4.Қазақ тілі_3-сынып_1-бөлім_Жанды табиғат_№13сабақ_Мәтін және оның түрлері_Әдістемелік нұсқау


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Мәтін және оның түрлері

Сабақ мақсаттары:

Ресурстар: Тақырыпқа қатысты суреттер, кестелер, смайликтер, түсіндірме сөздік, бейнежазба, флипчарттар, маркерлер, түрлі түсті қарындаштар т.б.

Қауіпсіздік және денсаулық сақтау: оқушылардың сынып ішінде қозғалысын дұрыс ұйымдастырып, қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Оқушылардың оқу әрекеті түрлерін алмастырып отыру, шаршамауын қадағалау.

Сабаққа қажетті теориялық материалдар

Ғылыми стильде жазылған мәтіндердің екі түрін қарастыру.

1. Ғылыми-танымдық мәтіндер – ғылыми тұрғыдан негізделген, деректік қоры айқындалған, оқушының таным өрісін кеңейтетін қызықты мәтіндер.

2. Түсіндірме сөздік - қатар сөздердің жазылуы мен айтылуы нормаларының ең дұрыс деген қалпын айқындай отырып, соған нақтылы түсінік беруді қарастырады.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Ребус шешу

Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Сабақ үстінде ребустарды пайдалану оқушылардың ізденушілік қабілетімен бірге белсенділігі артады. Балаларды ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейді.

Дыбыстық талдау

Дыбыстарды сөз ішінен бөліп, жеке дыбыстау қажет. Берілген сөзді өзіндік буындық және дыбыстық ерекшелігіне байланысты талдау жасау керек. Сөздердің мағынасын ашады.

Проблемалық сұрақ

Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту, өткен білімді қайта жаңғырту.

Оқушыларды топқа бөліп, талқылауға сұрақтар ұсынылады. Әрбір топ постер құрастырып, оррындаған жұмыстарын қорғайды.

Сөйлемдердің жалғасын тауып жазу

Түрлі дереккөздерден (мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алынған ақпараттарда кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын анықтауға байланысты оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. Флипчарттар, маркерлер таратылып беріледі. «ББҮ» кестесі толтырылады.

1. Дереккөздерден ақпарат іздетіледі.

2. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар іздетіледі.

3. Тақырыпқа байланысты мақалдар іздетіледі.

4. Тақырыпқа байланысты сурет салдырылады.

Топтық жұмысты бағалаудың тәртібі түсіндіріледі, үлгісі ілінеді.

Тыңдалым мәтінімен жұмыстың ерекшелігі оқушылардың тыңдалым дағдыларын дамыту, қажетті ақпаратты, тірек сөздерді анықтауға, тыңдалған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтіннің түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтай алуға дағдыландыру. Жазған жұмыстарын өзіндік бағалауға үйрету.

Тыңдалым материалынан мәлімет алу

1. Мәтінді қайта тыңдау. Мәтіннің түрін ажырату. Қызықты мәліметтерді түртіп алу.

2. Мәтін ішінен сипаттау мәтініне тән сөздер мен сөз тіркестерін теріп, көркем жазу Саралау

Оқушыларға мүмкіндігіне қарай белгіленген уақыт аралығында, яғни 1 минут ішінде бірнеше жаңа мәліметті жазуды ұсыну.

Көркем жазу

Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу үлгісі тақтада көрсетіледі. Қолдауды қажет ететін оқушыларға дәптеріне үлгі көрсету, бастырып жазуға арналған материалдар ұсыну арқылы үйрету.

Кестемен жұмыс.

1. Мәтін бойынша мәлімет алып, ой қорытындысын жасау.

2. Топ мүшелерімен ақылдасып, тақырып бойынша мәліметтерді түрлі дереккөздерден табадыі.

3. Топта өзара ақылдасып болжам жасау, дереккөздерге сүйену арқылы керекті мағлұматтарды іріктейді.

4. «ББҮ» кестесін толтырады. Өзара кері байланыс беріледі.

3. Берілген сұрақтарға топта ақылдаса отырып, жауап жазу.

4. Жұмысты жариялауда қорғауға қойылатын талаптарды толық орындай отырып жұмысты таныстыру.

Саралау

Оқушылардың оқу жылдамдығын және мәтіннің күрделілігін ескере отырып, әр топқа 1 сұрақтан бөліп беру.

Оқылым. Мәтінмен жұмыс.

1. Оқушылар жеке оқуға «Еңбекшіл құмырсқалар» мәтінін тарату.

2. Мәтінді түсініп оқу.

3. Мәтіннің түрін ажырату.

4. Мәтін ішінен сипаттау мәтініне тән сөздер мен сөз тіркестерін теріп көркем жазу. Өзін-өзі бағалау.

Саралау

Жеке оқушының ойлау және жазу жылдамдығын ескеру.

«Синквейн» әдісі

Мақсаты: Ақпаратты түйіндеу, күрделі ойларды бірнеше маңызды сөздермен, кең және қысқа сөйлемдермен жеткізу қабілетін дамытады.

  • Зат есім (не?)
  • Сын есім (қандай?)
  • Етістік (не істеді?)
  • Сөйлем
  • Мағыналас сөз.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың әр тапсырманы орындау барысындағы қол жеткізген жетістіктерін мадақтау. Оқушының өзіндік бағалауды жүзеге асыру барысында бағалаудың әділ болғандығына назар аудару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу