Қазақ тілі және әдебиеті 3 сынып 2 бөлім Әңгімелердегі «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» Таныс әңгімені баяндау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен Сынып: 3 | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З Қатысқаны: Қатыспағаны:
| ||||||||
Сабақ тақырыбы | Таныс әңгімені баяндау | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.9 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу | ||||||||
Сабақ мақсаттары | 3.1.2.1 мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау | ||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||
Сөздік қор | дәуіт,өрмелеу, ерлігіне сүйсіну. | ||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өз бетімен және жұппен жұмыс жасап, сұрақтарға жауап беріп, өз ойын еркін айтады. | ||||||||
Мектеп миссиясы мен мектеп пайымдауы және жаһандық азаматтықтың іске асуы | Қамқорлық жасаудың маңыздылығын біледі | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер | ||||||||
АКТ | Презентация | ||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қызықты оқиғалы әңгімелерді жазу мен айтуды біледі. | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақ тың жоспар ланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурс тар | |||||||
Сабақтың басы 3 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Сабақты ОМ таныстыру
|
| |||||||
Сабақ ортасы 35 минут | Кел сөйлесейік Дәуіт жыртқыш жәндік пе? Неліктен халық оны қамқоршы жәндік ре- тінде құрметтейді Болжап көрейік Суреттерге қарап, ертегі мазмұнын болжа. Әр суретке ат қой.
Мәтінді тыңда. Болжамың сәйкес келді ме? Қарлығаш пен дәуіт (Қазақ халқының ертегісі) Қарлығаш ағаштың қуысына ұя салып, балапандарымен бір- ге тұрыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдам- сыздана күтеді екен. Тыңдайық және жауап берейік Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына араша із- дейді. Ұшып көкекке барады. Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» – дейді. –Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, – дейді көкек. Қарлығаш ұшып, қарғаға келеді. –Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, – дейді жылап тұрып. Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан: – Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап одан әрі ұшады. Қарлығаш дәуітке: –Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрме- леп барады. –Олай болса, мені тезірек жеткіз, –дейді дәуіт. Қарлығаш қана- тын тосады. Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланның көзін ойып алады. Жылан сылқ етіп, жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос бо- лады. Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен. Мәтіндегі құрамында қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, көшіріп жаз. Қаратпа сөздердің астын сыз. Қай сөйлемдерді қаратпа сөзбен толықтыруға болады? Жоспарлайық Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрастыр. Мысалы: 1. Қарлығаштың ағаштың қуысына ұя салды. 2. Жазайық Жоспар бойынша ертегі мазмұнын қысқаша жаз | Оқулық Жұмыс дәптері: | |||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Рефлексия. «Алған әсерім» Не үйрендім? ... Не ұнады?... Не ұнамады? ... |
| |||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. | Әр тапсырма соңында оқушыларды бағалау іске асады | Сергіту сәті өткізіледі. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Оқудың шынайы мақсатын / мақсатының мақсаттары ма еді? Барлық оқушылар Ортақ мақсатқа жетті ме? Егер жоқ болса, неге? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізіле ме? Сабақтың уақыттық сатылары болды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? | Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||
Жалпы рейтинг Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту мен оқуды ойлап көріңіз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не көмектесе алады (оқыту мен оқуды ойлау керек)? 1: 2: Сабақ туралы сабақта не жеке оқушылардың жетістіктерімен / қиындықтарымен нені көрсеттім, кейінгі сабақтарда не іздеймін? |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру