Қазақ тілі_3 сынып_Жанды табиғат_ 4-сабақ Мәтін_Әдіст.нұсқаулық
Мұғалімге әдістемелік нұсқау
Бөлім: Тірі табиғат
Сабақ тақырыбы: 4-сабақ. Мәтін
Ресурстар: сызба, кесте, суреттер, таблицалар, түрлі түсті қарындаштар, А4 қағазы
Қауіпсіздік және денсаулық сақтау жағдайына назар аудару. Оқушылардың сынып ішінде қозғалысын тиімді ұйымдастыру қажет. Оқушылардың оқу әрекетінің түрін жүйелі алмастырып, ширату жаттығулары ұйымдастырылады.
Сабаққа қажетті теориялық материалдар
- Түсіндірме және орфографиялық сөздіктермен жұмыс ұйымдастырылады.
- Мәтін
- Сюжетті сурет
Түсіндірме сөздіктер - қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын мағлұматтық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-грамматикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді.
Сабаққа қатысты ескертпелер
«Ассоциативті қатар» әдісі
Біл әдістің ерекшелігі мәтін туралы, мәтінге тән белгілерін, білімдерін ой елегінен өткізіп, қайталату көзделген. Оқушылардың тыңдалым дағдыларын, сыни ойлауын дамыту, қызығушылығын арттыру.
Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады.
Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып тастап, сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы:мәтін, сипаттау, әңгімелеу, пайымдау, негізгі бөлім, басы, ортасы, қалай?, не істеді?, не себепті? ...
Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Оқушылар енді шағын топтарға бөлініп, ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталатындай тұжырым жасайды. Топта қорғайды. (Мұғалім оқушыларға дайын тірек сызбалар жиынтығын да ұсынуға болады.)
Көркем жазу
Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету. Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісінің бір неше нұсқалары тақтада көрсетіледі. Жазу каллиграфиясы «жақсы» оқушылардың дәптерлерін үлгі ретінде көрсетіп отыру оқушылардың көркем жазуына септігі тиеді. Сонымен қатар әріп элементтерін талапқа сай жазылуын үнемі қадағалап отыру қажет.
Суретпен жұмыс.
Суреттерге назар аудара отырып, тірек сөздерді табу. Мәтіннің негізгі ойын байқау, тақырып қою. Мәтінді ойша өрбітіп көр...Топта оқушылар пікіралмасып өз болжамдарын таныстыруы тиіс. Топ құрамындағы оқушылар бір-бірінің ойын жалғап, сөйлемді жалғастырып сөйлеу талап етіледі. Соңында оқушылар суретке байланысты айтылған тірек сөздер мен көмекші сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.
Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі
15-жаттығу. Бос торкөздерге әріптерді сан ретімен орналастырып, мәтіннің тақырыбын оқиды.
Тақырыбы мен оқулықта берілген суреттер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды. Мұғалім мәтінді оқиды. Берілген сұрақтарға жауап береді. Әр сұрақтың жауабы болатын сөздерден тірек сөздер қатарын құрайды. Мәтіннің қай түріне жататынын талқылай отырып, тірек сөздер мен көмекші сөздерді белгілейді. Сонымен қатар ертегінің құрылымдық бөліктерін анықтайды. Жұпта жазған жұмыстарын талқылап, толықтырады. Топ жұмысын таныстырады.
- Мәтіннің тақырыбын оқып, мазмұнын болжау.
- Қойылған сұрақтарға жауап беру.
- Тірек сөздер мен көмекші сөздерді топта идея алмасып, толықтыру.
- Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтау
- Мәтін түрлерін ажырата білу.
Саралау
16-жаттығу.
Тыйым сөздерді көшіріп жазады. Осы тыйым сөздерге байланысты өз ойымен бөліседі.
Оқушыларға мүмкіндігіне қарай белгіленген уақыт аралығында, яғни 2 минут ішінде тапсырманы орындауды ұсыну. Оқушылардың дәлелдеу жасауында «өйткені», «себебі», «сондықтан» көмекші сөздерін қолданып сөйлеуіне басшылық жасалады.
17-жаттығу. Орны ауысып кеткен ертегінің бөліктерін қалпына келтіріп оқиды. Ертегідегі негізгі ойға сәйкес келетін мақалды тауып жазу.
- Сақтықта қорлық жоқ.
- Қорыққанға қос көрінер.
- Жақсы сөз-жарым ырыс.
- Тыйым сөздерді көшіріп жазу
- Көмекші сөздерді пайдалана отырып, ойларын дәлелдеу
- Ертегінің бөліктерін қалпына келтіру
- Пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру, жауап беру
- Ертегідегі негізгі ойды анықтау
- Дұрыс шапшаң жазу.
- Жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы білу.
Өздік диктант. Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазып, сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсету. Жұпта өзара жұмыстарын тексеруді ұйымдастыру.
Сызбамен жұмыс
Мұғалім оқушыларды жалпы мәтіннің мазмұндық бөліктерін ажырата білуге төселдіруде, сонымен қатар мұндай мәтін бөліктері сызбасының мазмұнын нақты жоспар құрастыруда да басшылыққа алуға болады. Оқушыларға дайын тірек сызбалар жиынтығын ұсынып, сызбалар бойынша өз ойларын жүйелеуге болады. Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.
1. Топта ой бөлісіп, талқылап, А4 қағазға жазады.
2. Сынып алдында жариялайды.
Оқушылар осылайша мәтінге тән белгілерге басты назар аударып, ой тұжырым жасайды.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушылар сабақта тапсырмаларды орындау барысында белсенділік танытқан оқушыларды үлгі ретінде айтып отыру қажет. Көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсету керек. Бағалау критерийлері бойынша өзін бағалайды.
Оқушының сабақтағы оқу мақсатын толық меңгеруіне жағдай жасап, тиімді шараларды жоспарлаңыз.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру