне алғашқы белгі 12 ғ. шамасында салынған. Мазар 14 ғасырда қайта жөнделген. Арыстан баб кесенесі 20 ғасырдың басында жергілікті халықтың қаражатымен күйдірілген кірпіштен ауданы 35x12 м, биіктігі 12 м, бұрынғы Меккеге қараған есігі Түркістанға, Әзірет Сұлтанға бағытталып, Солтүстік жағы кесене, Оңтүстік жағы мешіт есебінде қайта жәнделді. Дәліз-қақпа маңдайшасына мәрмәр тақта қаланып, бетіне һижра бойынша 1327 жыл, яғни соңғы құрылыс жүрген уақыт деп көрсетілген.

Жұмбақты шеш

Жылт - жылт еткен, жылғадан өткен.

Су, суат, сушы, суық,

сулы, сусын, сулық.

Мәтінді оқы. Туынды сөздерді теріп жаз.

Медеу – Алматы қаласындағы жасанды мұзайдын. Медеуде коньки спортынан жарыстар өткізіледі. Сонымен қатар мұнда алматылықтар мен қала қонақтары демалады.

Медеу дүниежүзі конькишілерінің өнер көрсететін сүйікті орнына айналды. Мұнда спортшыларға барлық жағдай жасалған.

«Ол кім?, Бұл не?» кітабынан

Берілген сөздерді жұрнақтар арқылы туынды сөзге айналдырып жаз

Тау, ақыл, өнер, көйлек, біл, өнер.

Үй тапсырмасы:

Мақалды көшіріп жаз. Туынды сөздерді тауып, белгісін қой.

Жер-байлықтың көзі,

Еңбеккер-иесінің өзі.

Ердің сыншысы-елі.

Құрамында туынды сөзі бар 3 мақалды тауып жаз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.